Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
«Кселл» мобильдік сауаттылықты көтеруге арналған «Digital Life» атты ауқымды жобаны бастады
Бүгін «Кселл» компаниясы мобильдік сауаттылықты көтеруге арналған «Digital Life» атты ауқымды білім беру жобасының басталғаны туралы хабарлап, жаңа үлгідегі тұңғыш өзінің Kcell Store дүкенінде қазақ тілінде «Мобильдік медиа» шеберлік сабағын өткізді.
«Digital Life» жобасының мақсаты – смартфондар мен мобильдік қосымшалардың беретін мүмкіндіктері мен артықшылықтарына қатысты кең жұртшылықтың білімін көтеру. 2015 жылдың желтоқсанына дейін жалғасатын бұл жоба Қазақстанның 16 қаласын қамтып отыр. Жалпы алғанда, «Digital Life» жобасы аясында 160 семинар және шеберлік сабағы өткізіліп, оған бірнеше мыңдаған адам қатысатын болады.
«Деректерді тарату қазіргі күні ұялы байланыс нарығының негізгі қозғалтқышына айналып отыр. Біз қазақстандықтардың ақылды смартфондарды қаншалықты белсенді пайдаланып жүргенін өзіміздің желімізден байқап отырмыз. Осы ретте қолданушылардың көпшілігі қолындағы осы құрылғыларын қоңырау шалу, интернетке шығу, коммуникаторлар мен әлеуметтік желілер арқылы тілдесу секілді тар мақсатта қолданып жүр. Алайда смартфондар мен мобильдік қосымшалардың берер мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан біз заманауи коммуникация технологияларының мүмкіндіктерін білім беру, дамыту, денсаулықты нығайту және өзінің ішкі таланттары мен шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында пайдалануға ұялы байланыс қолданушыларын үйрету үшін «Digital Life» жобасын іске қосып отырмыз», - деді «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
«Digital Life» жобасы бүгін «Mega Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығындағы Kcell Store  дүкенінде өткен «Мобильдік медиа» атты шеберлік сабағымен басталды. Оны Қазақстандағы белгілі мультимедиалық журналист, блогер, медиа-жаттықтырушы және Newreporter.org порталының редакторы Назгүл Қожабекова өткізді.
Шеберлік сабағына қазақ тілінде қалам тербеп жүрген блогерлер мен журналистер қатысып, олар қызықты әрі танымал контентті жасау үшін өз жұмысында смартфондарды қалай қолдануға болатыны туралы біраз ақпаратқа қанықты. Қазақ тілінде өткен шеберлік сабағы кезінде қатысушылар мобильдік қосымшалар көмегімен фотосуреттерді өңдеуді, мобильдік қосымшаларда коллажды және мәтін жазылған фотоларды жасауды, смартфонда видеоны монтаждауды, онлайн жүзінде хабар тарату үшін смартфондарды қолдануды, Guardian мобильді қосымшасы көмегімен смартфондар мен планшеттерде лонгрид пен әңгімелерді жазуды үйренді.
Шілде айында «Мобильдік медиа» тақырыбына арналған шеберлік сабақтары Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған және Орал қалаларында да ұйымдастырылып, қазақ және орыс тілдерінде  өткізілетін болады.
Digital Life жобасын жүзеге асыруда «Кселл» компаниясының серіктесі болып «E-Event» компаниясы жұмыс жасап жатыр.  Таяу уақытта ол Астанадағы «Цоколь» коворкингінде, Атырау, Ақтау және де Петропавлда «Қыздарға арналған мобильдік қосымшалар» атты семинарды өткізбек.
Жоба аясында жылдың соңына дейін «Мобильдік қауіпсіздік», «Мобильдік оқыту», «Мобильдік денсаулық», «Мобильдік бизнес», «Мобильдік үкімет» тақырыптарына арналған семинарлар өткізілетін болады. Семинарлардың өткізілетін күні, уақыты мен орындары www.e-event.kz сайтында және «Кселл» компаниясының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде жарияланатын болады. Шеберлік сабақтарына және семинарларға қатысу тегін.
 
Дерекнама: АО «Кселл»
15 июля 2015 | Просмотров: 365 | Тренингтер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді