Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
№6 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Базалық мөлшерлеме туралы  
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені пайыздық 
мөлшерлемелердің +/- 2 пайыздық тармақ болатын симметриялық дәлізімен 17% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлемелер өтімділік беру бойынша 19% деңгейінде және өтімділікті алу бойынша 15% мөлшерінде сақталды. 
Базалық мөлшерлеме деңгейі туралы шешім қабылдау кезінде баға тұрақтылығын, қаржы 
тұрақтылығына қолдау көрсетуді және экономиканың өсу перспективаларын қамтамасыз ету тәуекелдері ескерілді. Мөлшерлеменің қазіргі деңгейін экономиканың баяулауы жағдайында сақтау теңгемен активтерге деген сұранысқа қолдау көрсету қажеттілігін көрсетеді.  
Ішкі қаржы нарығындағы ахуал банк салымшыларының валюталық қалауындағы 
тұрақтылықты көрсетеді – банктерде депозиттерді долларландыру процесі тоқтады. Ұлттық Банктің теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары халықтың ұлттық валютадағы депозиттер пайдасына басымдық беруіне біртіндеп өзгеріс енгізуге әсер етуін жалғастыратын болады.  
2016 жылғы ақпандағы қорытынды бойынша инфляция деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша 15,2%-ды құрады. Инфляция серпінін айқындайтын факторлар бұрынғысынша қалды. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылы жылдық инфляция екінші жартыжылдықта баяулап, жылдың соңына қарай нысаналы 6-8% дәліздің жоғарғы шегіне жақындайды деп күтеді.  
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 2016 жылғы 5 мамырда жарияланатын болады.   
 
Дерекнама: ҚР Ұлттық Банкі
15 марта 2016 | Просмотров: 295 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • ҚР Ұлттық банкі басшысы қаржы секторын қайта жаңғыртуға қатысты жоспарымен бөлісті