Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Қазақстанның әділетті экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру шешуші маңызға ие
Астанада әлемдік даму туралы баяндама таныстырылды. Баяндамада Дүниежүзілік банк дамушы елдерді және халықаралық даму агенттіктерін мемлекеттік басқару ісін түбегейлі түрде қайта ой елегінен өткізуге үндеп отыр, өйткені мұндай реформа қауіпсіздікке, экономикалық өсімге және әлеуметтік әділеттілікке қауіп төндіретін мәселелерді шешуші кезінде өзекті маңызға ие болуда.

«Әлемдік даму – 2017: Мемлекеттік басқару және заң» баяндамасында биліктің теңдей бөлінбеуі саяси шаралардың тиімділігінің төмендеуіне қалай әсер етіп отырғандығы туралы айтылған. Үлгі етіп алуға тұрарлық жемқорлыққа қарсы заңдар мен мекемелердің жемқорлық деңгейін төмендете алмай отырғанының басты себептерінің бірі биліктің тепе-тең үйлестірілмеуінде жатыр. Осы тұста орталықсыздандыру жергілікті билік деңгейінде көрсетілетін қызметтердің сапасын әрдайым арттыра бермейді, ал салықтық-бюджеттік саясаттың жіті ойластырылған шаралары тұрақсыздықты төмендету және де ұзақ мерзімді жинақтарды ынталандыру үшін жиі ретте жеткіліксіз болмай жатады.

Саяси шаралар мен техникалық шешімдер тиісті нәтижелерді бермеген кезде әдетте бұның кінәсі мемлекеттік институттарға тағылады, деп атап өтілген баяндамада. Сондай-ақ, саяси шаралар алға қойылған міндеттерді шеше алуы үшін мемлекеттер мен донорлар басқару тиімділігін арттыруға келгенде кең тәсілдемелер жиынтығын басшылыққа алуы тиіс екендігі де құжатта айтылған. Баяндамада тиімді басқару ісі «үрдіс» ретінде қарастырылып отыр, оның аясында мемлекет пен үкіметтік емес субъектер қоғам ішіндегі күш пен билік құрылымының арақатынасымен белгіленген ресми және бейресми ережелерге сай өзара әрекеттесіп, саясатты әзірлеп, жүзеге асырады.

Пікірталас кезінде Қазақстанның сан алуан билік тармақтарының өкілдері мемлекетті басқарудың қазақстандық үлгісін құру жолында ел алдында туындаған мәселелер мен озық шешімдер туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, ғылыми және академиялық ортаның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері талқылауға қатысты.

«Қазақстан адам капиталына инвестиция құю арқылы өз экономикалық өсімін қамтамасыз ете алды. Алайда  ары қарайғы дамуды қолдап, ел алдында тұрған экономикалық міндеттерді шешу үшін Қазақстан тұрақты дамуға нұқсан келтіруі мүмкін басқару ісіндегі бірқатар мәселелерді шешуі тиіс », - деп атап өтті Орталық Азия аймағындағы Дүниежүзілік банктің директоры Лилия Бурунчук.

Аталмыш баяндама соңғы екі жыл ішінде көптеген елдерде өткізілген зерттеулер мен кеңес берулердің қорытындысына негізделген, сондай-ақ, онда реформаларды өткізу және мемлекеттік басқару динамикасын өзгерту барысында басшылыққа алынуы тиіс елді әділ дамыту қағидалары ұсынылған.

Дүниежүзілік банктің кедейшілік және әділеттілік мәселелері жөніндегі тәжірибесінің басшысы, баяндама авторларының бірі Луис Фелипе Лопес-Кальва таныстырылым кезінде атап өткендей, барынша жоғары нәтижелерге жету үшін мемлекеттік институттар келесі үш негізгі қызметтерді атқаруы тиіс:

Ұдайы өзгеріп отыратын жағдайда саясатты жүзеге асыруға деген ықыластылықты күшейту. Мәселен, шешім қабылдаушы тұлғалар күтпеген кірістерді болашаққа алып қоюдың орнына, оны жұмсайтын болса, бұл тәжірибе өз пайдасын беруі мүмкін.
Әлеуметке пайдалы әрекеттерге қоғам мүшелерін ынталандыру және олардың үміттеріне ықпал ету үшін үйлестіру тиімділігін арттыру. Мәселен, қаржы жүйесіне деген сенім әлсіреген кезде азаматтардың өз салымдарын банктан жаппай шығарып тастайтыны белгілі. Экономикалық дағдарыс кезінде  ақшаны банкте ұстаған дұрыс екенін жақсы біле тұра, қалың жұртшылықтың өз салымдарын банктен тезірек шығарып алуға асығып жатқанын көріп, басқалар да дәл солай әрекет етуге тырысады. Нәтижесінде банктердің төлемпаздығы азайып, бұл олардың күйреуіне әкеп соғады.
Ынтымақтастықты ынталандыру. Тиімді саясат ынтымақтастықтың дамуына жағдай жасап, көтермелеуші немесе айыппұл түріндегі ықпалшараларды қолдану арқылы оппортунистік (мәселен, салықтан жалтару сынды) мінез-құлықтың жайылуын шектейді.

Сонымен қатар, баяндамада қазіргі жағдайдан пайда көріп отырған қоғам ішіндегі белгілі бір топтардың реформалардың жүзеге асырылмауына ықпал ете алуы салдарынан тиімді саяси шараларды қабылдау және жүзеге асыру жиі ретте қиындықтарға тап болады деген қорытынды жасалып отыр. Дегенмен, азаматтардың белсенді атсалысуы арқасында, сондай-ақ, шешім қабылдайтын тұлғалардың ниеттерін өзгерте алатындай одақтастықтарды құратын азаматтар, өз билігін шектеуге келісетін дегдар топ және де ел ішінде реформаларды өткізетін тұлғаларға ықпалы жүретін, биліктегі күштің арақатынасына жанамалай түрде әсер ете алатын халықаралық қауымдастық арасындағы өзара әрекеттестік арқасында оң өзгерістерді жасауға болатынын атап өту қажет.

Баяндамада атап өтілгендей, сәтті реформалар – бұл «оңтайлы тәжірибені» кеңінен таратуға ғана емес, сондай-ақ, ол бүкіл азаматтардың мүддесіне қарсы келіп отырған нақты мәселелерді шешіп, жергілікті динамиканы толық көлемде ескеруге мүмкіндік беретін институциялық үлгілерді ендіруді және түзетулерді қабылдауды қажет етеді.


Дерекналма: Дүниежүзілік банкi



17 мая 2017 | Просмотров: 68 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстанда жаңа медиаодақ құрылды
  • Астанада «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
  • Дәурен Абаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
  • Теріс пиғылдағы сайттарды анықтау үшін тәулік бойы мониторинг жүргізілуде - Дәурен Абаев
  • Қазақстанда жаңамедиаодақ құрылды
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті
  • Астанада «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
  • «Казкоммерцбанк» АҚ «БТА Банк» АҚ-на ұсынылған займның өтелгені туралы хабарлайды
  • ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін қысқартты
  • ОПЕК келісімінен шығу Қазақстанға тиімді ме – сарапшы