Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Таңғажайыптар Әлеміндегі маркетинг

Мен ендігәрі Marketing Week-ті оқымаймын - мақалалары қызықсыз, авторлары қайталана береді. Маркетингтік немесе жарнамалық блогтарды оқыған біршама қызықтырақ, мен олардың көбіне Facebook арқылы жазылғанмын.

Бірақ "Fleeing to fantasy" ("Қиял әлеміне қашу") атты Marketing Week-те жақында шыққан мақала (онымен мен блог арқылы таныстым) мені қызықтырды. Ағылшын тіліндегі нұсқасына сілтеме мынау:

http://www.marketingweek.co.uk/analysis/cover-stories/fleeing-to-fantasy/3026498.article?cmpid=MWE01&cmptype=editorial


Мақала, авторлар экономикалық баяу әлсіреудің адамдарға деген әсеріне жатқызатын, жаңа беталысқа назар аударады, атап айтқанда қиялды брендтер мен өздерінің тұтынушыларына ерекше сезінуді ұсынатын, күнделікті қамды ұмыттырып, дәстүрлі күндерге сиқырлық элементтерін енгізетін брендтер. Бұл салада кино өндірісі жетістіктерге жетті, оның дәлелі - жақында хитке айналған "Сумерки" (Twilight) вампирлер сагасы және эпикалық "Аватар", сонымен қатар жаңа "3 Д" технологиясының енгізілуі. Бейне ойындар - эскапизмнің басқа танымал түрі. Ойындар одан сайын шынайы болып барады, ойындар өндірісінің компаниялары сол оқиғаға ену әсерін барынша тәжірибелеуде. Қазіргі кезде тек приставкалар мен компьютердерде ғана емес, ұялы телефондар да ойнауға болады.

Бірақ мақалада басқа да мысалдар келтіріледі, мысалы британдық құпия кино клубы (Secret Cinema), мұнда билет сатып алушылар алдын-ала қандай кино және қайда көрсетілетінін білмейді. Көрсетілімнің алдында олар электрондық тәсілмен қай жерде болу керек және қалай киіну керек деген нұсқау алады. Көрсетілім орындары алуан түрлі. Мысалы, жақында Ватерлоо бекетінің маңында, Лондонның үнгірлерінде "Битва за Алжир" киносы көрсетілді. Көрсетілім жері 50 жылдардағы Алжирға ұқсас қылып көркемделген, абақтысы да бар. Көрермендер сәйкес киіну туралы нұсқауды алдын ала алған болатын. Қандай кино көретіндерін олар проектор айналып, алғашқы кадрлар басталғанда ғана білді.

Өзінің брендін жас және креативті қылып, қайта шығарып ұсыну мақсатын ұстанған Курвуазье коньяк бренді бірнеше жаңашыл шаралар өткізді, мысалы, жақында Лондонда болған "архитектуралық пунш", бүкіл ғимарат коньяктың пуншымен толтырылып, келушілер жемістер түрінде жасалған қайықшалармен сусында жүзіп жүрді (егер қызықтырса Courvoisier+punch+London сөздерімен Googl-дан суреттерін іздеп көріңіздер).

Мақаладан тыс та талай мысалдарды келтіруге болады. Мен үшін аса айқындары ол абыройы жылдар бойы үстем болып келе жатқан Cirque du Soleil және тек қана "бұл әлемнен емес" деп сипаттауға болатын Леди Гага. Мода - бұл да шынайылықты ұмытуға мүмкіндік беретін сиқырлық, кейпті өзгерту. Ал ең соңғы жаңалықтардан - Rubicon Group Holding-інің Акаба, Йорданда 1 млрд. долларға бағаланған курорт құрылысының басталуы туралы хабарлама болды. Курорт "бұл Әлемнен емес" деп сипатталады және оқиғасы 23 ғасырда өтетін ғылыми-фантастикалық Star Trek топтамасы нақышында салынады. Мысалдар көп, мағынасы бір - қиял бренді бұл әрқашан сезіну, оқиға, қиялмен, креативпен байланысты перформанс, бұл клубтың, тәнділіктің идеясы, бұл жай ғана тұтынушылардан гөрі жанкүйерлер, жолын қуушылар.

Технология - маркетологтардың жағында. Егер сіз өзгерген шынайылықтың қосымшаларын (augmented reality applications) көрген немесе қолданып көрген болсаңыз, қазірдің өзінде мүмкін болатын нәрсені елестете аласыз. AR (augmented reality) кодтары алдыңғы қатарлы компаниялармен, әсіресе мода және электроника секторында қолданылып жатыр. Соңғы қызықты кіші және орта бизнестегі қолдану мысалын Google-де

mashable+augmented+reality+business+cards сөздерін теріп табуға болады.


Экономикалық әлсіреу - байқау эскапизмінің қиял әлеміне басты себебі деген көпшілік мақұлдаған көзқараспен келіспеуге болады. Қайткенмен де сиқырлық бізді әрқашан да арбаған емес пе. Экономикалық әлсіреу мен вампирлер жайлы оқиғаларға деген қызығушылықтың өсуі арасында тәуелділіктің бар екендігін көрсететін зерттеулер бар екендігі рас (мысалы, соңғы 2-3 жылдың өзінде ғана Голливуд пен ТВ өндірісінде осы тақырыпта бірқатар кинолар мен ТВ өнімдері шығарылды). Дегенмен, мен қиял өндірісінің өсуінің негізгі себебін жас буыннын алға баусында және атап айтқанда жаңа тұтынушы аудиториясының - Х және У буыны өкілдерінің талғамының өзгеруінде көремін.

Ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар тақырыбы мені қаншалықты қызықтырса да, бұл басқа материалдың тақырыбы. Қаржы өнімдерінің маркетинг әлеміне қайта оралсам, мен үшін банк және сақтандыру компаниясы сияқты қаржы ұйымы қиял тақырыбын қалай қолдана алатындығы қызықты. Несие мен депозиттің ертегілік кейіпкер мен вампирлер сияқты соншалықты еліктіргіш емес екендігі түсінікті. Қаржы өнімі өздігінен күрделі, зеріктіргіш, тұтынушыдан миының рационалды бөлігін қолдануды талап етеді, шынайылық көбінесе тұтынушы үшін қанағаттанарлықсыз тәжірибе - сиқырлық пен қиял әлемін былай қоя тұрып. Кейбір инновациялық қаржы ұйымдар клиенттермен өзара әрекеттестікке сиқырлық элементтерін енгізе алатын жаңа технологиялармен эксперимент жасайды, оған мысал - өздерінің клиенттеріне Twitter арқылы қызмет көрсететін американдық және британдық банктер қатары (сұрақтар қойып, ұялы телефондардан жауап алуға болады), Facebook-тағы австралиялық банкінің виртуалды бөлімшесі немесе американдық несие ұйымының виртуалды филиалы, онда операционистер жоқ, клиенттеріне қызмет Skype тәрізді бейне арқылы көрсетіледі.

Тағы бір сала - бұл креативті алға жылжу. Айқын мысалдар әлі кездеспеді, өйткені, менің ойымша, қаржы секторына алдымен жай ғана жігерленіп, күлімдеп, тіпті есерлену керек. Байыптылықтың бетпердесін ашу және трагедия-драмалық дағдарыстан кейінгі қалпын ауыстыру керек. Мүмкіншіліктер сансыз - қиялды брендтармен байланысты ассоциациялардан қиялды элементтер мен кейіпкерлерді қолданудан соңғы "таңғажайып" технологияларды еңгізуге дейін. Ең соңында өнім жайлы. Мұнда аса улкен таңдау жоқ, әсіресе карталық төлемдер секторында - дәстүрлі емес ойыншылар және мобильді операторлар, төлем инфрақұрылымының енгізілуінің прогресіне және ұялы телефондарының төлем пунктарына итермелейді. Банктер дәстүрлі 2Д пластигінен басқа өнімдер жайлы ойлануға мәжбүр болады. Сондықтан, мырзалар каржы маркетологтар, сіздер өздеріңізді қашан соңғы рет сиқыршы болып сезіндіңіздер? Сіздердің тұтынушыларыңыз сиқырлықты талап етеді.

Secret Marketer

14 июня 2011 | Просмотров: 2 054 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді