Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Жаңа өнеркәсіптік революция немесе армандар орындалады

Мен Star Trek-те аса хабардар адам емеспін, бірақ репликатор идеясы маған ұнайды, ол қысқа толқынды пеш тәрізді, ештеңе жасаудың қажетінсіз жоқ нәрседен тағам даярлауға болады. Мұндай репликаторлар шынайы өмірде пайда болса, мен өзімнің ас үйімді гардеробқа жабдықтап, өзгертер едім. Shapeways, Kickstarter және Quirky тәрізді бірлестіктер бізді осы бағытта жылжытады.

"Экономисттің" жақында шыққан санында Shapeways және Quirky-ге арналған "Бірлескен өндіріс. Ал енді біз біргеміз. Краудсорсингтің жағымды жақтары" атты мақала шықты. Бұл мақалада автор өнеркәсіптік революция жайлы сүйсіне жазады, сіздің армандаған затыңызда мысалы, Made in Chinaның орнына Made by Me деп тұрса дейді. Бірлескен өнеркәсіп - бұқаралық өнеркәсіптің антиподы. Бұқаралық өнеркәсіп - бұл тонналар, кубометрлер, контейнерлер, жүк машиналары. Бірлескен өнеркәсіп - эксклюзив және бір даналық тираждар. Бұл, мысалы, білезікке тағатын Амекс картасы сияқты әшекей салпыншақсыз өмір сүре алмайтыныңызды түсініп, бүкіл интернеттен іздегеніңізді таба алмағаныңызға ұқсайды. Бұрынырақ сіз осы затты өмір бойы армандап өтер едіңіз. Ал қазір Shapeways бар (көптеген сайттар бар, оларды іздеп таба аласыз).

Shapeways-ді нью - йорктіктер тобы құрған, олар 3D принтерін (заттарды, тағамды да басып шығаратын принтер) сатып алып, "өнеркәсіпті демократизациялауға, оны қол жетімді, жеке және жігерлендіретін" етіп жасауды ұйғарды. Бір сайт, мыңдаған керемет мақалалар арқылы және 4 жылдан кейін Shapeways жаңа өнеркәсіптік революцияның қозғаушысы бола алады. Бәрі де оп - оңай - сіз өмірде жоқ нәрсені немесе бар нәрсенің өзгертілген нұсқасын иелене аласыз. Shapeways сайтында сіз сызба сызасыз, қарапайым заттар үшін екі өлшемді, күрделі заттар үшін үш өлшемді (3D), ұсынылған материалдардың ішінен материал таңдайсыз (алтындалған құрыштан әр-түрлі пластикке дейін), заттың көлемін айтасыз, бағалау құнын тексересіз, оны төлеп қойып, тосасыз. UPS атшабары затыңызды жеткізіп береді, қызмет қымбат болғанмен кепілді. Менің білезігімнің әшекей салпыншағы өте жақсы шықты, бірақ ұзындығы ғана біраз ыңғайсыздандырады, әшекей салпыншақтың орнына кілттерге арналған салпыншақ болып шықты. Қуанышымда шек болмады. Келешекте ұзындығын өзгертіп, әшекей салпыншаққа қайта тапсырыс беремін. Сонымен қатар ауған қазыналарынан жасалған тәждің кішірейтілген көшірмесін жасаймын және кішкентай ұлымның келешек суреттерін үш өлшемді кәдесыйлар тәрізді қылып шығарамын. Егер де менің әшекей салпыншағымның дизайнын көргіңіз келсе Shapeways сайтында "amex" сөзімен іздеңіз. Рахаттаныңыз J.

Quirky - Shapewaysбен тектес болса да, коммерциялық, бұқаралық концепция. Айтарлық, сіз айпадтың астына қойылатын керемет сүйемел ойлап таптыңыз, ол оны вертикальды қалыпта жазық беттерде ғана емес, төсекте және басқа да жерлерде ұстап тұра алады. Егер сіз оны бұрынырақ ойлап шығармақ болғанда, оны шағын тиражда жасауға дайын зауытты іздеумен, оның тасымалдауымен, сақталуымен, ритейлерге сатылуымен айналысар едіңіз. Ал қазір сіз дизайнды Quirky-ге қоясыз, егер де сол дизайн үшін қажетті адам саны дауыс берсе, Quirky-дегі жігіттер оның өндірілуін (принтлерде, АҚШта), маркетингті, өздерінің интернет дүкендерінде дайын өнімнің және ірі ритейлерде сатылуын ұйымдастырады. Олардың сайтына кіріп, қазірдің өзінде не ойлап шығарғандарын көріңіз, "неге осыны біреу ойлап шығармады екен" деген сұрақ туындаған сайын өз идеяларыңызды жазып бастай беріңіз.

Kickstarter, (дәлме - дәл мәні "іске қосу") менің ойымша, бірлескен өнеркәсіптің немесе краудсорсингтің (дәлме - дәл мәні "топпен ойлап табылған") тәжіндегі гауһар тас. Kickstarter-де бірлескен өнеркәсіп бірлескен қаржыландырумен тығыз байланысқан, онда Shapeways және Quirky-де сияқты физикалық заттар тұрғысынан шектеулер жоқ. Сіз фильм түсірмек болдыңыз дерлік. Немесе альбом шығармақ болдыңыз. Немесе сіз жаңа журнал шығарғыңыз келетін журналистсіз. Немесе керемет өнер туындысын салғысы келетін суретшісіз. Сізде белгілі жоба бар. Ол жоба әлемге керек екендігіне сенімдісіз. Сізге қаржыландыру қажет. Kickstarter - әлемді сіздің жобаңыз жайлы хабардар ететін тұғырнама, егер де әлем жобаны қабылдаса, сіз бірталдап ақша жинап оны жүзеге асыра аласыз. Инвесторларға бұл жағдайда әлдебір эксклюзив беріледі, айталық ірі инвестиция үшін олар өздері қаржыландырған фильмге түсе алады, азырақ инвестиция үшін режиссердің қолтаңбасы бар футболкаға иеленеді. Айтақшы, биыл Трибек кинофестивалінде осылайша қаржыландырылған бірнеше фильмдер көрсетілді, бірнеше музыкалық альбомдар жарыққа шықты. Kickstarter - бұл күш. Продюссерлердің де, демеушілердің де керегі жоқ.

Kickstarter-де мені американдық суретші Лора Гринголдтың For you and yours арт жобасы қызықтырады. Оның айтуынша, бір нірсені суретке сала беру жалықтырады, ол шығармашылыққа ерік беруді ұйғарды, Kickstarter аудиториясына сюжет ұсыну жайлы шешім берді. 55 ш.б.-ке мен "түсті" (ол ең жарқын немесе есте сақталған түс) және 35 ш.б.-ке "тілек" (Басховскийдің "Сад удовольствий" үзіндісінің китч нұсқасын шығарғым келеді) сатып алдым. Басқа да варианттар болды.

Kickstarterде қазақстандық жабалар бар ма екен? Барып көрейін...

Secret Marketer

23 мая 2012 | Просмотров: 1 197 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді