Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
EMEA Finance журналының басылымы бойынша Халық банкі тағы да Қазақстанның үздік банкі атанды
Алматы, 2018 ж. ХХ сәуір — EMEA Finance magazine беделді халықаралық басылымының жыл сайынғы European Banking Awards 2017 марапаттау  қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық банкі» (бұдан әрі — Халық  банкі) тағы да Қазақстанның ең үздік банкі атанды.
«Бүгінгі таңда банктерге бұрынғыдай қатаң реттеу талаптарына және басқа банктер тарапынан да, нарықтағы жаңа қаржылық емес ұйымдардың да тығыз бәсекелестігіне байланысты сын-тегеуріндерге жауап беруге тура келеді.   Біздің жеңімпаздар әлемдік экономикалық жағдайдың жақсаруын пайдаланып, болашақта болуы мүмкін және күтпеген тегеуріндерге дайындалып, қайта құрылымдауды, ойын қайта қалыптастыруды және қайта жабдықталуды жалғастырып келеді», — делінген EMEA Finance басылымында.
«Белсенді халықаралық басылымнан жаңа марапат алу – бұл Казкоммерцбанкті сатып алудағы міндеттердің қиындығына қарамастан, өнімді және сәтті шыққан қызметіміздің тағы бір тәуелсіз бағасы, — деді банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова. — Біз үшін кәсіби жетістіктеріміздің арқасында жоғарғы сыйлықтарға лайық болатын әлімдік ірі банктердің қатарындағы тізімде болу үлкен мәртебе. Бұл акционерлеріміздің, инвесторларымыздың және клиенттеріміздің игілігі  үшін бізді жаңа істерге барынша ынталандырады».
EMEA Finance журналы жыл сайын ЕМЕА өңіріндегі – жаңадан дамушы Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі банктердің қызметін талдай отырып, қаржы саласындағы беделді халықаралық сарапшыларға, талдаушылар мен кеңесшілерге сауалнама жүргізеді.  2017 жылғы қызмет нәтижелері бойынша Халық банкінен басқа, «Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі» марапатына «Halyk Finance» Халық Банкінің еншілес ұйымы» АҚ ие болды, ол бұл жоғарғы марапатты қатарынан сегіз жыл бойы иеленіп келеді.  
EMEA Finance Банктердің және өзге де қаржы институттарының басшыларына ақпарат бере отырып, Еуропа, Таяу және Орта Шығыс, Африка елдеріндегі корпоративтік қаржы саласындағы елеулі оқиағалар мен жаңалықтардан  хабардар етіп отырады.  
Байланыс үшін
Сағынбек Шункеев
Маркетинг және PR департаментінің директоры
Тел: +7 (727) 259 03 01
e-mail: Saginbeksh@halykbank.kz

Дерекнама: Қазақстан Халық банкі
26 апреля 2018 | Просмотров: 42 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • БЖЗҚ активтерінің 15 пайызға жуығы қазақстандық банктерге инвестицияланды
  • Данияр Ақышев теңгенің еркін айырбас бағамының ерекшелігін түсіндірді
  • Лондонда Қазақстан-Британ инвестициялық жобаларын дамыту мәселелері талқыланды
  • Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады
  • Қазақстанға Қырғызстаннан келетін көкөністер көлемі артпақ
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
  • Fed signals steady course on inflation outlook
  • Елбасы: Классикалық журналистиканың басты сын-қатері - блогерлер мен әлеуметтік желі
  • АЭФ-та қала құрылысы мегажобаларындағы технологиялар туралы айтылады
  • Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты