Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Mastercard және Қазпошта Mastercard төлем карталарының іске қосылғаны жөнінде хабарлап отыр
«Қазпошта» АҚ Mastercard-тың сертификаттауынан сәтті өтіп, Mastercard халықаралық төлем карталарының шығарылғаны жөнінде хабарлап отыр. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін бұл карталар Mastercard-тың инновациялық түйіспесіз төлем технологиясымен жабдықталған.

Карталарды шығару қызметі «Қазпошта» АҚ қаржы қызметтерін дамытуда басымдық берілген бағыттардың бірі болып табылады. Аталмыш бағыт клиенттерге қызмет көрсетудің ыңғайлы тәсілдерін ұсынуға, халыққа, соның ішінде ауылдағы жұртшылыққа арнап көрсетілетін қызметтерді жаңғырту бағдарламасы аясында қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Mastercard төлем карталарымен бүкіл әлем бойынша тауарлар мен қызметтерді төлеуге, интернет-дүкендерден тауар сатып алуға, сондай-ақ, Қазпоштаның барлық автоматтандырылған бөлімшелерінде, Қазақстан бойынша Қазпошта мен Қазком банкоматтарынан, сондай-ақ, шетелдегі кез келген банкоматтан қолма-қол ақшаны түсіріп алуға, қолма-қол ақшамен шотты толтыруға болады. Қолданушылар картадан картаға ақша аудару, жақындарына арнап қосымша карталарды ашу секілді тағы да басқа көптеген операцияларды жасай алады. Бұл картаның тағы бір аса маңызды артықшылығы - Mastercard түйіспесіз төлем технологиясымен ыңғайлы, оңай әрі қауіпсіз түрде төлем жасауға болады. Карта қазақстандық теңгеде қызмет көрсететін дебеттік карта болып табылады.

 «Қазіргі таңда біз 350 000-нан аса төлем картасын шығарып үлгердік, олар негізінен зейнеткерлерге зейнетақы мен жәрдемақыны төлеуде қолданылады. Қазіргі жас буын заманауи әрі ыңғайлы қызмет көрсету тәсілдерін қолданғанды жөн көретіндіктен, Қазпошта заманнан қалыспай, озық инновациялық төлем технологияларын ұсынуда. Debit MasterCard түйіспесіз карталарын іске қосу арқылы Қазпошта осылай жаңа деңгейге көтерілді, бұл өз кезегінде Қазақстанның жетекші банктерімен бәсекеге түсуге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, Қазпошта төлем карталары шәкіртақы, төлемақыны төлеу үшін шығарылады. Е-commerce саласы дамыған сайын интернет-дүкендердің клиенттері де біздің карталарды ұстай бастады. Masterсard төлем карталарын шығару біздің клиенттерге бұдан да кең мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін», - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ қаржы қызметтері жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Күнхожаева.

Mastercard карталарының иелері бүкіл әлем бойынша саяхаттап, Mastercard карталары қабылданатын әлемнің 210-нан аса елі мен аймағында қызметтер мен тауарларды төлей алады. Сондай-ақ, клиенттер Mastercard төлем жүйесінің сауда және қызмет көрсету саласындағы өзінің серіктестерімен бірге карта иелеріне арнап өткізетін акциялары мен ұсыныстарына қатысуға мүмкіндігі бар. Мәселен, 2017 жылдың 30 қарашасына дейін «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайында Masterсard немесе Maestro® карталарымен гондол жолымен жүру, автокөлікті тұраққа қою, сырғанау үшін абонементтер мен билеттерді төлеген жағдайда 5%-дық шегерім жасалады.

«Қазақстан аумағындағы, соның ішінде ең шалғай жатқан елдімекендердегі ең кең желісі бар, пошта және қаржы қызметтерінің ең кең түрлерін ұсынатын «Қазпошта» секілді ұйымның біздің Қазақстандағы серіктестеріміздің қатарына қосылып отырғанына біз аса қуаныштымыз. Енді көптеген қазақстандықтар біздің төлем жүйеміздің қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік алып отыр. Түйіспесіз төлем технологиясымен төлеу үшін картаны терминалға бір рет қана тигізу қажет болғандықтан, аталған технология аса ыңғайлы болып табалады әрі уақытты да үнемдейді», - деп атап өтті Қазақстндағы, Армениядағы және Беларусьтегі Mastercard басқарушы директоры Нина Виллемс.

«Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып, жеке куәлікті көрсете отырып, картаға тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ, 2017 жылы Рost.kz порталында картаға тапсырыс беру қызметін іске қосу жоспарланып отыр.



Дерекналма: «Қазпошта» АҚ


5 мая 2017 | Просмотров: 28 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Азаматтық авиация комитетінің басшысы отставкаға өтініш берді
  • Бозымбаев Қазақстан үшін мұнайдың қолайлы бағасын атады
  • «Atameken business channel»-дің көрермені бірден 90 млн. адамға өсті
  • «Самұрық-Қазына» 2016 жылы 730 млрд. теңге пайда тапты
  • Нығматулин медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде дүрлігуге жол бермеуге шақырды
  • Қайырлы таң, ханымдар мен мырзалар!
  • Балдырдан өндірілген энергия және ақылды үйлер
  • Түркістанда Түркі әлемі БАҚ өкілдерінің халықаралық форумы өтуде
  • Mastercard және Қазпошта Mastercard төлем карталарының іске қосылғаны жөнінде хабарлап отыр
  • Елбасы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады