Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Qazkom кредиттік мөлшерлемені төмендетіп, ШОБ-ты қаржыландыруды 20%-ға арттыруды көздеп отыр


2017 жылғы 28 қыркүйек, Алматы – Қазкоммерцбанк қарқынды түрде шағын және орта бизнесті кредиттеуді бастады және жыл соңына дейін ШОБ-тың ссудалық қоржынын алғашқы жартыжылдықтың қорытындысымен салыстырғанда 20%-ға арттыруды көздеп отыр. Бұған 2017 жылғы шілдеде банктің негізгі акционерінің ауысынан арзан қорларға қолжетімділік пен банкті капиталдандыру көрсеткіштерінің жақсаруы себеп болып отыр.    
«Банкте кредиттеуде біраз үзіліс болғанына қарамастан көптеген клиенттеріміз бізбен бірге қалды. Біз өз тарапымыздан оларға қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды айтамыз және бүгінгі күні Halyk Group-тың бір бөлігі болып табылатын Қазкоммерцбанк шағын және орта бизнесті төменгі мөлшерлемелер мен минималды комиссиямен қайта қаржыландыра бастады», - деді ШОБ-қа қызмет көрсету сұрақтарына жетекшілік ететін банктің басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.
Тамыз айынан бастап, банк шағын және орта кәсіпкерлерге орташа нарықтық бағамынан төмен мөлшерлемелер бойынша, шамасы жылдық 15%-бен қаржы ұсынуда. Егер де 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚКБ ШОБ-ты мемлекеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен ғана қаржыландырған болса, бүгінгі күні банк өзінің жеке бағдарламалары аясында кредит беруді бастады.  
Нәтижесінде, 2017 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша ҚКБ жалпы сомасы 126,9 млрд теңгені құрайтын кәсіпкерлердің 283 кредиттік өтінімін мақұлдаған. Ссудалық қоржынын ұлғайту бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін банк 75 млрд теңге көлемінде 200 –ден астам жобаны қосымша қаржыландыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 61,6 млрд теңге сомасындағы 168 өтінім банктің тиісті органдарымен қарастырылуда.    
Бүгінгі күні ШОБ-тың ссудалық қоржынындағы жобалардың 61%-ы банктің жеке бағдарламалары есебінен қаржыландырылып отыр, ал қалған көлемді мемлекеттік бағдарламаларының желісі бойынша қаржы алған ШОБ жобалары құрайды. Банк өз қаржыландыру бағдарламалары есебінен жыл соңына дейін ШОБ-ты қарқынды түрде кредиттеу арқылы жобалардың үлесін 70%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлауда.  
ШОБ сегментіндегі қоржынның сараптамасы кредиттік қаржының көбісі - 91%-ы кәсіпкерлер айналымдағы қаражатты толықтыру үшін, ал 7%-ы ғана инвестицияға алатынын көрсетті. Ал салалық тұрғыдан алатын болсақ, бірінші орындарда сауда мен өндіріс тұр – 43% және тиісінше 39%, ал қызмет көрсету саласы 18%-ды көрсетуде. Аймақтық бизнесте Алматы мен Көкшетаудың, сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе мен Оралдың кәсіпкерлері белсенділік танытуда.        
Қазкоммерцбанк
Қазкоммерцбанк – Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі. 2017 жылғы шілдеден бастап, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ы Қазкоммерцбанктің 96,81% жай акциясын сатып алған соң ол Halyk Group қаржы тобының құрамына кіреді.
Halyk Group
Halyk Group - ТМД елдерінің жеке қаржы институттарының актив көлемі бойынша үшінші орынды иеленетін Қазақстанның ірі жетекші қаржы тобы. Halyk Group қаржы тобының құрамында Halyk Bank, Qazkom және Altyn Bank әмбебап коммерциялық банктер, сондай-ақ бөлшек сауданы, ШОБ және корпоративті банктік қызметтерді, сақтандыруды, лизингті, активтерді басқару және брокерлік қызметтерді ұсынатын компаниялар бар. Сонымен қатар Halyk Group Қазақстаннан өзге шет елдерде: Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда және Тәжікстанда да қызмет көрсетеді.  
Байланыс үшін:

Илья Боровой, Корпоративті коммуникациялар қызметі
28 сентября 2017 | Просмотров: 79 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар