Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Қайырлы таң, ханымдар мен мырзалар!
Мен сіздердің тәуекел-менеджмент бойынша дәстүрлі Халықаралық конференцияға келгендеріңізге қуаныштымын.

Өткен 2016 жыл қызықты оқиғаларға толы болды. АҚШ-тағы сайлау кезіндегі Дональд Трамптың таңғаларлық жеңісі және ақылға сыйымсыз болып көрінген Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамынан шығуының өзі неге тұрады. Американдық және британдық сайлаушылардың шешімдерінің қандай салдарлары болатыны туралы, біз әлі бүгінгі және ертеңгі пікірталастар барысында талқылайтын боламыз.    

Қазір мен біздің сіздермен кездесуіміз кейбір адамдар Қазан төңкерісі деп атайтын, ал кейбіреулері – Ұлы Қазан социалистік революциясы деп атайтын оқиғаның жүзжылдық мерейтойына сәйкес келетін жылда өтіп жатқанын естеріңізге салғым келеді.  
100 жылға артқа көз сала отырып, 1917 жылдың негізгі сабақтарын біздің игере алмағанымызды өкінішпен айта кетуге болады. Соған қарамастан Қазан оқиғасына алып келген жағдайлар мен факторларға терең талдаудың өзі орасан зор баға төлеуге тура келген қателіктерді қайталамаудың кепілі болып табылады.    

Бүгінгі таңдағы саяси қауіп-қатерлердің маңызды факторларының бірі  табыстардың мөлшері, қоғамдық мәртебесі және әлеуметтік қорғалу дәрежесі бойынша қоғамның тереңдей түскен жіктелуі болып табылады. Бүгінгі күні ғаламдық теңсіздік жүз жыл бұрын байқалған деңгейде болып отыр, және өсуін жалғастырып келеді.  

Табыстардың әділетсіз немесе біркелкі емес бөлінуіндегі, орта таптың жоқтығындағы, кәсіпкерліктің кері кетуіндегі, құрметті мамандықтар өкілдері – жұмысшының немесе мұғалімнің әлеуметтік лузерлерге айналуындағы қауіп-қатерлерді көру үшін социалист болудың қажеті жоқ. Теңсіздікпен қатар, сонымен бірге әлемдік тәртіпті күйзелте отырып, өз бетінше экстремалдық медиалық табыстылығы бар болатын және популистерге, волюнтаристерге және оппортунистерге саяси мүмкіндіктер туғызатын ксенофобия мен шофинизм өсіп келе жатыр.  

Одан басқа, өндіріс өнімділігінің көтерілуімен қатар жұмыс күшінің жаппай босатылуы қаупін алып келетін ырықсыз жақындап келе жатқан технологиялық прогресті есептен шығаруға болмайды. Тек Қытайда ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда да ірі кәсіпорындар қол еңбегін ауыстыра алатын және жұмыссыздықтың өсуіне алып келетін инновациялық технологияларды көп жағдайда жасанды тоқтатып отыр. Алайда, техникалық прогрестің даму жолында бизнестің мәңгі тұра алмайтыны, және роботтандырылған өндірістер, дрондар, пилотсыз автомобильдертүріндегі келешек біздің де жерімізге келетіні анық.  

Халықты жақсы ақы төленетін және келешегі бар жұмыспен қамтамасыз ету – мемлекеттік даму бағдарламаларын қалыптастыратын саясаткерлердің бүгінгі таңдағы басты міндеті осы. Бұл ретте теңсіздіктің белгілі бір дәрежесі болмай қоймайтынын және тіпті қажет екендігін, ол нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратынын нақтылай кеткім келеді. Сондай-ақ экономиканы дамытуға арналған басым бағыттарды таңдау кезінде де қателіктер болмай қоймайды. Бірақ саяси және экономикалық жүйелердің сапасы олардың жіберілген қателікке сәйкестікпен қарау және жедел әрекет жасау қабілетімен, басқалар тек қана проблемалар мен қауіп-қатерлерді көретін жерде мүмкіндіктер мен даму келешегін көру қабілетімен анықталады.    

Бүгінгі күні көптеген қазіргі әлеуметтік-экономикалық келелі мәселелер түп-тамырымен 1990 жылдардың басындағы реформалардың қателіктеріне кететіні, ал реформашылардың өзін барлық күнәларға жиі айыптайтын пікірлер таралған. Сонымен бірге коммунистік режім қалдықтарында өздерінің нарықтық экономикасын құруды бастаған елдер ұшырасқан жағдайлар теңдессіз екендігін естен шығармаған маңызды. Экономикалық тарихта мемлекеттің нарықтық экономикаға іс жүзінде 100-пайыздық қатысуымен толық орталықтандырылған экономика трансформациясының мысалдары болмаған. Лех Валенс айтқандай, бұл мәселенің қиындығын коммунистермен балық сорпасы пісіріліп, сол балықтарды өмірге қайта әкеліп, аквариумға жіберу әрекетімен салыстыруға    болады.  
Егер ХХI ғасырға оралатын болсақ, онда біз алғысахнада киберқауіп-қатерлер деп аталатын  түбегейлі жаңа қатерлер пайда болғанын көреміз. Компьютерлік және коммуникациялық қауіпсіздік саласындағы қылмыстар 50 жыл бұрын жасала бастаған, бірақ соңғы жылдары мәселенің өткірлігі күрделене түсті. АҚШ демократиялық партиясы менің сөздерімнің ақиқаттығын растай алады.  

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адамзат баласын бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қуатты, алайда  сомыне бірге барынша осалдау етті.  

Заманауи ақпараттық технологиялардың тартымдылығы Леонардо да Винчидің сөздері бойынша, күрделілік пен мүлтіксіздіктің апофезі болып табылатын қарапайымдылықтан және қолайлылықтан тұрады.  

Ақпараттық қауіпсіздік қатеріне ақылға қонымды технологиялық та, сақтандыратын да жауап жоқ. Сақтандыру қоғамдастығы бұл қауіп-қатерлерді қалға қонымды сәйкестендіруге, сипаттауға және баға беруге әлі үйренген жоқ. Киберқауіп-қатерлерді сақтандыру шарттары бойынша төлемдердің мардымсыз көлемі біздің бизнесіміздің бұл бағыты тоық шамада қызмет жасамайтынын білдіреді. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді қайта сақтандырудың реттелмеген мәселелері кейбір сақтандырушылар жай ғана сақтандыру жағдайы орын алған кезде төлемдер жасай алмайтындығына әлеуетті қауіп төндіріп отыр.  

Ақпараттық сектордың барынша перспективті және жылдам өсіп келе жатқан сегментерінің бірі үлкен деректерді талдау нарығы болып табылады.  Big Data көзі ретінде адамзатпен ойлап табылған кез келген ақпарат қызмет ете алады.  

Бизнес үшін өзінің клиенттері туралы дербес деректердің үлкен көлемін иелену тек қана құнды актив және бәсекелестік артықшылық қана емес, сондай-ақ залалдардың әлеуетті көзі де болып табылады. Қаскүнемдердің әрекеттердің нәтижесінде деректер базасын жоғалту қатері, тікелей материалдық шығындардан басқа, клиенттердің сотқа берген талап-арыздарымен, реттеушілердің, құқық қорғау органдарының және арнайы қызметтердің санкцияларымен қатар жүреді. Өзге сөзбен айтқанда, қазіргі жағдайларда бағалы ақпараттың үлкен көлемінің болуы динамиті бар қойманың болуымен бірдей. Қауіпсіздік шараларына жауапсыз қатынастардың зардаптары тойтарылмас болуы мүмкін.  
Киберқауіптерден технологиялық қорғау әлі де жүз пайыздық қауіпсіздік кепілін бермейді. Одан басқа, вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етудің жекелеген жауапсыз өндірушілерінің өздерінің қызметтеріне сұранысты ынталандыра отырып, зиян келтіретін бағдарламаларды құруға қатыстарының бар екендігі туралы пікір бар.  
Кибернетикалық соғыстардың ғаламдық сипаты туралы көптеген елдердің арнайы және барлау қызметтері де осы салаға тартылғандығы дерегі де айтады, ал бұл жерде бизнестің ғана емес, сонымен қатар саяси жүйелердің де тағдыры сөз болып отыр.  

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Уинстон Черчилль генералдар үнемі өткен соғысқа дайындалады деп айтқан.  
Алайда іскерлік қоғамдастықтың тәуекелдерді басқарудың теориясына және практикасына өсіп келе жатқан қызығушылығы ұлы ағылшынның сөзін теріске шығарғанын көргеніме өте қуаныштымын. Барлық жағдайда бұл осы залға жиналған – қазіргі таңдағы және келешектегі -  бизнес генералдарына қатысты.  

Тәуекел-менеджмент бойынша он үшінші Халықаралық конференцияны ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.  

Назарларыңызға рақмет!
2 мая 2017 | Просмотров: 75 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстанда жаңа медиаодақ құрылды
  • Астанада «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
  • Дәурен Абаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
  • Теріс пиғылдағы сайттарды анықтау үшін тәулік бойы мониторинг жүргізілуде - Дәурен Абаев
  • Қазақстанда жаңамедиаодақ құрылды
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті
  • Астанада «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
  • «Казкоммерцбанк» АҚ «БТА Банк» АҚ-на ұсынылған займның өтелгені туралы хабарлайды
  • ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін қысқартты
  • ОПЕК келісімінен шығу Қазақстанға тиімді ме – сарапшы