Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Fitch Қазкоммерцбанктің рейтингісін «BB–» дейін көтерді
2017 жылғы 5 қыркүйек, Алматы – Бүгін Қазкоммерцбанк («ҚКБ» немесе «банк») Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚКБ-ның шетел және ұлттық валютада  ұзақмерзімді эмитенттің дефолт рейтингісін («ЭДР») «CCC»-ден «BB–» дейін көтерді; банктің қысқамерзімді ЭДР «C»-ден «B» дейін көтерілді; тұрақтылық рейтингісі «f» дәрежесінен «b» дейін көтерілді; қолдау рейтингісі «5» дәрежесінен «3» дейін көтерілгені туралы хабарлайды. Банктің ұзақмерзімді және қысқамерзімді ЭДР бойынша болжамы – «Тұрақты». Бұнымен қоса, Fitch ҚКБ-ның бас құрылымының – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ (Халық Банкі) рейтингісін растады.  
Fitch-тің бұл рейтингтік әрекеттері 2017 жылғы шілдеде Халық банкімен ҚКБ-ның 96,81% жай акцияларын сатып алғаннан кейін және ҚКБ-ға 185 млрд теңге көлемінде қайта қаржы құйылған соң орындалды.  
Сондай-ақ Fitch, «Қазкоммерцбанкті Қазақстанның Халық Банкі үшін топтың шоғырландырылған активтерінде ҚКБ-ның елеулі 40 пайыздық үлесін есепке ала отырып, сонымен қатар жаңа еншілес құрылымға қатысты бас банктің оны тікелей иемденуі, басқаруы және қадағалауы себебінен стратегиялық маңызы бар еншілес құрылымы ретінде жіктейтінін» хабарлады.
Осымен Fitch Халық Банкімен ҚКБ-ны сатып алу мәміленің нәтижесінде ҚКБ-ның рейтингісін жоғарылатқан үшінші халықаралық агенттік болды. Бұдан бұрын Standard&Poor’s және Moody’s Investors Service осындай рейтингтік әрекеттер қолданған еді. Осылайша S&P ҚКБ-ның ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін «B–»-тан «В+»-қа дейін көтерді, ал банктің қысқамерзімді кредиттік рейтингісі «В» дәрежесінде расталды. Сонымен қатар банктің ұлттық меже бойынша рейтингісі «kzB+»-тан «kzBBB–» дейін көтерілді. Рейтингтер бойынша болжам тәуелсіз рейтингке сәйкес «жағымсыз» дәрежесінде сақталды. Ал Moody’s агенттігі өз кезегінде ҚКБ-ның депозиттік рейтингісін «B3»-тен «Ba2»-ге дейін көтерсе, кредиттік рейтингісі «тұрақты» болмажымен «Caa2»-ден «B1»-ге дейін көтерілді.    
Қазкоммерцбанк
Қазкоммерцбанк – Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі. 2017 жылғы шілдеден бастап, Қазкоммерцбанк оның 96,81% жай акциясын «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ сатып алған соң Halyk Group қаржы тобының құрамына кіреді.
Қазақстанның Халық Банкі
Қазақстанның Халық Банкі – Қазақстанда түрлі сегменттерде, солардың ішінде бөлшек саудада, ШОБ және корпоративті банктік қызметтерде, сақтандыруда, лизингте, активтерді басқаруда және брокерлік қызметтерді көрсететін жетекші қаржы тобы. Халық Банктің 1998 жылдан бері Қазақстанның Қор Биржасында және 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасында листингісі бар.  
5,275.7 млрд теңге көлемінде активі бар (ҚКБ-ны есепке алусыз 2017 жылғы 30 маусымға шоғырландырылған есебі бойынша) Халық Банк Қазақстанда жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Ел бойынша Халық банкте ең ірі клиенттік қоры бар және 504 филиалы мен бөлімшелері бар оның филиалдық желісі жақсы дамыған. Сонымен қатар Халық Банкі Ресейде, Грузияда және  Қырғызстанда да қызмет көрсетеді.  
Байланыс үшін:

Алма Бұйрақұлова, Investor Relations
тел.: +7 (727) 2 585 125, E-mail: investor_relations@qazkom.kz

Илья Боровой, Корпоративті коммуникациялар қызметі
тел.: +7 (727) 2 585 456, 2 585 392, E-mail: pr@qazkom.kz

5 сентября 2017 | Просмотров: 92 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар