Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
«ҚР Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы ҚР Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы жөніндегі баспасөз хабарламасы
2016 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы 2015 жылғы 27 тамызда Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов пен АЭХА Бас директоры Ю. Амано қол қойған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қазақстан Республикасы ірі уран өндіруші бола отырып, бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға және ядролық қауіпсіздіктің жаһандық деңгейін арттыруға өз үлесін қосуға ниетті. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен  АЭХА-ның төмен байытылған уран банкін  құру туралы АЭХА-ның бастамасы қолдау тапты және  оны Қазақстанның аумағында орналастыруға ұсыныс жасалды.

ТБУ банкі атом электр станцияларына (АЭС) отын дайындау үшін негізгі материал – уран гексофторидінің  резервтік қоры болып табылады. Банкте сақталатын уранның иесі АЭХА болады. Яғни, ядролық материал оның бақылауында және ресми заңдық иелігінде болады.
ТБУ банкі тұрақты жеткізілімдердің көзі болып табылмайды, бірақ бұл дүниежүзілік уран нарығында коммерциялық емес сипаттағы себептер бойынша ТБУ сатып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана қажет етілетін қол сұғылмайтын қор болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін АЭХА ТБУ Банкін орналастыру жобасын іске асыру ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосылған маңызды үлес, мемлекет басшылығы жариялаған режимді жүйелі түрде нығайту, ядролық қарудан бас тарту және ядролық қарусыз әлем құру принципін практикада дәлелдеу болып табылады.
ТБУБ орналастыру үшін  Өскемен қаласындағы қазақстандық «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ таңдау оның біліктілігі мен жоғары технологиялық деңгейін мойындау болып табылады, бұл кәсіпорынның ядролық материалдардың коммерциялық нарығындағы қызметіне оң әсер етеді.

Заңды жүзеге асыру келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және  құқықтық  салдарға әкеп соқтырмайды.

Источник: ҚР энергетика министрлігі
12 января 2017 | Просмотров: 231 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді
  • Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда Тікелей инвестициялар қоры құрылады
  • ДЭФ рейтингі: Қазақстан екі көрсеткіш бойынша бірінші орыннан көрінді
  • Қазақстан Президенті АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады
  • Қазақстан Doing Business рейтингінде 8 саты жоғарылады 2018 жылғы
  • Қазақстанда 22,1 млн тонна астық бастырылды 2018 жылғы
  • Қазақстан экономикасының мұнайға тәуелділік деңгейі төмендеді - Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов
  • Қазақстан Сианьдағы көрмеде өз өнімдерін ұсынды
  • Алматы əуежайының жаңа терминалы қай жерден салынатыны белгілі болды