Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне үй алуға деп 168 миллиард теңге берілді

Баспасөз мәлімдемесі
Алматы                                                                                                      31 қазан 2017ж.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшыларының депозит базасы осы жылы 30%-ға артты. Қазіргі уақытта банкте 477,3 млрд теңгенің 988 152 депозиті бар. Осылайша ТҮҚЖЖБ ұзақмерзімді салымдар нарығында 1-орынға ие болып отыр.
Банк – Қазақстанның ипотекалық нарығында да көшбасшы. Елдегі барлық ипотекалық несиелердің 75%-ын осы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берген. 2017 жылдың 9 айында қазақстандықтар үйлі болу үшін екінші деңгейлі банктерден 223 млрд теңге алса, оның 168 млрд теңгесін ТҮҚЖБ бөліп отыр. Жалпы жыл басынан бері 28 990 қазақстандық отбасы ТҮҚЖБ көмегімен тұрғын үй жағдайын жақсарта алған. Бұл туралы бүкіләлемдік Жинақ күніне орай ұйымдастырылған, 2017 жылдың 9 айындағы банк қызметінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады.
- Халық банктің сенімді болғанын және табыс әкелгенін қалайды. Банк сенімділігі несие қоржынының сапасына және депозит ресурстарының қайда орналасқанына тәуелді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде уақтылы төленбей, мерзімі 90 күннен өтіп кеткен заемдар, яғни NPL деңгейі 0,33%-ға тең. Бұл – елдегі екінші деңгейлі банктер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Депозит бойынша табыстылықтың жылдық мөлшерлемесі 2%-ға тең. Бұған қоса салым ақшасына жыл сайын мемлекет тарапынан 20% көлеміндегі сыйлықақы да қосылады. Осы жылы мемлекеттік сыйлықақының ең жоғарғы сомасы 90 760 теңгені құрады. Яғни жылына 450 000 теңгеге дейін ақша жинай алатын адамдар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ең үздік шарт – жылдық мөлшерлемесі 22%-ға жуық табыстылық ұсынып отыр, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
Салымшылар ашатын шоттың орташа сомасы 5 миллион теңгеге тең. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3,8 млн теңгені көрсеткен болатын. Келісім-шарт бекіту комиссиясы алынып тастағалы бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттік базасы айтарлықтай артты. Комиссия 2017 жылдың сәуір айында күшін жойған болатын. Осы сәуір айында 58 390 адам депозит ашты, ал 2016 жылдың балама кезеңінде бұл сан 20 310-ға тең болған еді. Жалпы алғанда 2017 жылдың 9 айы бойынша 255 278 адам шот ашты, бұл өткен жылдың алғашқы тоғыз айымен салыстырғанда бір жарым есе көп. Күн сайын банкте 2 000-нан астам депозит ашылады.
2017 жылдың мамыр айында банк теңге бағамының өзгеруіне байланысты салымшыларға өтемақы ресімдеудің екінші траншын мерзімінен бұрын төледі. Жалпы алғанда екі жыл ішінде клиенттерге 49,4 млрд теңге аударылды. Оның 19,4 миллиарды банктің өз қаражатының есебінен төленді.
2017 жылдың тамыз айында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бұрын қолданыста болған тарифтік бағдарламаларды бір жобаға біріктірді. «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ» бағдарламаларын «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасы ауыстырды. Банк салымшылары қанша уақыт ақша жинап, қандай пайызбен тұрғын үй заемын алуды өздері шешетін болды. Бұл жаңалық банк қызметтерін барынша қарапайым әрі қолжетімді жасап, депозиттен кейінгі операцияларды айтарлықтай қысқарды.
Сондай-ақ банк қыркүйек айында жаңа онлайн-сервис – Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталын іске қосты. Ол «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында баспана таңдауды ыңғайлы, ал тұрғын үй бөлістіру процесін айқын ете түсу үшін жасалған. Порталда банк клиенттері, құрылыс компаниялары және мемлекеттік органдар біріктіріліп отыр. Жаңа сервистің іске қосылғанына бір ай шамасындағы уақыт өтсе де, 180 нысан туралы ақпарат жарияланып, 6 000-нан астам салымшы пәтер сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берді, 1 400 пәтер бөлістірілді. Орта есесппен порталға күніне 3 500 адам кіреді.
Банктің депозит және несие қоржыны соңғы үш жыл ішінде айтарлықтай өскен. Мысалы, 2017 жылдың 9 айында салымдардың жалпы сомасы 477,3 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың балама кезеңінде бұл көрсеткіш 367,8 млрд теңгеге тең болған еді. Осы жылғы қолданыстағы несие қоржыны бірден 114,1 млрд теңгесі өсіп, есептік кезеңде 415 млрд теңгені құрады, ал өткен жылдың балама кезеңінде бұл көрсеткіш 300,8 млрд теңге шамасында болатын.
Артып келе жатқан клиенттер базасына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жоспарлы түрде төлем қабылдаудың балама жолдарын кеңейтіп жатыр. Маусым айында «Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Енді банк клиенттері бүкіл ел бойынша ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде де депозит аша алатын болды. Сонымен қатар Халық Банк, E-gov, Қазкоммерцбанк, Каспи Банк, Банк Центр Кредит, Qiwi, Pay point және басқа қызметтердің көмегімен шотқа ақша аудару мүмкінді бар. Серіктестер көмегімен салымға қаражат құю кезінде ТҮҚЖБ клиенттерінен комиссия алынбайды. Қазіргі уақытта банктің барлық төлемдерінің 30%-дан астамы балама жолдармен жүзеге асырылады.
«Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй салуға жекеменшік құрылыс жүргізушілерді ынталандыру және жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағыттарын жүзеге асырады. ТҮҚЖБ желісі бойынша жыл басынан бері 5400-ден астам пәтер пайдалануға берілді.

***

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00526), 8 707 7 33 22 92
pr@hcsbk.kz
31 октября 2017 | Просмотров: 17 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Сағынтаев «Баку - Тбилиси - Карс» бағдарының ашылуына қатысты
  • Bank RBK-ның жұмысын толықтай қалпына келтіру мерзімі белгілі болды
  • 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне үй алуға деп 168 миллиард теңге берілді
  • Қырғызстанға импорттық тауар ағынынан ЕАЭО елдері шығынға батып отыр – Сағынтаев
  • Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті
  • «Delta Bank» қызметі сотпен мәжбүрлі түрде тоқтатылады - Ұлттық банк
  • 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне үй алуға деп 168 миллиард теңге берілді
  • Сағынтаев «Баку - Тбилиси - Карс» бағдарының ашылуына қатысты
  • «ҚазАқпарат» жаңалықтары ыңғайлы мобильдік қосымшада таратылады
  • Еңбек министрі Қарағандыда экономист болып жұмысқа орналаспақ болды