Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Казкоммерцбанкті Халық банкіне біріктіру аяқталды
Алматы, 30 шілде 2018 ж. — «Қазақстан Халық Банкі» (бұдан әрі – Халық Банкі) және «Казкоммерцбанк» АҚ (бұдан әрі – Казкоммерцбанк) 2018 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша Өткізу актісіне 2018 жылғы 28 шілдеде қол қойылғаны туралы хабарлайды.
Аталған Өткізу актісі Казкоммерцбанкті Халық банкіне біріктіру нысанында Халық Банкін және Казкоммерцбанкті ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде Халық банкіне Казкоммерцбанктің мүлкін, барлық құқықтары мен міндеттемелерін беру дерегінің заңды ресімделуі болып табылады.
«Біз келіссөздерден бастап, Казкоммерцбанк акцияларын сатып алудан бұрын болған due diligence рәсімі (кешенді қаржылық тексеру), мәміленің жасалауы және екі банктің кейінен интеграциясы мен бірігуіне дейін бір жарым жылға созылған үлкен үрдісті аяқтадық. Халық Банкі мен Казкоммерцбанктің біріңғай технологиялық платформаға өтуі бойынша барлық іс-шаралар кестеге толықтай сәйкестікте аяқталды. Халық банкінің және де Қазақстанның жалпы қаржы секторының тарихында жаңа кезең басталуда. Миллиондаған клиенттер Халық Банкіне сенім білдірді, олардың сенімдерін ақтау үшін біз бар күшімізді саламыз», — деп біріктіру қорытындыларына Халық Банкінің Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова түсінік берді.
Өткізу актісін бекіту туралы шешімдер 2018 жылғы 26 шілдеде Халық Банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында, Казкоммерцбанк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында және де Казкоммерцбанк және Халық Банк акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданды (бұдан әрі – Акционерлердің шешімдері).
Акционерлердің шешімдеріне сәйкес Казкоммерцбанктің жай акцияларының орнына Халық банкінің 758 687 723 жай акциялары Казкоммерцбанк акционерлерінің (Халық Банкін қоспағанда) арасында орналастырылды.
Осылайша, Казкоммерцбанктің Халық Банкіне барлық мүлігін, барлық құқықтары мен міндеттемелерін беру үрдісі аяқталды. Одан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала рұқсаты алынды
Сондай-ақ Халық Банкі және Казкоммерцбанк барлық қажетті технологиялық жұмыстарды аяқтап, нәтижесінде Казкоммерцбанктің және Халық Банктің клиенттері енді Халық Банкінің барлық филиалдары мен бөлімшелерінде қызмет ала алады. Казкоммерцбанктің еншілес ұйымдары Халық Банктің еншілес ұйымдары болады.
Байланыс үшін:
тел. +7 (727) 259 0301, pr@halykbank.kz
30 июля 2018 | Просмотров: 11 | Пресс-релизы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстанда I жартыжылдықта алтын өндірісінің көлемі 8,4% артты 2018 жылғы
  • Ресейден Қазақстанға құс етін импорттауға шектеу енгізілді 2018 жылғы
  • Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
  • Ұлттық банк «Kompetenz» сақтандыру компаниясының лицензиясын тоқтатты
  • Зейнетақы қорына қандай кірістен жарна аударылады 2018 жылғы
  • Қазақстанда I жартыжылдықта алтын өндірісінің көлемі 8,4% артты 2018 жылғы
  • Банктерге қандай комиссиялар алуға тыйым салынды
  • Сарапшы Қытай валютасының құнсыздану себебін түсіндірді
  • Әзербайжан Қазақстанға шарап экспорттайды
  • Елбасы Павлодардағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысады