Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Заң үшін қажет заң

Мен әлі күнге дейін қазақстандық бөлшектік несие тұтынушысы үшін және әсіресе несиелік карта тұтынушысы үшін ұайымдаймын, дәлірек айтқанда қарапайым қазақстандыққа несие картасын ашу үшін қаншама құжат жинау керек.

Құжаттар жинағы заңмен регламенттелінеді, соның ішінде көптеген құжаттарды әртүрлі мемлекеттік инстанциялардан жинау керек, тұтынушыларды тез бағалау мақсатында банктер қолданатын несие бюросы көмектесе алмайды, сондықтан несие картасын ашу 1-2 айға дейін созылуы таңқаларлық емес.
Қазақстандағы несие карталары саны бойынша біз әлемдік нарықтан әлде қайда арттамыз, көршілес Ресейдің өзінен де, ал нарық тоқырап дамымайды - нарықта 1-2 әуе кобренд карталары ғана бар, олардың актив қоржыны 20000 данадан аспайтын шығар, тек бір банкте ғана азды - көпті қалыпты бағдарлама бар, нарықта бір ғана cashback картасы бар.

Мәселе нарықтың көлемі мен тұрғындардың санында емес екендігіне мен сенемін. Ресейде несие картасын ашу үшін төлқұжат пен 1-2 тұрғылықты мекен жай мен табысты растайтын құжаттар қажет. Қазақстанда бұл үшін оншақты құжаттар жиынтығы керек. Неліктен? Осы сұрақ маған маза бермейді.
Жақында ресейлік Хоум Кредит Банкі лездік несие карталарын шығаратындығын жариялады. Тұтынушылардан төлқұжат қана талап етіледі. Қосымша 2 құжатты ұсыну арқылы пайыздық мөлшерлеме мен комиссияларды төмендетуге,несиелік лимитті өсіруге болады. ХКБ несиелік карталар бойынша қауіп - қатерлерді басқарудағы тиімді жүйені тапты - карта ашуды барынша жеңілдетіп, қауіп -қатерлерді өнім бойынша қаржылық шарттар арқылы бақылау.

Енді осы шаралар Қазақстанда мүмкін болса деп елестетіңіз.

Бірақ бастапқы сұрағымызға қайта оралайық - құжаттардың саны жағынан неге үлкен айырмашылық бар? Несие алушылардың жағынан алаяқтылықтың орын алуы ма? Ия, ол солай, бірақ менің ойымша, көбінесе тұтынушылық несие мен ипотекаға қатысты несиелер бойынша, несиелік карталар бойынша емес, өйткені оларда сома көлемі тым аз және несие бір жолғы емес. Біздің банктік заңымыз ресейліктен озып кеткені ме? Мұны мен жиі естимін. Алайда банктік заң сонымен қатар банктерге бизнес жасауға қолдау көрсетуі керек. Қазақстандық банктерді дербес ала отырып, олардан озық тұрған, несие карталары нарығындағы көшбасшы Русский Стандарт Банкінің веб сайтына кіріп, несие карталарының сұрыпталымын көрудің өзі - ақ жеткілікті. Осы тұрғыда озып кету жайлы сөз қозғау мүмкін емес. Әлде "жаман несиелердің" банк секторында төмендетілуі ме? Бұл ең қисынды себеп. Бірақ статистикаға назар аударайық.

Гуглдегі 10 минуттық іздеу нәтижесі бойынша "жаман қарыздардың" Қазақстан банктерінің бөлшектік портфелі бойынша 25 % және одан да жоғары деген эксперттік баға беріледі. Ресейде бұл көрсеткіш Орталық Банктің бағалауы бойынша 4 %-дан, эксперттердің бағалауы бойынша 10 %-ға дейін өзгереді. Сандарда айырмашылық болуы мүмкін, мәселенің мәнісі - "жаман қарыздардың" Ресейдегі деңгейі қазақстандықтан төмен болмаса, көпке жоғары емес. Демек, несие картасын ашуға қажет құжаттардың ұзақ тізімі "жаман қарыздардың" көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелмейді. Оның орнына ол нарықтың тоқырауына, несие алушы үшін тиімді ұсыныстардың болмауына және тұрғындардың несие карталарын мақсатты қолдануға ынталандырмауға, яғни бөлшектік саудада, бұл өз тарапынан қосалқы төлемдердің көлегейлеулеріне және нарықтың бәсекеге қабілетті болмауына әкелеп соқтырады.

Менің ойымша, бұл шетел банктерінің Қазақстан нарығында бөлшектік нарықта айтарлықтай табыстарды көрсетпеудің бір себебі - несие картасы бөлшектік банкингтің негізгі құралдарының бірі, ал оны ашу үшін бір ай бойы әртүрлі инстанциялардан қағаз жинап, экономикадағы ресми табысын көрсету керек, ал ресми табыстарын тұрғындардың көбі жасырын ұстайды, бұл жағдайда оны дамыту мүмкін емес. Банктік заң бұл мәселелерді есепке алып, қарапайым тұтынушы мен банктерге қолдау көрсетуі тиіс. Қазақстанда заң несие карталары нарығындағы заң үшін, біз дамыған елдерден мүлде алшақтап қалмай тұрғанда, ескіріп қалады деп үміттенеміз.

Secret Marketer

19 сентября 2012 | Просмотров: 968 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді