Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Carlsberg Kazakhstan компаниясы «Қар барысы ізімен» атты мультимедиялық сурет көрмесінде Зоология институтының 2016 жылғы қар барысын сақтау жобасының жұмыстарын ұсынды.

Баспасөзге хабарландыру
27.02.2017

2017 жылғы наурыз айының 1-14-ші жұлдызы аралығында Carlsberg Kazakhstan DostykPlaza сауда-ойын-сауық орталығы және ҚР БҒМ ҒК Зоология институтымен бірлесе «Қар барысы ізімен» мультимедиялық сурет көрмесіне шақырады. Мұнда арнайы техникалық мүмкіндіктердің көмегімен сирек кездесетін аңдар, құстар, өсімдіктер әлемі мен Іле Алатауының еліктірер әсем табиғатының көрінісінен ерекше әсер алуға болады.

Дәл Іле Алатауы тауларының аумағында компанияның серіктесі Зоология институты 2016 жылы қар барысын зерттеу бойынша арнайы экспедиция жүргізген болатын. Экспозицияда ғылыми-зерттеу жобасының басты нысаны – қар барысының суреттерімен бірге, экспедиция барысында Қазақстандағы бірегей аң-құстарды фото және видотүсірілім жасауға машықтанған, белгілі қазақстандық фотограф Салтөре Сапарбаев түсірген тұмса табиғаттың өзге де ғажайып тұрғындарының бейнесін тамашалай аласыздар.

Сурет көрмесінің мақсаты – 2015 жылы Carlsberg Kazakhstan  компаниясы қолға алған әлеуметтік жобаны ақпараттық қолдау. Соңғы үш жылда ҚР ҒБМ ҒК Зоология инстуты мен Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау  Қауымдастығымен (ҚБСҚ)  бірлесе қолға алынған «Қазақстанның ұлттық нышаны ретінде қар барысын сақтау» жобасы осы аса жұмбақ хайуан мен оның өмір сүру ортасы жайлы көптеген деректерді жинады.

Ең бастысы, қар барысын сақтау мәселесі қоғамның ерекше назарына ие болып отыр. Сондықтан осы көрме арқылы Алматы сияқты үлкен мегаполиске жақын орналасқан Іле Алатауының тау сілемдеріндегі экологиялық мәселелері жайында ортаға салуды дұрыс деп таптық.  Көрнекті суреттер мен мультимедиялық құралдар арқылы экспедиция нәтижесінің негізінде ұйымдастырылған көрме, табиғат аясын зерттеумен айналысатын кәсіби мамандарға, қарапайым жандар мен жасөспірімдер үшін де қызықты болары сөзсіз.

Бұл жоба - мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен күшімен еліміздегі бірегей хайуанаттар мен өсімдік әлемін сақтап қалуға мүмкіндік беретін жобалалардың бірі.

Алексей Грачев, Зоология институты, териология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі:
«Зерттеу барысында алынған бірегей ақпараттар біздің қолға алған осы табиғатты қорғау жөніндегі бастаманың аса ауқымды екендігін көрсетіп отыр!  Екі миллионға жуық  тұрғыны бар мегаполис аумағында әлі күнге дейін қар барысының өмір сүруі – әлемнің ешбір нүктесінде кездеспейтін құбылыс. Оған қоса, біздің тауларымыз әлемдегі қар барысы қоныстарының ең шеткі аймағы болып табылады. Бастапқы кезеңде бізге қолдау көрсеткен, Carlsberg Kazakhstan компаниясы, еріктілер мен қарапайым азаматтардың көмегімен, жойылып бара жатқан бұл хайуанды сақтап қалуға тағы бір мүмкіндік туып отыр».
 
Надежда Овсянникова, Сarlsberg Kazakhstan коммуникация жөніндегі менеджері: «Қазақстанның бірегей табиғатын сақтау, таулар мен жазық далалардағы жануарларды қорғау – біздің ортақ ісіміз және ортақ жауапкершілігіміз екеніндігіне қазақстандықтардың назарын тағы да осы фотокөрме арқылы аударуға мүмкіндігіміз пайда болғандығына біз өте қуаныштымыз. Әрбір адам қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады. Ол - табиғатқа шыққанда қоқыс қалдырмау, сенбіліктерге қатысу, үйде және жұмыста қуат үнемдейтін құралдар мен технологияларды қолдану».
Жобаның алғашқы кезеңін 2015 жылы Carlsberg Kazakhstan жүзеге асырған болатын. «Қар барысы» жобасын қолға алуға компанияның атына ғалымдар, зерттеушілер мен түрлі эко-қауымдастықтар еріктілерінің тарапынан жазылған хаттар себеп болған еді. Осы хаттар арқылы Carlsberg Kazakhstan дүние жүзінде қар барысының таралу аумағы күрт азайып бара жатқанынан хабардар болды. Экология мен қоршаған ортаға қамқорлық көрсету компанияның тұрақты даму саласындағы негізгі бағыты болғандықтан, Carlsberg Kazakhstan осы мәселені шешуге көмек көрсетуді ұйғарды. 2015 жылдың сәуір, шілде және қыркүйек айларында компанияның серіктесі Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау  Қауымдастығымен (ҚБСҚ) бірлесе Жоңғар Алатауына (Шығыс Қазақстан) экспедиция ұйымдастырылды. Ал 2016 жылы ҚР Зоология институтымен бірге Алматы маңындағы Іле Алатауына экспедиция жасалып, оның барысында белсенділік суреттері орнатылды. Оған қоса, жобаны қаржылай қолдау мақсатында қаражат жинау үшін www.saveirbis.kz краудфандинг сайты іске қосылды. Бұл мәселеге қосымша қоғам назарын аударуға жобаның елшілері – белгілі актер Максим Акбаров пен видео-блогер Нұрлан Батыров көмектесті.
2 марта 2017 | Просмотров: 266 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • KASE сарапшысы Қазақстан қор нарығы неліктен баяу басталатынын түсіндірді
  • Қашаған кен орнынан 11,5 млн тонна мұнай экспортталды
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендіруден кейін қандай өзгерістер болады
  • Келімбетов «Астана» ХҚО-ның бес стратегиялық бағытын атады
  • АШМ Қытайға қой етін экспорттауға жол ашты
  • Ұлттық банк қысқамерзімді ноталарды сатылымға шығарды
  • Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы туралы деректерді жариялады
  • «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржасы сауда жүйесін таныстырды
  • Қытайға күнжара мен жоңышқа экспорттау талаптары келісіледі
  • Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты