Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Нидерланд 2030: голландықтар жасыл ортаға үміт артады
Мен Голландияда (Нидерланд) болғаныма өте қуаныштымын. Бұл ел менің ойымша экологиялық тұрақтылық жағынан әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады (sustainability, қоршаған ортаны қорғау деп те аударуға болады).
Қазіргі таңда мен осы саладағы голландықтардың жетістіктерін зертеудемін және голландық өкіметтің ресми сайтында осы тақырыпқа керемет посты тапқан болатынмын.

Голландықтар 2020, 2030 және 2050 жылдарға экономикалық дамудың айқын жоспарларын тұжырымдаған, сондықтан оларды соңғы жылдардың қаржылық тұрақсыздығы аса мазаламайды – олар экономика өсуінің жақсы негізін қалап, сол бағыт бойынша жұмыс істеуде. Мақсаттары – әлемдегі бәсекелесуге қабілетті елдердің бестігінде болу. Бұл таңданарлық емес, таңдандыратыны, олар бұл мақсатқа жетудің жоспары – даму стратегиясының ұдайы бөлігі экологиялық тұрақтылыққа негізделген. Мына дәйексөз стратегияның мәнін айқындайды: "Біз жасыл ортаның өсуінің шынайы және амбициялық стратегиясын келешекке бағыттай отырып еңгізуді жалғастырамыз. Нидерландта жаңа энергия көздеріңің жылдам өсуіне үлесін қосатын қажет қорлар бар – күн, жел, геотермалды және биомасса негізіндегі энергиялары, дәлірек айтқанда, мықты химиялық өнеркәсіп, инновациялық ауыл шаруашылығы, ірі теңіз кемежайы және мықты энергетикалық сектор. Бұл стратегия климаттың өзгеруінің себептерінен және табиғат қорларының азаюына байланысты қажет, алайда инновациялық компаниялар үшін үлкен мүмкіндік береді. Соңғы кездері біз бірқатар көп үміт күтерлік экологиялық бастамаларды іске қостық. Экономика жасыл ортаның өсу стратегиясының негізі болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - мемлекет те, қоғам да қолдайтын осы бағыттағы тұрақты және амбициялық ұзақ мерзімді саясатты іске асыру. Халықаралық деңгейде голландық компаниялырдың мүмкіндіктерін кеңейту үшін анағұрлым көбірек әртүрлі елдерді тартуымыз керек."
Осы стратегияны басқа елдермен салыстырайық. Мысалы Қытай, онда ластанған ауадан миллиондаған адамдар өледі, балалар еңбегі, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның салдарынан экономикалық даму мәселелері өткір тұр.
Немесе АҚШ, ол әлемдік қорлардың ұдайы бөлігін, әсіресе мұнайды тұтынады. Ал оны Қазақстанмен салыстырып көріңіз – Голландияның тұрғындар саны қазақстандық халық санымен сәйкес. Қазақстанда да 2030 жылы бәсекеге бейімді ел болуға ұмтылады. Алайда голландықтар бұл мақсатқа қалай ұмтылады және олардың 2030 стратегиясы қандай, бізден едәуір айырмашылығы бар.Үйренерлік нәрселер бар.
"Катаклизмге арналған табиғат шешімдерінің" (Naturel Capitalism Solutions) авторы және негізін салушысы Хантер Ловинс (Hunter Lovins) келесі цифрларды келтіреді – әлемдік экономиканың тиімсіздігі соншалықты түпкілікті өнімде әлемдегі табылатын табиғат қорларының 1%дан азы ғана қолданылады және сатылғаннан кейін 6 ай ғана қолданыста болады. Кеннет Боулдинг (Kenneth Boulding) 1960 жылы мұны "ковбойлық экономика" деп атады. Ол шектелмеген тұтыну экономикасынан "ғарыштық экономикаға" көшуге шақырған, мұнда барлығы кезеңмен және қалдықсыз қолданылады (Star Trekте сияқты). Дәл осыны голландықтар бастап, яғни әлемдегі бірінші қалдықсыз немесе кезеңдік экономиканы іске қоспақ. Мұнда қорлар қолданылып, қайта өңделіп, өндіріске қайтарылады, ал өндірістен қалған қалдықтар көлемі азайып, тіпті жоққа шығарылады. Бірақ бұл пайданың азаюын білдірмейді. Бұл өндіріс әдісінің, кезеңнің табылуын, яғни өндіріс көлемін сақтай отырып қалдықтарды жоққа шығаруды білдіреді.
Нидерландтың жасыл орта стратегиясының өсуі жалғыз дұрыс стратегия боларына сенімдімін. Сондықтан да мен осындамын, мен сол стратегияның іске асу барысына қатысқым келеді. Экономиканың келешектегі өсуі экологиялық тұрақтылық пен сәйкес инновациялардың арқасында мүмкін. Ал сіз, сіздің компанияңыз және сіздің еліңіз осының бөлігі болып табыласыз ба – бұл әрине толғандыратын сұрақ.
Дереккөздер:
http://www.guardian.co.uk/sustainable-business/blog/circular-economy-private-sector-zero-waste
http://www.government.nl/government/coalition-agreement/sustainable-growth-and-innovation

Лола Асқарова
17 июня 2013 | Просмотров: 861 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді