Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
«Сауда, көлік және жеміс-көкөніс секторының өсу келешегі» Жетінші Орталық Азия сауда форумы АҚШ қолдауымен өтуде
Дереу тарату үшін

2017 жылдың 18 қазаны
Байланыс: Шойбекова Әсел, Коммуникациялар жөніндегі директор
Орталық Азиядағы бәсеке қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі USAID жобасы
Т.: +7 701 756 33 67
E-mail: Assel_Choibekova@dai.com



Алматы, Қазақстан, 2017 жылдың 18 қазаны – Орталық Азия, Азия және Еуропадағы 18 елдің компания басшылары және мемлекеттік сектор өкілдері, жалпы 500-ден аса қатысушы бүгін Алматыда шымылдығы ашылған Жетінші жыл сайынғы Орталық Азия сауда форумы аясында бас қосты. Екі күндік сауда форум биыл «Сауда, көлік және жеміс-көкөніс секторының өсу келешегі» деген тақырыпқа арналып өткізілуде. Форум қатысушылары әлемдік саудадағы бәсеке қабілеттілікті нығайту және де Орталық Азия аймағында жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында компаниялардың бәсеке қабілеттілігін көтеру мәселелерін талқыламақ.

«Сатушылардың, сатып алушылардың және сауда делдалдарының басын қосатын Орталық Азия сауда форумы жаңадан құрылған бизнестің өсуіне, ал қызметін бұрыннан жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюіне көмектесу үшін іскерлік байланыстарды орнатуға арналған алаңды ұсынып отыр», - деп атап өтті Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж А. Крол.

Сондай-ақ, Форумның тәжірибелік маңызы да зор: іс-шара аясында Орталық Азия елдерінен экспортталатын жеміс және көкөніс көлемін арттыру, аймақтағы саудаға және оның экономикалық дамуына бөгет болып отырған тасымалдау және логистикадағы келелі мәселелер көтерілуде. Сауда форумы аясында көрме ұйымдастырылып, онда өндірістік және көліктік шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін жеміс-көкөніс, көлік және логистика саласындағы жаңа технологиялар, жабдықтар мен қызметтер таныстырылатын болады.

Аймақтық және халықаралық саудадағы аса маңызды трендтерді шешу жөнінде мемлекет пен жекеменшік сектор арасында диалогты орнатуға жағдай жасаумен қатар, ұйымдастырушылар қатысушыларға бірден-бір мүмкіндікті ұсынуда, атап айтқанда, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын халықаралық стандарттарттарды ендіруге арналған бизнес-тренингтер ұйымдастырылатын болады.

Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы бәсеке қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі USAID жобасы арқылы форумның басты демеушісі ретінде қолдау көрсетті. Аталмыш жоба Орталық Азияның бес еліндегі жеміс-көкөніс, көлік және логистика секторларының экспорттық әлеуетін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Аймақтағы компаниялардың бәсеке қабілеттілігін дамыту және де саудадағы бөгеттерді алып тастау арқылы АҚШ тұрақты әрі бәсекеге қабілетті жекеменшік сектордың қалыптасуына жағдай жасауда.

Сондай-ақ, Форум серіктестері ретінде келесі ұйымдар қолдау көрсетті: «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Орталық Азия аймағындағы саудаға жәрдемдесу» GIZ аймақтық бағдарламасы; Еуропалық қайта құру және даму банкі; Crown Agents; GLOBALG.A.P.; Cert Academy; Жапонияның Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (JICA); KAZLOGISTICS; Cold Chain Alliance.

«Жетінші Орталық Азия сауда форумы 2017» туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына сайтты қараңыз: www.catradeforum.org

18 октября 2017 | Просмотров: 180 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Сағынтаев «Баку - Тбилиси - Карс» бағдарының ашылуына қатысты
  • Bank RBK-ның жұмысын толықтай қалпына келтіру мерзімі белгілі болды
  • 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне үй алуға деп 168 миллиард теңге берілді
  • Қырғызстанға импорттық тауар ағынынан ЕАЭО елдері шығынға батып отыр – Сағынтаев
  • Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті
  • 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне үй алуға деп 168 миллиард теңге берілді
  • «Delta Bank» қызметі сотпен мәжбүрлі түрде тоқтатылады - Ұлттық банк
  • Сағынтаев «Баку - Тбилиси - Карс» бағдарының ашылуына қатысты
  • «ҚазАқпарат» жаңалықтары ыңғайлы мобильдік қосымшада таратылады
  • Еңбек министрі Қарағандыда экономист болып жұмысқа орналаспақ болды