Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Carlsberg Kazakhstan білімқұмар жастардың Ғаламдық Дарындар Желісіне қосылуына мүмкіндік сыйлайды.
                                  



04.04.2017


Carlsberg Kazakhstan Young Global Pioneers білегейхалықаралық білім беру бағдарламасына қатысуға ниетті талапкерлерді іріктеуді бастайды. Өтініштер 20 сәуірге дейін қабылданады.
YGP Talent Network – 19 бен 25 жас аралығындағы болашақ көшбасшыларға арналған интернационалды білім беру бағдарламасы. Оның мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды жастарды жинап, олардың білімін арттырып, мәдениетаралық қарым-қатынас деңгейін көтеріп, ғаламдық мәселелерді шешуде инновациялық әдістерді табу мақсатында әлемдік деңгейде ойлауға баулиды.
Биыл YGP Talent Network білім сапары 23 шілде мен 12 тамыз аралығында Танзания және Занзабир елдерінде басталады. Үш апта бойы әлемнің әр түкпірінен келген 20 жас бір-бірі жақын танысып, ғаламдық мәселелерді шешуде инновациялық көзқарастарды табу үшін бірігетін болады. Сапарға қатысушылар университеттер мен озық кәсіпорындарды аралап көреді, жергілікті мәдениетпен, салт-дәстүрмен етене танысып, аймақтағы маңызды проблемалалар мен мүмкіндіктер туралы біледі, SOS балалар ауылының жастарымен араласып, сарафари жасайды және өзге де көрікті жерлерді аралап көреді.
Carlsberg Kazakhstan білім сапарын қатысу үшін грант ұтып алуға мүмкіндік береді. Биыл  Carlsberg қорының бір бөлімі Carlsberg Bequest қолдауымен, байқау Шығыс Еуропа аумағындағы бірнеше мемлекетте: Ресей, Беларусь, Қазақстан және Әзірбайжанда бір  мезгілде өткізіледі.
Саяхат соңында Young Global Pioneers бағдарламасына қатысушылар Ғаламдық Дарындар Желісінің  мүшесіне айналады. Оның базасында үш айда бір рет өтетін Global Reflection секілді тұрақты онлайн-шаралардың арқасында  жастар білімін ары қарай жалғастырып, мәдени байланыстарын нығайта түседі.
Үміткер төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
•Жасы 19-25 аралығында (2017 жылдың шілдесінде)
•Ауызша және жазбаша ағылшын тіліне жетік болуы керек
•Әлемді жақсы жағына өзгертуге деген талпынатын, білімқұмар пен жігерлі.
• YGP Talent Network халықаралық дарындар желісінің аясында білім алу мен байланыстарды жалғастыруға мүдделілік
Байқауға қатысу үшін, қажеттісі:

•Өтінімді толтырып – бірнеше сұрақтарға жауап беру және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе «жасыл» экономика туралы эссе жазу.
•Түйіндеме жазу. Түйіндемеде қоғамдық жұмыстар, еріктілер қатарындағы қызметі, жетістіктері туралы ақпараттардың болуы, үміткер үшін тиімді.
•Құжаттар carlsberg@carlsberg.kz   поштасына 2017 жылдың 20 сәуірінен кешікпей жіберілуі тиіс.
Төрт елден ақтық сынға қатысушы төрт үміткердің есімі 28 сәуірге дейін жарияланбақ.  Олардың арасынан Young Global Pioneers Танзания мен Занзабирге баратын бір жеңіпмазды таңдап алады.
Жоба жайлы толық мәлімет http://youglo.org.
Байқау шарттары туралы осы сілтемеден біле аласыздар.
***
Carlsberg Kazakhstan сыра қайнату компаниясы– Қазақстан сырақайнату нарығындағы көшбасшылардың бірі. Компания Carlsberg Group пен құрамына Ресей, Әзірбайжан, Беларусь және Украина енетін Шығыс Еуропа аймағындағы бөлімшесі. Қазіргі таңда компания Carlsberg, Kronenbourg 1664, Tuborg, Holsten, ZateckyGus, «Балтика», «Дербеc», «Ирбис», «Жигулевское Фирменное Живое», «Большая Кружка», «Алма-Ата»  брендтері секілді 27 сыра сұрпын өндіреді. Компанияның 2,2 млн гл. өндірістік қуаты бар зауыты Алматыда орналасқан. Қосымша ақпаратты  www.carlsbergkazakhstan.com   сайтынан және www.facebook.com/carlsberg.kz  корпоративті парақшасынан табуға болады.

Carlsberg Қоры 1876 жылы Carlsberg Group негізін қалаушы Я.К. Якобсеннің бастамасымен құрылған. Carlsberg Қоры ғылым, мәдениет және өнер салаларына жан-жақты қолдау көрсетеді. Қор бөлген гранттардың жалпы сомасы бірнеше миллиард еуроға бағаланған. Carlsberg A/S  есебіне түскен жыл сайынғы дивиденттердің көмегімен Қор  жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылым салаларында жаңалық ашу үшін жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қаржылай қолдау көрсетеді, сол арқылы бірқатар ғаламдық мәселелерді шешуге ықпал етуде.

Қосымша ақпарат алғыңыз келсе, хабарласыңыз:
Надежда Овсянникова, «Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг  Казахстан)» ЖШС, коммуникация жөніндегі менеджері.
Тел. +7 (727) 321-01-00 (вн. 252), Моб. +7 777 551 0 252, е-mail:Nadezhda.Ovsiannikova@carlsberg.kz
                              
5 апреля 2017 | Просмотров: 287 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Алматы маңында күн және жел электр стансалары іске қосылды
  • Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
  • Алматы мәслихаты метро стансасының құрылысына қосымша 1 млрд теңге бөлетін болды
  • 10 айда Қазақстан арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды
  • Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады - Данияр Ақышев
  • АХҚО құқықтық конференция өткізіп жатыр
  • Мемлекет басшысы «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады
  • Сауат Мынбаев возглавил Қазақстан Темір Жолы
  • Елбасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады
  • Құрылысы бітпеген үйден пәтерді қалай алуға болады