Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Beeline Қазақстан клиенттер санын, табысы мен түсімін арттырды
Beeline Қазақстан 2013 жұмысының қорытындысын жариялады. Оператордың операциялық және қаржылық көрсеткіштерінің жақсарғанын - жалпы табыстың 3,3% өскенін көруге болады. Мобильді сегменттегі түсім 0,3% жоғарыласа, мәліметтерді мобильді жолдау сегментінде 39,0% артты. Оператордың желісіне тіркелген клиенттер саны 6,6% артып, 9,158 млн. жетті.
2013 жылы компания Қазақстандағы мобильді байланыстың ең құрметті операторы ретінде танылды.
Негізгі көрсеткіштер
Жалпы табыс 2012 жылмен салыстырғанда 3,3% пайызға өсіп, 127,748 млн теңгені құрады. Мобильді сегменттегі түсім 0,3% жоғарыласа, мәліметтерді мобильді жолдау сегментінде 39,0% артты. Бұған мобильді және интернет сегменттеріндегі, неғұрлым көп қызмет алуға және әр қызмет бірлігінің үлестік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа ұсыныстардың іске қосылуы сеп болды.
Өткен жылға қарағанда EBITDA көрсеткіші 1,0% артып, 59,427 млн. теңгені құрады. EBITDA-ның шоғырландырылған маржиналдылығы 1,5 п.п төмендеп, 46,5 % құрады.
2013 жылы Компания клиенттері көбірек сөйлесіп, интернетті де көп қолдана бастады, ал қызметтің құны айтарлықтай төмендеді. Бір клиенттің бір айда сөйлескен минуттарының орташа көлемінің (MOU) біршама өсуі негізінде, минуттың үлесті бағасы 33,3% яғни 4,38 теңгеге дейін кеміді. MOU-дың өсуі 2012 жылғы 212 минуттан 37% жоғарылап, 2013 жылы 290 минутты құрады. Мобильді интернет трафигінің өсуі (Mbou) – 2012 жылғы 80 Мб-дан 84% артып, 2013 жылы 148 Мбға дейін көтерілді.
2012 жылға қарағанда абоненттің орташа шотының құны (ARPU) -3,2% төмендегенін байқауға болады. Бұл көрсеткіш айына 1,083 теңгені құрады.
Дерекнама: Beeline
6 марта 2014 | Просмотров: 428 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар