Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев ХВҚ Қазақстандағы миссиясының басшысы Марк Хортонмен кездесті
ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышев Халықаралық Валюта Қорының Қазақстан Республикасына жыл сайынғы миссиясының қорытындысы бойынша ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Марк Хортонмен қорытынды кездесу өткізді.  Кездесу барысында қаржы нарығындағы ахуал және Қазақстан экономикасын дамытудың болашақтағы перспективалары талқыланды. Ақша-кредит саясатының мәселелері, оның ішінде инфляциялық таргеттеу және өзгермелі айырбастау бағамы режімін одан әрі сақтау қажеттілігі жан-жақты талқыланды.  Ұлттық Банк басшысы инфляцияның соңғы айларда айтарлықтай төмендегенін атап өтті. 2017 жылғы қаңтарда инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 2017 жылға арналған нысаналы 6-8% өлшемдеріне жетіп, 7,9% болды, бұл Ұлттық Банктің бағаларына сәйкес келді. Сонымен бірге Д. Ақышев «Ұлттық Банктің елде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратынын» атап өтті. Ұлттық Банктің болжауынша 2017 жылы жылдық инфляция деңгейі сенімді түрде нысаналы дәліз ішінде болады.  

Д. Ақышев ақша-кредит және валюта саясаты мәселелері бойынша ХВҚ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасаудың және консультациялар өткізудің маңыздылығын да атап өтті. «Ұлттық Банктің және ХВҚ-ның ашық пікірталас пен тиімді диалогқа негізделген өзара іс-қимылын ерекше атап өткім келеді. Ұлттық Банк ХВҚ-мен экономиканың даму перспективаларын және экономикалық саясаттың тиісті шараларын жүйелі  түрде талқылайды, бұл ағымдағы саясатты объективті түрде бағалауға және жоспарланған реформаларды бірлесіп талдауға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады ҚР Ұлттық Банкінің басшысы.   Өз кезегінде, М. Хортон 2015-2016 жылдары Қазақстан бастан кешірген қауіп-қатерге қарамастан ҚР мемлекеттік органдары қабылдаған шаралардың қаржы нарығындағы тұрақтануға мүмкіндік жасады деп атап өтті. Оның айтуынша, ҚР Ұлттық Банкі жүргізіліп отырған инфляциялық таргеттеу саясаты кезінде біршама табысқа қол жеткізді, қысқамерзімді нарықтық пайыздық мөлшерлемелер тұрақтандырылды, инфляция айтарлықтай төмендеді. 2017 жылғы 31 қаңтар – 7 ақпан аралығындағы кезеңде ХВҚ миссиясы ҚР Ұлттық Банкінің өкілдерімен жыл сайынғы консультациялар өткізгенін еске саламыз. Осы консультациялардың негізгі мақсаты ағымдағы ақша-кредит саясатын жүргізу жөніндегі ұсынымдарды бағалау және әзірлеу болып табылады. Сапардың қорытындысы бойынша ХВҚ миссиясының қорытынды мәлімдемесі дайындалады.


Дерекнама: ҚР Ұлттық Банкі
9 февраля 2017 | Просмотров: 199 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Алматы маңында күн және жел электр стансалары іске қосылды
  • Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
  • Алматы мәслихаты метро стансасының құрылысына қосымша 1 млрд теңге бөлетін болды
  • 10 айда Қазақстан арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды
  • Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады - Данияр Ақышев
  • АХҚО құқықтық конференция өткізіп жатыр
  • Мемлекет басшысы «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады
  • Сауат Мынбаев возглавил Қазақстан Темір Жолы
  • Елбасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады
  • Құрылысы бітпеген үйден пәтерді қалай алуға болады