Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
DIFC Courts «Астана» халықаралық қаржы орталығына консультация беретін болады
Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі DIFC Courts (Дубай халықаралық қаржы орталығының коммерциялық соты және төрелігі) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қатысушыларының қызметіне қызмет көрсету үшін әлемдік деңгейдегі коммерциялық сот жүйесін құру жөніндегі бастаманы іске асыратын болады. 
2015 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы мәлімдеді, бұл ретте негізгі және тез дамып келе жатқан қаржы орталықтарының бірі – Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) үлгі болды. 
Консалтинг туралы келісімге сәйкес DIFC Courts мамандандырылған коммерциялық сотты ұйымдастыру бойынша алдағы үш жылда Қазақстан әріптестерінің серіктестері болады. Келісім түрлі аспектілерді қамтиды – заңнамалық және реттеуші база бойынша консультациялар көсрету, кадрларды оқыту, сот үй-жайларын жарақтандыру және АТ-инфрақұрылымын қамтамасыз ету. 
Келісімге DIFC Courts Бас судьясы Майкл Хван (Michael Hwang) және Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов қол қойды. 
Бас судья Хван мырза: «Коммерциялық дауларды шешу кезіндегі тұрақты табыстардың, инновациялық тәсілдердің, сондай-ақ өз шешімдерін іске асыру кезіндегі табыстардың арқасында DIFC Courts бүгінгі күні өзін әлемдік деңгейдегі әйгілі заң құзыреттілігінің орталығы ретінде көрсетіп отыр. Бұл Қазақстан Ұлттық Банкінің бізді өз қарауын талап ететін ауқымды мәселелер тобы бойынша және халықаралық топтарда құрметке ие болатын коммерциялық сотты құру үшін қажетті қадамдарды жасайтын консультант ретінде таңдағанына да байланысты. Бұл келісім сондай-ақ БАӘ-да және халықаралық аренада жұмыс істейтін компанияларды қорғау және қолдау мақсатында басқа елдермен және сот жүйелерімен байланыстарды реттеу жөнінде DIFC Courts тарапынан жалғасып келе жатқан жұмыс аясында көрнекі болып табылады» - деп мәлімдеді. 
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов: «Біз ең үздік халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта Еуразия орталығында әлемдік деңгейдегі қаржы орталығын құруға ниеттіміз. БАӘ-ға бірнеше рет барған кезде біз DIFC Courts сияқты органның осы еркін аймақтың табысында қандай маңызды рөл атқаратынын көрдік: біз АХҚО-ны ілгерілете отырып олардың тәжірибесін пайдаланудан игілікті нәтижелерді күтеміз» - деп толықтырды.
 
Дерекнама: РҚ Ұлттық Банкі
4 сентября 2015 | Просмотров: 276 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • ҚР Ұлттық банкі басшысы қаржы секторын қайта жаңғыртуға қатысты жоспарымен бөлісті