Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Алматы қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру мәселелері жөнінде қазақ тілді БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық білім беру семинары өтті.
Семинарды Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Баспасөз клубының қолдауымен ұйымдастырды.

Семинардың басты мақсаты – қазақ тілді БАҚ беттерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері жөнінде ақпарат жариялаудың  тиімділігін арттыру, осы тақырып аясында журналистердің ақпарат көзін іздеу және ақпарат жинау дағдыларын дамыту, бейіндік мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы ынтымақтастығын орнату.

Семинар жұмысына қоғамдық-саяси басылымдардың журналистері, телевидение және ақпараттық агенттіктер қызметкерлері, сондай-ақ, БАҚ саласындағы басқа да сарапшылар қатысты.

Белгілі қазақстандық журналис Жазира Бегалы ақпаратпен жұмыс жасау, ақпараттың шынайылығын тексеру, сарапшыларды іздеу, сұхбат алу техникасы, ақпараттық желеулер, мәтінмен жұмыс жасау сынды тақырыптарды қозғаған тренинг пен тәжірибелік сабақты өткізді.

Семинар ұйымдастырушылары ерекше атап өткендей, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде ақпарат жариялау кезінде БАҚ өкілдерінің өз біліктіліктерін көтеруге, осы сала, оның заңдылықтары, құралдары мен тетіктері туралы ақпаратты жүйелеуге ұмтылыстары жоғары екендігі байқалып отыр. Ұйымдастырушылар осындай іс-шараларды өткізу қазақ тілді БАҚ беттеріндегі материалдың сапасын көтеруге және де кәсіби қазақ тілді журналистиканы дамыту арқылы бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік қалыптастыруға жағдай жасайды деп үміт білдірді.


Дерекналма: Қазақстан баспасөз клубы


12 декабря 2017 | Просмотров: 33 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті