Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Қазақстандықтар ұялы байланысқа көбірек төлей бастады
Алматы, 2016 жылдың 3 қазаны. – Ұялы байланысқа 1000 теңгеден бастап 2000 теңгеге дейін жұмсайтындардың үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңімен (40%) салыстырғанда 46%-ға дейін өскені  4Service Group халықаралық зерттеу компаниясының жүргізген тоқсандық зерттеуі нәтижесінде анықталды. Мұндай өзгерістер 1000 теңгеден аз жұмсайтын абоненттер санының азайғаны есебінен орын алып отыр.

Мобильдік интернеттің қазақстандықтар үшін өзектілігі

Мобильдік интернетті қолданушылар сегменті ұдайы өсіп келеді. 2015 жылдың 3-тоқсанымен салыстырғанда интернетті қолданушылардың үлесі 29%-ға айтарлықтай өскен. Ең белсенді қолданушылардың үлесі 11%-ға артқан, олардың саны Аltel - 60% жәнеТele 2– 34% операторларының базасында басым.
Осы ретте зерттеу смартфон иелерінің ішіндегі 18%-ы мүлдем мобильдік интернетті қолданбайтынын көрсетіп отыр.

Тұтынушының операторға деген адалдығы немесе қазақстандықтарды операторды өзгертуге не мәжбүрлеуі мүмкін?

Ұялы байланысты қамтамасыз етіп отырған ТОП-3 оператор -  Beeline, Activ және Tele2 өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұрынғы орындарын сақтап, сауалнамаға жауап бергендердің сарасындағы танымалдықтың 20%-ға тең межесінен асып отыр.
Зерттеу кезінде MNP (Mobile number portability – нөмірді сақтай отырып ұялы операторды ауыстыру) биыл тұтынушылардың адалдығына әсер еткені анықталды. Мәселен, абоненттердің 13%-ы ғана бүкіл көрсетіліп отырған қызметке көңілдері толатындығын және де операторларын өзгертуге ниеті жоқ екендігін айтқан.
Сауалнамаға жауап бергендер байланыс ен мобильдік интернеттің төмен сапасын (37%), қызметтердің жоғары бағасын  (29%), сондай-ақ, қызмет көрсету сапасының төмендігін (4%) операторды өзгертуге негізгі себеп болуы мүмкін екендігін атап көрсеткен.
Олардың 7% -ы өзгеріс жасауға дайын болып шыққан. Ең жоғары қауіп тобы мұнда Beeline (36%) және Activ (24%) абоненттері арасында көбірек.

Қаншадан?

2015 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда ұялы байланыс қызметтері қымбатырақ бола түсті, осы ретте операторлар өз желі ішіндегі  SMS  санын қысқартуда. Өткен жылмен салыстырғанда операторлардың барлығы енді желі ішінде шектеусіз қоңырау шалуларды ұсынып отыр.
Зерттеу ең тиімді тарифтік жоспарларды Tele2 (Крутой) 1290тг./ай. Және Beeline (ВСЕ за 1200тг.) ұсынып отырғанын көрсетті.
Ұялы байланыс операторларының интернет-ұсыныстары ішінде қазіргі таңда көлемі мен пакет құны жағынан өте кең таңдау ұсынып отыр. Баға-көлемнің ең жақсы арақатынасы    Activ, Kcell және Тele2 жылдық тарифтік жоспарларында қамтылған, яғни күніне 100МБ құны сәйкесінше 6,6 және 7 теңгені құрайды.

Зерттеу 2016 жылдың қыркүйегінде өткізілді, сауалнамаға Қазақстанның 14 облыстық орталығындағы 1200 абонент қатысты. Зерттеу нәтижелерінің толық есептемесін келесі сілтеме арқылы қараңыз: 4service-group.com/images/Presentation/Mobilnaya-svyaz-v-Kazahstane-3kv-2016.pdf
 
 
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы
3 октября 2016 | Просмотров: 227 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Нұртөре Жүсіп: Дәстүрлі БАҚ - мемлекеттік тілдің қорғаушысы
  • Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды 2018 жылғы
  • Цеснабанк шаруаларға несиені теңгемен береді
  • Елордада жылдың ең ірі медиа-оқиғасы - «Astana Media Week-2018» басталды
  • Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведумен кездесті
  • Мемлекеттік органдардың бірыңғай сайты құрылады - Дәурен Абаев
  • Қазақстан мен Ресейдің орталық банктері қор жинап алды - сарапшы
  • Исламдық қаржыландырудың негізгі талаптары қандай
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Мәтіндік трансляция
  • Бақытжан Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концерні бөлімшесінің директоры Э. Браунмен кездесті