Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Microsoft және «ӨРЛЕУ» Біліктілікті көтеру ұлттық орталығы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Алматы, 2017 жылдың 24 сәуірі. – Бүгін Алматыда Microsoft компаниясы «ӨРЛЕУ» Біліктілікті көтеру ұлттық орталығымен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Ынтымақтастық туралы құжатқа ТМД-дағы Microsoft өкілдігінің басшысы Роналд Бинкофски және «ӨРЛЕУ» Біліктілікті көтеру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрайымы Гүлнас Ахметова қол қойды. Аталған меморандум білім сапасын көтеру, оқу бағдарламаларын дамыту, инновацияларға инвестиция құю, педагог пен білім беру институттарының рөлін көтеру саласында тараптардың ынтымақтастығын ұйымдастыру үшін жаңа мүмкіндік ашып отыр.

Меморандумға сәйкес Microsoft және ӨРЛЕУ арасындағы ынтымақтастық 2020 жылдың соңына дейін жалғасын тауып, білім беру мекемелеріне арнап бағдарламаларды дамытуды, мұғалімдер мен студенттердің өзін жетілдіруге деген ынтасын көтеруді, сондай-ақ, білім беру мекемелеріндегі педагогтерге арнап семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференцияларды өткізуді көздейді. Microsoft компаниясы Қазақстан мұғалімдерінің кәсіби білімі мен дағдыларын көтеруге бағытталған бағдарламаларды дайындап, жүзеге асыруға көмектесуге дайын. Сондай-ақ, меморандум аясында Microsoft инновациялық білім беру стратегияларын атқаруға көмектеседі деп көрсетілген.

«Білім беру саласы біздің компания басымдық беретін бағыттардың бірі болып табылады, сондықтан біз Қазақстанда осы салада ынтымақтастықтың жаңа сатысына көтеріліп отырғанымызға қуаныштымыз, - деді Роналд Бинкофски. – Заманауи технологиялық шешімдер мұғалімдерге де, оқушыларға да көмектесіп, жалпы мектептің өнімділігін арттыруға жағдай жасайтынына сенімдіміз».

Мәміле аясында Microsoft компаниясы  ӨРЛЕУ орталығында біліктілігін көтеріп жатқан мұғалімдер мен мектеп директорлары үшін тренингтер, курстар және бағдарламалық жабдықтамалар түрінде өз тегін қорын ұсынатын болады. Осының арқасында орталық Microsoft компаниясының көмегімен Қазақстан мұғалімдері мен мектеп директорларының біліктілігін көтеруге арналған өз курстарын жаңалап, өзекті етуге мүмкіндік алмақ.

Сондай-ақ, Microsoft ары қарай да бағалау жүргізіп, компанияның пайдасы тиюі мүмкін білім беру салаларын анықтауға дайын.



Источник: Microsoft Қазақстан

26 апреля 2017 | Просмотров: 45 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Азаматтық авиация комитетінің басшысы отставкаға өтініш берді
  • Бозымбаев Қазақстан үшін мұнайдың қолайлы бағасын атады
  • «Atameken business channel»-дің көрермені бірден 90 млн. адамға өсті
  • «Самұрық-Қазына» 2016 жылы 730 млрд. теңге пайда тапты
  • Нығматулин медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде дүрлігуге жол бермеуге шақырды
  • Қайырлы таң, ханымдар мен мырзалар!
  • Балдырдан өндірілген энергия және ақылды үйлер
  • Түркістанда Түркі әлемі БАҚ өкілдерінің халықаралық форумы өтуде
  • Mastercard және Қазпошта Mastercard төлем карталарының іске қосылғаны жөнінде хабарлап отыр
  • Елбасы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады