Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Қызықты цифрлар

Бөлшектік банк нарығында, әсіресе несие карталарымен жұмыс істейтіндер, ресейлік қаржы зерттеулер бойынша Ұлттық агенттіктің "Ресейліктердің 71 пайызы несие карталарын алудан бас тартар еді" атты тақырыппен БАҚ-да жарияланған бүкілресейлік қаржы зерттеулерінің нәтижелерін байқаған болар.

Атап айтқанда, 2011 жылдың сәуірінде ҚЗҰА Ресейдің 42 аймағындағы 140 елді мекенінен 1600 адамды сауалнамадан өткізді. Ары қарай қысқаша баспасөз релизін келтіремін. Егер де банктен несие картасын ашу ұсынысы түсіп жатса, ресейліктердің көбі (71 %) ол ұсыныстан бас тартар еді. Тұрғындардың 15 % құптар еді, 7% бұрыннан несие карталарының иегерлері екен. Несие картасын ашудан бас тартудың кеңінен таралған келесі себептері бар: ақшаны несиеге алудың қажеті жоқ және жеткілікті еңбекақы деңгейі бар (ресейліктердің 1/3 бөлігі), несие карталарының несие мөлшерлемелері тым жоғары (17%), 11 % несиені тіптен алмайды, 9 % несие карталарынан бас тартуларының себебі қарызды қайтаратын жеткілікті қаражаттың жоқтығында. Банкке деген сенімсіздік несие карталарын ашудан ресейліктердің 8 % тежейді. Сауалнамаға жауап берушілердің 18 % несие карталарын ашуға қатысты банктің ұсынысынан бас тартуларын түсіндіре алмады.

71 % - бұл көп. Бұл Ресейдің несие-карталық ұйымдарын ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын білдіреді. Қызықтыратыны, несие карталарынан бас тарту себептері бойынша тұрғындар топтарының сараланымы құрылғандығы. Ресейліктердің 1/3 бөлігі несие карталарын мұктаж адамдардың несібесі деп санайтын сияқты. Бұл топты біз "қамтамасыз етілген дәстүрлілер" деп атай аламыз. Ресейліктердің 17 % несие карталарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері үшін оны қымбат өнім деп санайды. Оларды біз "экономистер" деп айтуымызға болады. Соның ішінде ресейліктердің 11 % негізінде несиеге қарсы ("несиеден аулақ жүрушілер"), ал 9 % өздерін несие карталарын ашуға жағдайлары жоқ деп санайды ("non banable" немесе "мақсатты емес"), 8 % банкке сенімді емес ("қарсы ниеттенгендер").

ҚЗҰА тәрізді ұйымы жоқ Қазақстанның несие карталары нарығында бұл сандарды қалай қолдануға болады? Қазақстанның несие карталары нарығы ресейлік нарықтың сараланымын қайталайды деп болжайық (ал тәжірибе болса оның дәл солай екендігін көрсетеді). Жоғарыда келтірілген сегменттермен банктер қалай жұмыс істей алатындығын талқыламас бұрын, цифрларға назар аударайық - ҚЗҰА зерттеулерінің нәтижелері Қазақстандағы несие карталары нарығының әлеуеті үшін нені білдіруі мүмкін. Төмендегі барлық есептеулер бағалауыш сипатта болып келеді.

2011 жылдың шілде айына қарағандағы Қазақстанның жалпы тұрғындарының саны 15,522,373 адамды құрайды (АҚШ ОББ цифрлары қолданылады
https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/kz.html).
Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы тұрғындар саны 3,029,000 және 65 және одан жоғары жастағылар саны 1,085,566 адамды құрайды. Бұл екі топты алып тастаймыз, өйткені Қазақстанда кредит карталарын алу мүмкіндіктері болу үшін 24 - 64 (11,406,807) жас аралығындағы топқа кіру керек. Оның ішінде Қазақстанда жұмысы бар тұрғындардың жалпы саны 8,718,000 адамды құрайды (жұмыссыз азаматтардың несие карталарын алуға мүмкіндіктері жоқ екендігі белгілі). Қазақстанда жұмысқа орналасқан тұрғындардың едәуір бөлігін 20-24 жастағы адамдар құрай алатындықтан, 24-64 жасаралық тобы адамдар саны арасалмақ коэффициентін жалпы тұрғындар санын (56%) жұмысқа орналасқан тұрғындар санына қатысты қолданамыз. Жұмысқа орналасқан тұрғындардың жалпы санынан 6,387,811 адам 24-64 жас аралығындағы топқа кіреді және несие картасын алуға мүмкіндіктері бар.

Қазақстанда қала тұрғындарының коэффициенті 59 % немесе 24-64 жастағы жұмысқа орналасқан тұрғындар санының 3,768,809 құрайды. Қазақстанда несие картасына өтініш беру рәсімі күрделі екендігін және банктердің қатаң несие-бағалауыш моделдерін есепке ала отырып, несие картасын құптаудың орташа коэффициентіне 50 % алуға болады (яғни несие картасына берілген барлық өтініштердің тек жартысына ғана келісім беріледі). Ондай жағдайда, бүкіл Қазақстан тұрғындарынан несие карталарын 1,884,404 адам немесе тұрғындардың 10 % астамы ала алады (немесе қолдарында бар).

Ары қарай ресейлік статистиканы қолданамыз. Егер 1,884,404 адамның 7 % несие карталары бар болса, бұл менің Қазақстандағы несие карталары нарығы көлемінің ертеректегі бағалауыма сәйкес келеді (150000 - 350000 карталар). Егер 1,884,404 адамның 15 % несие карталарын қалай дегенмен де ашуға дайын болса, бұл Қазақстанда несие карталарын ұсынатын банктердің негізгі мақсатты аудиториясы болатын, 282,660 адамнан тұратын топ болып табылады. Бірақ 282,660 адам - бұл өте тар нарық, ол қазір жоқ та шығар. Сондықтан, несие карталарын Қазақстанда шығаратын және бұл өнімді стратегиялық деп санайтын банктер, қамтамасыз етілген дәстүрлілер, экономистер, несиеден аулақ жүрушілер, несиеге қарсы ниеттелгендер сияқты сегменттермен жұмыс істеуге қызығушылық танытуы керек. Соңғы екі сегмент банктер үшін табысы және күш - жігер талап ететіндігі жағынан қызықтырмас. Бірінші сегмент әлдеқайда қызықтырақ. Алайда, мұнда, ресей нарығының спецификасын есепке ала отыру керек - тарихи ресейлік банктер несие карталарын тұтынушылық немесе альтернативті өнім деп сатқан. Нәтижесінде ресейліктердің көбі несие карталарын әлі күнге дейін тұтынушылық несие сияқты қолданады - картадан барлық ақшаны шешіп алып, қарызды ай сайын бірдей көлемде қайтарып отырады. Осыдан кейін болар бұл өнім жеткілікті қаражаттары жоқтарға арналған өнім деп қабылданады.

"Қамтамасыз етілген" сегментпен жұмыс істеудің ең ықтимал тактикасы - ағарту,түсіндіру яғни, несие картасы мұқтаж адамдардың несібесі емес және бұл қаржыны қарызға алғаннан гөрі қаржыны басқару деген мәліметті жеткізу (
http://bizmedia.kz/master_class/149-kreditnaja-karta-kak-sredstvo-jekonomii.html сілтемені қара). Маңызды мәлімет - несиеге алынған банк қаржыларын жұмсауға болғанда, жеке ақшаңды ұстаудың не керегі бар, өз қаражатыңды басқа мақсаттарға (мысалы, жинақтауыш депозиті) жұмсап, ай сайын несиені несие картасы бойынша төлеп және осылайша банкке пайыздарды төлемеу керек.

Несиеден аулақ жүрушілер сегменті шын мәнінде ресейлік және қазақстандық құбылыс емес - ол кеңес кезеңінен кейінгі елдерде кеңінен таралған, мүмкін бұл ұқыптылыққа аса көңіл аударған және несиеге өмір сүру танымал болмаған кеңестік мұра болар. Батыс елдерде бұл сегмент үшін (Батыста оны "шығындарды бақылап отыратындар" деп атайды) арнайы карталық өнім бар - charge картасы, кеңестен кейінгі кеңістікте ол өз жалғасын таппады. Карта несие картасы сияқты қызмет атқарады және карта иесі банк қаражатын жұмсайды, бірақ жұмсалған шығындарды әр айдың соңында өтеп отыруы керек - осылайша жұмсалған қаражатқа бақылау жасалынып отырады (ал несие картасы болса шығындарды біртіндеп өтеп отыруға рұқсат етеді, бұл әлде қайда қымбатырақ). Мүмкін, Ресей мен Қазақстандағы банктерге осы аудитория үшін буданды (дебет пен кредиттің арасындағы) өнімді шығару керек шығар. Немесе ағарту бағдарламаларының жұмысы алға басуы мүмкін - жұмсалуына байланысты несие картасы міндетті түрде қарыз болып саналмайды.

Ең соңында экономистер. Бұл аудитория ақша санайды (және дұрыс істейді) және артық бағаланған банк өнімдері үшін төлемейді. Қазақстандық банктер бұл аудиторияны елемеулеріне (12 % бұл аз емес) немесе оларға төмен - табысты дебеттік карталар ұсынуларына болады (қазіргі жағдай сияқты) немесе VIP бағытындағы Gold және Platinum карталары ұсынысынан бас тартуларына болады және ақыры осы аудитория үшін бәсекелесті пайыздық мөлшерлемелері бар, жылдық комиссиясыз немесе төмен комиссиялармен, шынайы жақсы бағдарламалары бар несие - карталық өнімдерін (cashback, балдар) шығаруларына болады.

Осылайша, біз Қазақстанда несие карталарын алу критерияларына сәйкес келетін тұрғындардың 15 % жұмыс істеудің орнына, қазақстандық банктер қазірде несиені мұқтаждардың несібесі деп санайтын, банк өнімдерін асыра бағаланған деп санайтын немесе шығындарды бақылағысы келетіндіктен несиеден аулақ жүретін шын мәнінде 1,884,404 адамның тағы да 40 % дейін конвертациялауына болатындығын көрсеттік. Бұл нарықтың және оның сегменттерінің талдауын, сонымен қатар мақсатты аудиторияны құру бойынша және оларға қажет қызықты өнімдерді ұсыну бойынша керемет маркетинг жұмысын қажет етеді.

Secret Marketer

29 августа 2011 | Просмотров: 1 705 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді