Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Бішкекте қызықты болды

Даму саясаты институты мен Қырғызстанның Халықаралық жеке меншік кәсіпкерлік Орталығы ұйымдастырған "Экономикалық журналистика нарықтық экономика дамуының факторы мен индикаторы ретінде" атты халықаралық конференция, алғашында американдық салық төлеушілердің қаражаттарына ұйымдастырылған конференция, күтпеген жерден өте қызықты өтті. Конференцияға Қырғызстаннан, Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Беларустен, Ресейден, Грузия мен Украинадан 130 журналистер мен сарапшылар, Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Алматыдан, Директорлар институтының кеңсесінен аталмыш институт бастығы Сергей Филинмен және қазақстандық өкілдер тобымен Бішкектен жіберілген шағын автобуспен біз жолға шықтық. Кеденнен түн ортасында біз бір жарым сағат ішінде өттік. Бішкектің қонақ үйлерінде бос орындар аз болғандықтан бізді үш адамнан үш қонақ үйге жайғастырды. Қалада расында да бірнеше спорттық, қоғамдық шаралар өтіп жатыр екен. Ал ереуілшілер болған жоқ, олар елдің оңтүстігі мен Ошта ереуілге шығып жатыр деді бішкектіктер.

Конференциядан алған әсер.

Біріншісі: Қырғызстанда журналистермен көбірек санасады.

Президент аппаратының қаржы-несие саясаты мен қаржы мониторингі бөлім меңгерушісі Нұрсулу Ахметова өз сөзінде несие алушылардың сауатсыздығы мен қырғыз ресурстарында тек ақша табу үшін емес, сонымен қатар жұмыс орындарын ашып, салық төлейтін инвесторлардың жағдайлары жайлы баяндады. Тұрғындардың инвесторларға сенім арту проблемасы Қырғызстан үшін айқын екендігі мәлім болды. Бұл проблеманың шешімінде олар БАҚна үміт артады.

Екінші әсер: біз өзіміздің ділділігімізді, бизнес пен кәсіпкерлерге қатынасымыз, өмір жағдайларымыз жағынан әлі де ұқсаспыз, дегенмен де айырмашылығымыз бар. Қазақстандықтар, украиндықтар, ресейліктер мен грузиндерге кәсіпкерлер экономиканың іргесі екендігін, ал ұлттық компанияларға әлеуметтік бақылау керектігін дәлелдеудің қажеті жоқ.

Беларустық қатысушылар "пропрезиденттік кәсіпкердің" жағымды бейнесі жайлы сөз қозғады, ал тәжіктер мен түркмендіктер еш нәрсемен бөліспеді. Ал автобуспен конференция өту орнына бара жатқанда Тәжікстаннан келген журналист оның журналистикамен айналасуын жұмыс істемейтін көршілері сөгетінін, ал юбкасының ұзындығы барған сайын ұзындап келе жатқанын айтты.

Үшінші әсер, аса жағымды емес: конференцияның бірінші күнінде сөз сөйлеген институттар, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері "журналистер міндетті" деп жиі қайталап жатты. БАҚ тұрғындарды ағартумен айналасуы, БАҚ мемлекеттік бағдарламалардың мағынасын түсіндіруі қажет, ал оның орнына өздері оларды білмейді деген пікірлер айтылып жатты. Әрине журналистердің намыстарына тиерлік сөздер. Біз ешкімге де еш нәрсе жасауға тиісті емеспіз. Біз тәуелсіз болғымыз келеді және соған тырысамыз. Бірақ БАҚна қысым жасалады: мемлекет мемлекеттік тапсырыстың иегері және таратушысы ретінде, құрылтайшы, жарнама беруші. БАҚ - бизнес, ал журналистер шынайы жағдайларда "осында және қазір" қағидасымен қызмет етеді.

Баспасөздің трендтері

Ең қызықты баяндама Даму саясаты институты басқармасының төрағасы Надежда Добрецованың 2010-2012 жылдардағы Қырғызстан, Ресей, Қазақстан және АҚШ баспасөзі контент - талдауының нәтижелері жайлы болды. Қысқаша тоқталайық. Барлық 4 елдерде экономикалық ақпараттың үлесі өсуде. Негізгі тақырыптар - саясат, мәдениет, спорт, қылмыс іс және әлемдегі оқиғалар. Баспасөз ақпарат жағынан мазмұнды болып келе жатыр. Ресей, Қазақстан және АҚШ басылымдары беттеріндегі таңбалар мөлшері 30-50% өсті. Ал басылым беттеріндегі мақалалар азаюда. Зерттеу авторлары бұл жағдайды баспасөздің тақырыпты тереңірек және талдап тексеріп ашудағы ұмтылысымен байланыстырады және осылайша Интернет - басылымдар мен теледидардан баспасөздін артықшылығын көреді. Зерттеу кезінде бір апта ішінде мақалалар басып шығарған авторлар саны жағынан АҚШ Ресейден үш есе, Қазақстаннан алты есе, Қырғызстаннан он алты есе алдыда. Журналистер жиі-жиі экономикалық емес тақырыптардың экономикалық және қаржылық астарын түсіндіруге тырысады. Төрт елдің баспасөзінде ақша мен уақыттағы өлшемдер өседі. Ал Қазақстан мен Қырғызстанда уақыт өлшемі ақша өлшемінен маңыздырақ. Ең көп ақша өлшемі Ресейдің БАҚда, ал 2011 жылы АҚШ БАҚда болды. Қазақстан азаматтардың жетік қаржы ақпаратын алу жағынан үшінші орында.

2012 жылы Қырғызстан газеттеріндегі жарнама үлесі екі есе өсті. АҚШ БАҚры 2011 жылы жарнама алаңының үлесін екі есе азайтып біріншілігін жоғалтты. Қазақстан баспасөзіндегі жарнама үлесі 2012 жылы бір ширекке өсті.

БАҚ жемқорлыққа қарсы

Конференция жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар конференцияға қатысушыларға жеткілікті "ауа" берді. Кофе-брейк, түскі ас және кешкі ас, екінші күнгі топтардағы жұмыс барысында әңгімелесуге мүмкіндік болды.

Мен "БАҚ жемқорлықпен күресу құралы ретінде" тақырыбын талдаған топта болдым.
"Жемқорлық фактілерін шығару (журналистік тергеу) - мүмкін бе мүмкін емес пе, мүмкін болу үшін не қажет?" сұрақ ретінде тұжырымдалған тақырыптың бірінші пункті маған оғаш көрінді. Кейінірек маған түсінікті болды, кейбір елдердің журналистері үшін журналистикадағы ең керемет "жанр" шығар, өйткені қол жетімсіз астамдыққа теңеледі. Мен топтағы ең басты спикер болған шығармын және әрине журналистік тергеулердің керектігін, тергеулер журналистің және оның ақпарат көзінің заңдық және "цехтық" қорғанысы болған жағдайда мүмкін екендігін, тергеу қылмыстық іске соқтырмаса да оқырмандарда зор қызығушылық пен қоғамдық пікірдің өзгеруіне әкеледі деп түсіндірдім.

Қайтарда кеденді сағат 18:00 де одан да тезірек өттік. Балшықты, шекара бақылауы терезесінің астындағы кезектерді, олардың жандарында тізерлеген немесе жүктерді тасыған жүкші - "нарларды" журналистерге көрсеткілері келмеген шығар.

Валентина ВЛАДИМИРСКАЯ

12 ноября 2012 | Просмотров: 951 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді