Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
«Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымын жариялайды
13 наурызда Алматыда Қазақстан Баспасөз-клубында «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жаңа маусымы жарияланды. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған «Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесінің жаңа маусымы Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін  «ZHERSU»  инвестициялық-өндірістік корпорациясы, бас ақпараттық серіктесіміз «Русское радио», QAZKOM, сондай-ақ, Қазақстан Баспасөз-клубы, "КТК", "31 телеарна", "Меломан" сауда желісі, «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі,  "Massaget.kz" жастар порталы, "Айқын", "Жас алаш" басылымдары, "Аруна" баспасының қолдауымен өтеді.


Байқауға қазақ және орыс тілінде жазылған жұмыстар наурыздың 13-нен бастап, қыркүйектің 15-не дейін қабылданады. Оқырмандар қазан айының 1-не дейін дауыс бере алады. Әдеби туындыларды ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmail.com,   kenze2002@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады. Конкурс жайлы толық мәліметті  жүлденің www.akalam.kz ресми сайтынан біле аласыздар. Сайысқа түскен барлық шығарма аталған сайтта орналастырылады. Оқырмандар төмендегі аталымдар бойынша дауыс береді:  

1. Жылдың үздік поэзиясы
2. Жылдың үздік прозасы
3. ДАРАБОЗ. Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы
4. Есенжол Домбаев атындағы жылдың үздік сатирасы
5. Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы
6. Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы
7. Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін  
8. Есенқұл Маманұлы атындағы сыйлық қазақ тіліндегі үздік романға беріледі.

Алғашқы кезеңде шығармалар www.akalam.kz веб-сайтында іріктеледі. Оқырмандар өзіне ұнаған жұмысқа дауыс бере алады. www.akalam.kz сайтындағы онлайын-дауыс беру 6 ай бойы жалғасады. Дауыс беру аяқталған соң, әр аталым бойынша 5 шығарма таңдап алынады. Сайыстың екінші кезеңіне оқырмандар тарапынан ең көп ұпай жинаған шығармалар өтеді. Одан кейін жүлдені ұйымдастырушылар мен жоба серіктестерінен құралған қазылар әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Өткен жылдардағыдай сайыс барысында шығарма авторлары көрсетілмейді.

Есенқұл Маманұлы атындағы бас жүлде - 1 000 000 (1 млн) теңге қазақ тілінде жазылған үздік романның авторына бұйырады. Сонымен қатар балалар әдебиетіне арналған "Дарабоз" байқауының жеңімпазына - 1 000 000 (1 млн) теңге беріледі. Қаржылай сыйлықтарды  «ZHERSU»  инвестициялық-өндірістік корпорациясының жетекшісі Бауыржан Оспанов тағайындап отыр.  

«Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі жеңімпаздарының есімдері күзде өтетін  марапаттау шарасында жарияланады.  

«Байқауды биыл жетінші рет ұйымдастырып отырмыз. «Алтын қалам 2018» жүлдесі талантты жас  қаламгерлерге өзін танытуға жол ашады деп ойлаймыз. Жыл өткен сайын қатысушылар қатары көбейіп келеді, бұған әрине қуанамыз. Бұл бүгінгі таңдағы қазақ әдебиетінің дамып келе жатқанын, өз қолтаңбасы қалыптасқан жаңа қазақстандық авторлардың таныла бастағанын аңғартады», - деді байқауды ұйымдастырушылардың бірі Кенже Жұманұлы.


Ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайы:
e-mail: adebiet2014@gmail.com  
mob: 87013366053

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы
13 марта 2018 | Просмотров: 156 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді
  • Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда Тікелей инвестициялар қоры құрылады
  • ДЭФ рейтингі: Қазақстан екі көрсеткіш бойынша бірінші орыннан көрінді
  • Қазақстан Президенті АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы егін орағының табысты аяқталуымен құттықтады
  • Қазақстанда 22,1 млн тонна астық бастырылды 2018 жылғы
  • Қазақстан Doing Business рейтингінде 8 саты жоғарылады 2018 жылғы
  • Қазақстан экономикасының мұнайға тәуелділік деңгейі төмендеді - Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов
  • Қазақстан Сианьдағы көрмеде өз өнімдерін ұсынды
  • Алматы əуежайының жаңа терминалы қай жерден салынатыны белгілі болды