Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Tele2 және Altel бірлескен кәсіпорнының абоненттер қоры 2017 жылы 6,9 миллионға жетті
Компания 2017 жылды басты көрсеткіштерінің барлығын өсірумен аяқтады. Қызметті қолдануға қосылғандардың саны бір жыл ішінде 475 мың абонентті құрады. Осылайша есепті кезеңнің соңында жалпы абоненттер қоры  6 млн 914 мыңға жетті.

Таза абоненттік түсім 2016 жылмен салыстырғанда бір жыл ішінде 16%-ға өсіп, 81 млрд теңгеге жетті. Түсімі жоғары өнімдер, жетілдірілген операциялық жұмыс ауқымы, Tele2 және Altel-дың бірігуі нәтижесінде болған синергия 2017 жылы EBITDA көрсеткішінің (салықтарды, пайыздарды және тозымпұлды төлеуге дейінгі пайда) өсуіне жағдай жасаған басты факторларға айналды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 174%-ға өсіп, 2017 жылдың соңында 24.76 млрд. теңге құрады.

Компания желі құрылысын жалғастырып, 2017 жылдың 3-тоқсанында 1740 базалық станцияны біріктіре отырып, радиожелілерді ықпалдастыруды аяқтады. Желіні техникалық тұрғыда жаңғырту және шапшаң ғаламтормен қамтамасыз ету бағытында күш жұмылдыру арқасында деректерді тарату көлемі 48%-ға өсіп, 2017 жылдың соңында 540 Пб-тан асып түсті.

 «Altel және Tele2 бірлескен компаниясы үшін өткен жыл бірнеше себептерге байланысты айтулы кезеңға айналды. Біріншіден, біз өткен жылдардағы нәтижелерді айтарлықтай озып шығып, барлық бағыттарда өсуімізді жалғастырдық. Екіншіден, бірқатар көрсеткіштер жағынан біз бәсекелестерімізден оза шаптық. Атап айтқанда, 2017 жылдың нәтижесі бойынша біз 4G стандартындағы қызметтерді ұсыну жағынан технологиялық көшбасшы болып табыламыз. Сондай-ақ, Қазақстан халқының 73%-ға жуығын осы технологиямен қамтып отырмыз, бұл бәсекелестеріміздің көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түседі. Өткен жылдың сәуірінде біз операторлар арасында бірінші болып LTE Advanced технологиясын қосып, секундына 150 Мбит-тен жоғары шапшаңдықпен интернетке қол жеткізу қызметін абонентерімізге ұсындық.

Ақыры, біз 2017 жылы ең қиын жобаны - Altel және Tele2 желілерін біріктіру жобасы аясында жұмысты аяқтап бітірдік. Осының арқасында абоненттеріміз дауыстық байланыс пен мобильдік интернет жылдамдығының айтарлықтай жақсарғанын сезініп отыр.

2018 жылы да бізің пайда мен абоненттер қорын өсіру жөнінде жоспарларымыз асқақ. Технологиялық көшбасшылығымызды сақтап қалу үшін біз өзіміздің 4G желімізді ары қарай да дамыта түспекпіз. Біз Tele2 бренді аясында ұтымды бағаларды ұсыну және Altel қолданушыларын мобильдік интернеттің үлкен көлемімен қамтамасыз ету арқылы өзіміздің басты стратегиямызды бек ұстанып келеміз», - деп атап өтті Tele2 және Altel бірлескен кәсіпорнының басқарма төрағасы Роман Володин.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы
7 марта 2018 | Просмотров: 147 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді
  • Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда Тікелей инвестициялар қоры құрылады
  • ДЭФ рейтингі: Қазақстан екі көрсеткіш бойынша бірінші орыннан көрінді
  • Қазақстан Президенті АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады
  • Қазақстан Doing Business рейтингінде 8 саты жоғарылады 2018 жылғы
  • Қазақстан экономикасының мұнайға тәуелділік деңгейі төмендеді - Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов
  • Қазақстанда 22,1 млн тонна астық бастырылды 2018 жылғы
  • Қазақстан Сианьдағы көрмеде өз өнімдерін ұсынды
  • Қазақстанда құрылатын жаңа әуе компаниясының тарифтері екі есе арзан болады