DataLife Engine > --- > Қостанайда өткен іскер журналистика бойынша тренинг

Қостанайда өткен іскер журналистика бойынша тренинг


3 наурыз 2010. : bizmedia

Kostanay

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 29-31 наурыз аралығында Европалық Одақтың қолдауымен іске асатын, "Десента" және "MediaNet" Қоғамдық Қорлары дайындаған жоба аясында "Іскер журналистика" арнайы курсы боынша "Аймақтық БАҚ-ның тәуелсіздігін сапалы іскер журналистиканы дамыту арқылы жоғарлату" атты кезекті тренинг өтті.

Қостанайда тренингтің ұйымдастырушылары "Солтүстік - Қазақстандық құқықтық медиа-орталық" Қоғамдық Қоры және ҚМУ-нің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедраларының оқытушылары болды, ал тренингке қостанайлық БАҚ-ның студенттері мен журналистері қатысты.


Арнайы курстың құрастырушысы және тренері "BizMedia" Іскер журналистика Орталығының" президенті Төлеген Асқаров болды.


Жоба аясында арнайы курстар басқа да - аналитикалық, құқық қорғау, экологиялық, журналистік тергеу, фото-және - Интернет-журналистика бағыттары бойынша да дайындалған. Ақпан айының аяғында Қазақстан Республикасындағы Европалық Одақ өкілділігінің басшысы, елші Норбер Жустеннің, Испания елшісі - Альберто Антона Кортес пен Польша елшісі - Павел Чеплаканың Павлодардағы сапары барысында, осы жобаның тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесердің басты мақсаты - БАҚ-ың редакторларына тәуелсіздікті нығайтуға жәрдемдесу, баспасөздің кәсіби қызметкерлері өткізетін семинарларда журналистерге, студенттерге және жоғарғы оқу орындары ұстаздарына дәріс алу мүмкіндіктерін беру.


1-2 сәуір аралығында ҚМУ-де Интернет-журналистика бойынша тренинг , ал 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Астанада фотожурналистика бойынша трениг өтті.