Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
2.0 Тренингтері

Мен компаниялар қаржыны үнемдеу салдарынан олардың қызметкерлерінің өздігінен даму мүмкіндіктері жоқ деген шағымдарды естігенде таң қаламын. Тренинг - кәсіби дамудың жалғыз әдісі деген пікірлер мені таңдандырады. Тренингтерге қатысу қымбат, көп уақыт алады және онда қандай аудитория болатындығын алдын ала ешқашан білмейсің деген сөздер мені таңдандырады. Сондықтан да,қойшы сол тренингтерді. Жұмыс көп, онда шаруамыз жоқ.

Өкінішке орай, үнемі біліктілікті жоғарлатусыз және тез өзгеріп жатқан экономикалық шынайылық жағдайында, маркетологтың нарықтық құны (және әрбір басқа маманның) тек төмендеп барады. Қазіргі кездегі жағдайларда бір жылдың ішінде-ақ уақытқа ілесе алмай кейін қалып қалуға болады.

Тренингтер - жақсы нарсе. Егер тренингті жұмыс беруші төлеп берсе, өте жақсы, бірақ бұл жағдайда қызметкерлерден жұмыс беруші сәйкес қайтарымды күтеді. Ең кереметі, тренингтер ақысыз ұйымдастырылса - ұйымдастырушы сізге қызметін сатуға тырысады және қымбат PR компанияның орнына құндылықты осындай тамаша әдіс арқылы қосқысы келеді.

Алайда сіздің қолыңыз біріншісіне де, екіншісіне де жетпесе немесе уақытыңыз болмаса, сізге керектінің барлығы - Интернет.

Сонымен, маркетолог қай жерде білім ала алады (және әрбір басқа маман да)? Бірінші бағыт - youtube.com. Cайт сізге бәлкім сауықтыру жағынан таныс шығар. Бірақ youtube-те көптеген көшбасшылық, ынталандыру және бизнес бойынша тренингтер бар. Мүмкін бейне тек қана ағылшын тілінде болар және ол бірнеше эпизодтарға бөлінер, іздеуге тура келер, бірақ білім алу оңай шаруа деп кім айтты? Және де бұл тегін емес пе.

Ұқсас және сонымен қатар мүлде өзгеше сервистің бір түрі - ted.com. Бұл қызықты және аса ақылды, бейне арқылы тегін өздерінің білімдерімен бөлісетін адамдардың, өз салалары мамандарының бірлестігі. Кәсіпкерлер, ғалымдар, белсенділер, қызықты идеялары бар адамдар. Егер тіл мәселесі сізге бөгет болса, қайғырмаңыз, ақырғы рет мен онда орыс тіліндегі нұсқаны көрдім - адамдар өз еріктерімен аударыпты!

Әрине, көптеген блогтар мен арнайы имейл таратылымдар бар. Менің маркетинг таратылымдарымның ішінде advertology.ru, sostav.ru және loyalty.info, Google Alerts (негізгі сөздер бойынша табуға болатын жаңалықтар мониторингінің тамаша сервисі) бар. Бұдан басқа мен бірнеше имейл таратылымдар мен ағылшын тіліндегі блогтарды аламын және қадағалаймын.

Кезекті вебинар сөзіне берейік (webinar= web + seminar). Вебинарлар, әдетте, тегін, белгілі компания мен қызметкерлерді/өнімдерді алға жылжытуда қолданылады, бірақ стандартты жарнаманың орнына бұл компания қызмет/ өнім / сектор бойынша білімдерімен бөліседі. Мен үнемі вебинарларга әлеуметтік желілер мен жаңа медиялар арқылы қатысамын, менің ойымша бұл саладағы ең үздік вебинарлар hubspot.com да бар.

Сонымен, егер сіз бірінші қадам жасағыңыз келсе, бірақ неден бастау керектігіне күмәндансаңыз, және сіз - маркетолог, кәсіпкер, бизнесмен болсаңыз, мен сізге Сота Годиннің кез келген кітабын оқуыңызды ұсынамын (Seth Godin). Мен оның блогын міне бірнеше жыл бақылап келемін және бұл жалғыз, өзінің ұлан ғайыр білімімен менімен (әлемдегі миллиондаған адамдармен) тегін бөліскен маркетолог шығар. Сет котлерлік негіздерден әлде қайда алыстап кеткен жаңа маркетинг туралы айтады. Сондықтан егер сіз өздігіңізден білім алу жолына бірінші қадам жасасаңыз, оның кітабын оқыңыз немесе оның блогына жазылыңыз. Маған сеніңіз - осынша білімді тегін сіз ешбір жерде ала алмайсыз.

Шынайы Сіздің,

Secret Marketer

25 ноября 2010 | Просмотров: 1 823 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді