Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Escape the City немесе банкирлікті тастау

Қаржы секторында жұмыс істеу қызықтырудан қалып барады.

Британдық қаржы секторы ең жоғары жалақы төлейтін сектор болып қалуда. Жалақылар, негізінде, дағдарысқа дейінгі жалақылардан ерекшеленбейді, дегенмен, олардың өсуі инфляциядан қалып барады. Бонустарды қайтадан бере бастады, бірақ ақырын, жабық есіктердің артында және олар өз бонустарын дәл солай жұмсайды, бірақ "City-ден келген жігіттердің" сауық кештері әлдеқайда тыныш және көзге түспейтіндей өтетін болды. Мемлекет салықтарды өсіріп, шығындарды азайтты, демек мемлекет үнемдеп жатыр. Көбінесе, қаржы дағдарысында банкирлер мен қаржы секторын кінәлайды. Әлеуметтік жағдайларда, банкир немесе қаржы секторында қызмет істеуің туралы айту ұнамсыз бола бастады - шәлгез көзқарастар мен "шайтанға сатылған жан" туралы ескертулерге тап болуың әбден мүмкін. Сондықтан банк секторы орта статистикалық британдықтың ойында шайтанға табынумен теңеледі.

Осы беталыспен қатарлас, сарқылмайтын оптимизммен және үнемі табыстың өсуін құмартатын бэбибумерлердің буыны зейнеткерлікке шығады, оларды ақырындап Х және У буындарының өкілдері алмастырады. Идеалдар өзгеріп барады. Еңбек сіңірген жылдардың, таусылмайтын табыстың және материалды игіліктің соңындағы жарыстың орнына аса терең мағыналы мәселелер келеди - өмірден тілегенім осы ма еді ( әлемдік қаржы кеңсесінің бір қалыпты "матрицалық" офисінде отыру) ? Мен әлемге не беремін, менің үлесім қандай? Мен өзімнің уақытыма тұрарлық іспен айналысып жүрмін бе? Шынымен, менің істей алатыным тек осы ғана ма?

Әрине, экзистенционалды сұрақтармен әуреленген, "жаны ауратын", "жүрегі алып ұшатын" қаржы қызметкері үшін әрқашан да sabbatical (жарты жылға немесе бір жылға созылатын және қайтып оралғанша жұмыс орны сақталатынына кепіл берілетін демалыс) сияқты вариант бар. Көбі онымен қолданады. Айналаңнан сұрастырып көрсең, жалғыз сен ғана соңғы 5 жылда жергілікті тұрғындарды асырау үшін Перудегі кедей ауылға жүгері өсіруге көмектеспеген, Оңтүстік-Шығыс Азияны о шетінен бұ шетіне дейін аралап шықпаған, Үнді мұхитында маржандарды, тасбақаларды және дельфиндерді құтқармаған сияқты сезінесің өзіңді.

Sabbatical көмектеседі, бірақ көпке дейін бе? Дегенмен, дағдарыс кезінде жұмыстарынан босатылған қаржы қызметкерлері, өздерінің жеке бастарының мысалында, өмірдің тоқтап қалмайтынын көрсетіп жатыр. Олардың тәжірибелері басқа да салаларда қолданыстарын тапты - біреулер өз бизнестерін немесе ҒӨБ ашып жатыр, біреулер мұғалімдік мамандығына ауысты, біреулер яхтсмен, біреулер бүкіл өмірінің арманын жүзеге асырып, Малауинде балалар үшін үйлер салып жатыр, біреулер жинаған қаржыларын алып саяхатқа кетіп қалды. Мүмкін олар бұрын тапқан табыстарын енді таппайтын да шығар, бірақта бұл сондай маңызды емес . Көбірек табыс тапқан сайын, көбірек шығындалатынымыз құпия емес. Керісіншесі де ақиқат. Қаржы секторында қалғандар үшін бұл елеусіз қалған жоқ. Егер мен қаржы секторынан кететін болсам, менің төлемақым харакириге ұшырайды, бірақ мен бұдан өтіп, жаныма жайлы ісіммен айналыса аламын. Ақыры өз өзімді іске асыра алармын.

Әйтеуір, қаржы секторымен, жалақы деңгейімен болмаса да, жұмыспен қанағаттану деңгейімен бәсекелесе алатын жаңа жұмыс берушілер пайда болды, дәлірек айтқанда, Google, Facebook, Ebay, Amazon және т.б. сияқты жаңа индустриялар. "Ғаламдық ақпаратты ұйымдастыру және бүкіл әлемнің оған кіруіне мүмкіндікті қамтамасыз ету" міндеті болып табылатын компанияға жұмыс істеу "акционерлердің табыстарын көтеру мақсатында сұранысқа ие қаржы өнімдерін ұсынуға" қарағанда әлдеқайда қызықтырақ.

Нәтижесінде дауншифтинг (downshifting) немесе мансапты радикалды ауыстыру - аса танымал мансаптық таңдауға айналып барады.
escapethecity.org және careershifters.co.uk сияқты сайттар (дәлірек айтқанда қоғамдастықтар) адамдарға ипотекаға сатып алған үйлерін жоғалтып алмай және жанұясы мен балаларын ара қарай асырай отырып, алтын торды оңай тастап кете беруге үйретіп, көрсетуге уәде етеді.

Осыған байланысты қаржы секторын біраз "ғұламалардың жылыстауы" күтуде. Басқа жағдайларда бұл осы секторға еш әсерін тигізбес еді. Жаңа несие картасын немесе кезекті депозитті ашу үшін, көп қиял керек емес. Қаржы саласының қызметкерлері өзара алмасымдылық. Бірақ та шарттар да өзгереді. "Дәстүрлі емес" нарық ойыншыларының қысымы көбейді, дәл сол сияқты Paypal, peer-to-peer несиелеу жүйелері, виртуалды қызметтерді төлеу жүйелері, келешекте несие карталарының орнына қолданысқа кіреді деп болжап жатқан ұялы телефондар жағынан бәсекелер пайда болды. Осы жағдайларда "креативті" ғұламалардың жылыстауы бәсекелестік пен нарықтың жоғалуына қауіп төндіреді.

Көрерміз. Бізді қызықты кезеңдер күтетінін сеземін.

Secret Marketer

26 мая 2011 | Просмотров: 1 293 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді