Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Даналықтың бәрі қарапайым... бірақ табысты емес

Студенттік шағымызда бізді KISS (Keep IT Simple, Stupid) тәрізді батыс менеджментінің концепциясымен таныстырғаны есімде және ең күшті шешімдер мен өнімдер іс жүзінде өте қарапайым деп айтатын. Мұның қисыны бар.

Стив Джобстың өнімдері бекер танымал емес - керексізді жеңілдету және одан құтылу қарапайымдылыққа дейін жеткізілген. Пернетақта күрделі болғандықтан оны саусаққа ауыстырайық. Бірнеше бөліктерден тұратын үлкен компьютер күрделі болғандықтан оны шағын ыңғайлы планшетке ауыстырайық. Ауыр операциялық жүйе күрделі болғандықтан оны білінбейтін оперативті жүйеге ауыстырайық. Немесe Google Chrome браузері жаңалықтардың тақырыптарына сенсек, тұтынушылардың саны жағынан Internet Explorer-ді озып өтпек. Мен де бұл сәтті Internet Explorer-ді оның күрделілігі, тұрақсыздығы және проблемалылығы үшін жақтыртпайтын адамзаттың жартысымен асыға күтемін. Chromмен бірге "қарапайым" сөзі қатар жүреді, мысалы "қолданыста қарапайым" деген сияқты.

Мысалдар өте көп. Бұл айқын ақиқат тәрізді - егер күрделінің орнына қарапайым және түсінікті өнімді ойлап тапсаң, адамдар сенің артыңнан ереді. Алайда, менің байқауымша, соңғы кездері барлығы айтарлықтай оңай емес. Батыс менеджменті даналықтың қарапайымдылығын асыра мақтай алады, бірақ мұнда дәл осы қағиданы ұстана отырып, өзінің пайдалылығын сақтайтын нарық - ол қаржы нарығы.

Әрине, қаржы өнімдерін құқық және қауіп-қатер салдарынан күрделі деуге болады. Бұл шындық.

Алайда қаржы өнімдерінің көбі шеттен тыс күрделі. Оны Британиядан басқа ешбір жерде жақсы түсіне алмайсың. Мұнда қаржы өнімдерінің күрделілігі нарықтың ірі ойыншыларының пайдалылығына және субсекторлардың біршамасына негізделеді , олардың тіршілік етуі дәл сол өнімдердің күрделілігінің арқасында ғана мүмкін. Қатардағы қарапайым қаржы өнімдерінің тұтынушысы өзін миллионермін деп байлылығының арқасында емес, "қалың термен" табылған қаржыны басқару қиындығының салдарынан сезінеді. Мұны өздігіңізден түсініп көріңіз, мысалға зейнеткерлікті алайық. Немесе жынақтауыш шоттары, әсіресе бағалы қағаздармен байланысты істерде. Ипотека нарығын ипотекалық брокердің көмегінсіз талдап көріңіз. Ал енді ипотеканы, зейнетақыны, инвестиция т.б., қоса алғандағы өзіңіздің қаржылық жалпы сипаттамаңызды құрастырып көріңіз.

Мен бұл мүмкін емес демеймін, әбден мүмкін, бірақ бұл үшін өте көп уақыт, аналитикалық дағдылар, қаржы өнімдері жайлы жақсы білім және темірдей шыдамдық керек. Мені мысалы жергілікті салық органының "қол жетімді" және "түсінікті" HMRC сайтын оқу ең қатты торығуға ұшыратады. Мұнда қаржы кеңесшілері кәсіпорнының бар болуы таңқаларлық емес (олардың қызметі сағатына бірнеше жүз фунт тұрады). Өздігінше бұл ну тоғайдан шығу өте қиын.

Көптеген британдықтар өздерінің зейнетақы салымдарына қолдарын сілтеп тастағандары таңқаларлық емес - зейнетақы өзінің күрделілігі жағынан да түсініксіз, ақшаны жоғалтып алудың қатері өте көп, өйткені зейнетақы қорлары ол ақшаны күрделі, түсініксіз қаржы құралдарына салады. "Кеңесшілер" де бар, оларсыз тиімді жинақтаушы шотын таңдау өте қиын, бірақ та ол кеңесшілер сыйақыларын қатерлі өнімдерді сатқаны үшін алады, демек олар сізге дәл соны сатуға тырысады.

Дағдарысқа дейінгі кездері қаржы өнімдерінің тұтынушысына қаржы өнімдерімен қатар жүретін мәтін шарттары үйіліп тасталса да ол жайбарақат жүрді. Барлығы да табысты және қатерлер де төменірек болды. Ал қазір бәрі өзгеше. Инфляция өсіп жатыр, салықтар, бағалар өсіп жатыр, ал жалақы өзгеріссіз қалыпта. Халық өзі қолына калькулятор алып банктің көшірмелерімен танысып жүр. Басқа амал жоқ, өздігінще қаржы кеңесшісі болуға тура келеді. Нәтижесі - британдық басылымдарда өнімдер мен секторлар құрылымын жеңілдетуге, қатерлі өнімдер үшін сыйақы төлеу құрылымын алып тастауға және тағы басқаға үндейтін мақалалар өте көп - ауада американдық Occupy Wall Street қозғалысының рухы айналып жүр.

Мұны мен не үшін айтып отырмын. Егер де қандай да бір шетелдік адам сізге тәккапарланып қазақстандық бөлшектік қаржы секторы күрделілігі жағынан батысқа жетуі үшін әлі өсуі керек десе, "Құдайға шүкір!" деңіз. Өте жақсы дамыған, бірақ қаржы ойыншылары тұтынушылардың арқасында пайда табатын, ал тұтынушылар соның салдарынан зардап шегетін күрделілік керек емес.
Қаржы секторындағы қарапайымдылық - тұтынушының амандығының кепілі. Ал мен өзімнің зейнетақымды Қазақстанда сақтап қаламын - өйткені ол британдықпен салыстырғанда жақсы қарқынмен өсіп жатыр және менің қаражатым қайда салынып жатқанын оңай түсінемін. Бізде бәрі оңай. Британияға келетін болсақ, Amazon-ға кіріп, білім алу мақсатында өзіме өзім қалай кеңесші бола алатыным жайлы кітап сатып аламын. Мен 600 фунтты менің қаржы жағдайыма талдау жасайтын "маманға" төлеуден бас тартамын. Оны талдаудың қажеті де жоқ, онсыз да менің қаржымның мәз еместігін білемін.

Secret Marketer

22 января 2012 | Просмотров: 1 226 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді