Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Балдырдан өндірілген энергия және ақылды үйлер
EXPO 2017 көрмесіндегі Германия павильоны болашақтың қаласын тамашалауға мүмкіндік береді

Келешекте біз қандай қалаларда өмір сүреміз? Қандай үйлерде тұрып, қандай көлік құралдарын қолданамыз? Энергиямен қамту мәселелеріне қатысты осы және басқа да сауалдардың жауабын Астанадағы EXPO 2017 көрмесінде таныстырылатын Energy on Track («Энергия – дұрыс жолда») деген ұранмен құрылған Германия павильонының экспозицияларынан табуға болады. «Болашақ энергиясын» басты тақырып етіп алған Дүниежүзілік көрме Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді.

Германия павильонының «Болашақтың қаласы» деген атауға ие болған экспозициялық бөлімінде жаңа энергетикалық саясаттың адамдардың күнделікті өміріне тигізетін әсері туралы айтылатын болады, сондай-ақ, неміс өнеркәсібі мен ғылымының көлік және тұрғын үйлерді жетілдіруге арналған инновациялары мен шешімдері таныстырылады. Аталған экспозиция екі және төрт дөңгелекті заманауи электрмобильдерге, аз тұтынып, көп энергия өндіре алатын «ақылды үйлерге», энергия алу үшін беті балдырлармен жабылған қасбетті панельдерге арналады. Сондай-ақ, осында қазба отынды қолданбастан пластмасса өндіруге мүмкіндік беретін жаңа әдіс туралы ақпарат беріледі.

Электр энергиясымен қозғалатын көліктердің әлеуеті
Жаңартылмалы энергия көздерін қолданатын электртартқыштармен қозғалатын көлік – климатқа әсерін тигізбейтін жаңа көлік түрлерін шығарудың бірден-бір кілті. Сондықтан Германия павильонының экспозициясында осы мәселеге айтарлықтай үлкен мән беріліп отыр. Экспозицияда электржетекпен жабдықталған лимузин, «Е формуласына» жататын жарыс автокөлігі және екі дөңгелекті көлік құралы, сондай-ақ, заманауи оталдырғыш жүйелер көрсетіледі. Аталған экспонаттар неміс өнеркәсібі мен ғылыми ұйымдарының электр көлігін жасап шығаруға жан-жақты атсалысып отырғанының айғағы болмақ және де осы технологиялардың әлеуетін байқататын болады.

Аз энергия тұтынып, көп энергия өндіре алатын үйлер
Энергия тұтынудың жаңа стандартына арналған «Тиімді үй плюс» (Effizienzhaus Plus) атты экспонат сырт жағынан қарағанда құрылыс саласындағы парадигманың өзгерісін әспеттейтін төңкерілген ғимарат болып табылады. Павильонға келушілер оның ішіне кіріп, «Тиімді үй плюс» жаңа стандартына сәйкес келетін ғимараттың жұмыс жасау қағидасымен таныса алады.
Экспонаттағы суреттер мен мәтіндер энергия тиімділігін қамтамасыз ететін құрылымдар туралы баяндайды. Мәселен, қоршалаушы және жабын құрылмалар, фотогальваникалық қондырғылар арқасында мұндай тұрғын ғимараттар аз энергия тұтынып, көп энергия өндіре алады. Германияның үлкен картасында энергия тиімділігін қамтамасыз етуге арналған осы жаңа стандарттың талаптарына жауап беретін 35-тен аса жобаның толық сипаттамасы келтірілген.

Аз энергия көлемін тұтынатын «ақылды үйлер»
SmartHome экспонаты толығымен жабық кеңестікте орналасқан. Павильон қонақтары оған есік ойығы арқылы кіре алады. Терезелер, кір жуғыш машина, тоңазытқыш пен кофеқайнатқыш қойылған асүй жиһазы және ойын-сауық электроникасымен жабдықталған қонақ бөлмесі секілді күнделікті заттар, үй интерьері суреттелген графикалық коллаж бөлме-жай ішіндегі қалқаларда бейнеленген. Қонақтар электрондық кілт көмегімен жекелеген заттарды іске қосып, SmartHome жүйесі жылуды, жарықтандыруды және т.б. қалай басқаратынын өз көзімен көре алады. Сондай-ақ, осындай басқару жүйесінің  арқасында күнделікті тұтынылатын энергия көлемі қалай үнемделетінін де түсінуге болады.

Балдырдан өндірілетін энергия
«Болашақтың қаласының» оң жақ бөлігінде балдырмен жұмыс жасайтын биореактордың үлгісі қойылады. Осында қонақтар «тірі қасбеттерге» қатысты толығырақ ақпарат ала алады. Қазірдің өзінде Гамбургта қасбеті балдырмен жабылған ғимарат салынған. Осы ғимараттың үлгісі арқылы балдырмен жұмыс жасайтың биореактордың жұмыс жасау қағидасын түсінуге болады, атап айтқанда, балдырлар ақабамен қалай суарылып,  одан қалай көпіршікті жинауға болатынын білуге болады. Бұл жоғары сапалы биомассаны азық-түлік өнімдері мен косметикалық құралдарды өндіруде де қолдануға болады.

Судан және және көміртек диоксидынан өндірілген пластмасса
«Болашақтың қаласы» атты экспозицияда қазір әзірлену үстіндегі пластмасса өндіруге арналған футуристік технология таныстырылатын болады. Power-to-X деген атауға ие болған бұл озық әдіс мұнай мен табиғи газды қолданбастан, су мен коміртек диоксидынан пластмассаны өндіруге арналған негізгі материалдарды алуға мүмкіндік береді. Экспонат инновациялық технологияның қағидаларын көрсететін машинаның үлгісінен құралған. Павильонға келушілер қысқаша кіріспеден соң, гном пішінін немесе футбол ойнайтын бутс секілді заттарды виртуалдық кеңістікте өз бетінше жасап шығара алатын болады.

Толығырақ ақпаратты келесі сайттан алуға болады: www.expo2017-germany.com
Баспасөзге арналған байланыстар: Франк Буманн, EXPO 2017 көрмесіндегі Германия павильонының баспасөз хатшысы.
Тел.: +49 (0) 40 8539 9891, +49 (0) 160 3850 343, эл. пошта: frank.bumann@expo2017-
germany.com__

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы
12 мая 2017 | Просмотров: 95 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстанда жаңа медиаодақ құрылды
  • Астанада «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
  • Дәурен Абаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
  • Теріс пиғылдағы сайттарды анықтау үшін тәулік бойы мониторинг жүргізілуде - Дәурен Абаев
  • Қазақстанда жаңамедиаодақ құрылды
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті
  • Астанада «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
  • «Казкоммерцбанк» АҚ «БТА Банк» АҚ-на ұсынылған займның өтелгені туралы хабарлайды
  • ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін қысқартты
  • ОПЕК келісімінен шығу Қазақстанға тиімді ме – сарапшы