Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ КЕГТЕРГЕ ҚҰЮДЫҢ ЖАҢА ЖЕЛІСІН ШЫҒАРЫП, ӨЗ ҚУАТЫН ҮЛКЕЙТТІ
2018 жылдың маусымында Carlsberg Kazakhstan компаниясы кегке құюдыңжаңа желісін іске қосты. Жүргізілген жаңғырту нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты 20%-ға артады, жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл жобаға қарастырылған инвестиция көлемі 340 млн. теңгеден астам соманы құрады.

2018 жылы Carlsberg Kazakhstan компаниясы қазақстандық сыра нарығында өз тұғырын нығайтуын жалғастырды. Бүгінде құйылмалы сыра сегменті сату көлемін ұлғайту тұрғысынан келешегі бар, себебі Қазақстанда соңғы бірнеше жылдар бойы тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Осылайша, 2017 жылдың соңына қарай оның үлесі сыра нарығының шамамен 35% құрады.  Сондықтан компания осы сегментте өз позициясын күшейту үшін кегтерге құюдың жаңа желісіне инвестициялауға шешім қабылдады.
Carlsberg Kazakhstan-ның алға қойған бизнес-мақсаттарына табысты қол жеткізуіне негізінде тұрақты даму құндылықтары жатқан стратегия көмектеседі. 2017 жылы жаһандық деңгейде Carlsberg Group климаттың өзгеруі, су ресурстары жетіспеуі және адам денсаулығына байланыстымәселелер сияқты қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап ретінде«Мақсат 4 НӨЛ: болашақ үшін бірге»деген жаңа ауқымды бағдарламасын іске асыруғакірісті. Бағдарламаға төрт стратегиялық ұзақ мерзімді мақсаттар кіреді: көміртек ізі - НӨЛ, су шығыны - НӨЛ, жауапсыз тұтыну НӨЛ және жазатайым жағдайлар - НӨЛ.
Бүгінде Carlsberg Kazakhstan ресурс үнемдеу бөлігінде өз салаларында ең озық қазақстандық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Өндіріске енгізілген инновациялық технологиялық шешімдердіңарқасында, 2012 жылдан бастап соңғы 5 жыл ішінде, компанияға меншікті су тұтынуынөз өндірісінде 51%-ға, жылу энергиясын – 55,8%, электр энергиясын – 43% азайтуға қол жеткізілді.
Сергей Рычков, Carlsberg Kazakhstan операциялық қызмет жөніндегі директоры: «2014 жылдан бастап біздің компания Lean TPM түрлі салалардағы үздіксіз жақсартулар мәдениетін құруға бағытталған оннан астам бағыттарды қамтитын, және жабдықтардың жұмыстарын жетілдіру, өнімнің сапасы, жұмыс процесінің тиімділігі, еңбек қауіпсіздігі деңгейін көтеруді қоса алғандағы ұқыпты өндіріс жобасын табысты енгізуде. Біз Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу Тұжырымдамасын іске асыру бойынша мемлекет бастамаларын қолдаймыз және осы Тұжырымдаманың көптеген ережелерін тәжірибеде қолданамыз».
Виктор Семак, Carlsberg Kazakhstanпрезидентіатап өткендей: «Жаңа құю желісі де, және біздің энергия үнемдейтін жобалар да – бұл бір тізбектің буындары. Бұл - қоғамға, әлеуметтік жобаларға біз тапқан қаржыны бөлуменбіздің компанияғаодан да табыстырақ және одан да тиімдірекболуғамүмкіндік беретіндүниелер. 2018 жыл біздің компания үшін мерейтойлы болып отыр. 20 жылдан бері біз Қазақстанда сыраныең үздік бүгініміз бен ертеңіміз үшін қайнатамыз. Біз тұрақты даму құндылықтарымен өзара тығыз байланыста болып,жергілікті қоғамдастық үшін маңыздыәлеуметтік жобаларға бастамашылық етіпжәне қолдау көрсетіп,Қазақстандағы өз бизнесіміздіәрі қарай дамытуды жалғастырамыз».
***
Carlsberg Kazakhstan сыра қайнату компаниясы– Қазақстан сыра қайнату нарығындағы көшбасшылардың бірі.Компания Carlsberg Group пен оның Шығыс Еуропа өңірінің бөлігі болып табылады, оған сондай-ақ Ресей, Әзірбайжан, Беларусь және Украина енеді. Бүгінде компания қоржыны сыраның 27 сұрпынан астам түрінен тұрады: Carlsberg, Kronenbourg 1664 Blanc, Tuborg, Holsten, Zatecky Gus, «Балтика», «Дербеc», «Ирбис», «Жигулевское Фирменное Живое», «Большая Кружка», «Алма-Ата» және т.б. сияқты брендтер.Өндірістік қуаты 2,1 млн гл. болатын компания зауыты Алматы қ. орналасқан.
Қазақстан компанияларының жыл сайынғы «Топ Жарған-2018» - Exclsuive.kz аналитикалық журналымен 16-шы жыл қатарынан іске асырылып жатқан жоба рейтінгісінің қорытындысы бойынша Carlsberg Kazakhstan 2017 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша FMCG секторындағы ең үздік беделді ТОP-10 қазақстандық  компаниялар қатарына еніп, бесінші орынды иеленді.
Қосымша ақпарат www.carlsbergkazakhstan.kz сайтында, сондай-ақ www.facebook.com/carlsberg.kzкорпоративтік парақшасында.
Carlsberg Group – сыра мен өзге де сусындар брендінің кең қоржынын иеленген әлемдегі ірі сыра қайнату компанияларының бірі. Компанияның флагмандық бренді– Carlsberg – әлемдегі ең танымал сыра брендтерінің бірі болып табылады: «Балтика», Carlsberg және Tuborg Еуропаның ірі брендтерінің ТОП-6 кіреді. Carlsberg Group-та шамамен 42 000 қызметкер жұмыс атқарады. Компания өнімі әлемнің 150-ден астам елінде сатылады. Толығырақ ақпарат компания сайтында орналастырылған:www.carlsberggroup.com
Қосымша мәлемет үшін хабарласыңыз:
Мария Горохова, коммуникациялар жөніндегі менеджер, «Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг  Қазақстан)» ЖШС
Тел. +7 (727) 321-01-00 (ішкі 289), Ұялы +7 777 551 0 289, е-mail: Mariya.Gorokhova@carlsberg.kz

26 июня 2018 | Просмотров: 17 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Биыл Қазақстанда қанша машина құрастырылады
  • Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына баға берді 2018 жылғы
  • CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ КЕГТЕРГЕ ҚҰЮДЫҢ ЖАҢА ЖЕЛІСІН ШЫҒАРЫП, ӨЗ ҚУАТЫН ҮЛКЕЙТТІ
  • ЕАЭО-ның қаржы нарығын реттеуші Қазақстанда орналасады
  • Әділет министрлігі Ұлттық қор активтерінің бұғатталуы туралы мәліметті жоққа шығарды
  • Сатып алулардың жаңа ережесі: «Самұрық-Қазына» бес айда 1,5 млрд теңге үнемдеді
  • Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары тағайындалды
  • Украина қазақстандық локомотивтерді сатып алуды жоспарлауда
  • Қазақстанда инфляция көлемі маусым айында 0,2% құрады 2018 жылғы
  • Қазақстанда I жартыжылдықта алтын өндірісінің көлемі 8,4% артты 2018 жылғы