Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Қазақстандық балалардың қаржылық сауаттылығы
2015 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Баспасөз клубында Әйелдердің көшбасшылығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақстандық балалардың қаржылық білімі мен қаржылық сауаттылығы тақырыбына арналған баспасөз мәжілісі өтті. Сонымен қатар, мәжіліс кезінде мектеп оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша факультативтік семинарларды өткізуге арналған пилоттық жобаның қорытындысы ортаға салынды.
Қазақстанда халықтың қаржылық білімі төмен деңгейде. Бұл тұтыну мүмкіндіктерін шектеген кеңестік кезеңнің қалдығы болса керек. Әрбір отбасы сол кезеңде салыстырмалы түрдегі тұрақты табыспен өмір сүргендіктен, нәтижесінде бұл олардың өз қаржысын жоспарлауына тежеу салды. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша халықтың 30%-дан аз бөлігі ғана отбасылық бюджетті және жеке қаржысын тұрақты түрде есепке алып отырады екен.
Қазіргі таңда халықтың өз өмірі мен келешегіне күрделі әсерін келтіруі мүмкін шешімдерді қабылдаумен байланысты қауіптер және оның нәтижесіндегі жауапкершілік мемлекеттен азаматтардың өздеріне тапсырылған, ал қаржылық қызметтердің сан алуан түрлері пайда болуда, бұл таңдау кезіндегі шешімді ақыл таразына сала отырып қабылдауды қажет етеді.
Негізгі қаржылық білімдерді беру және халықты ағарту - маңыздылығы мемлекеттік деңгейде мойындалған мәселе. Бұл міндет қаражат табу, оны жұмсау, жинақтау, қарыз алу және инвестиция құю мәселелеріне келгенде, ақшаны дұрыс басқара білу тәжірибесін игеруге мүмкіндік жасайтын білімдерді, дағдылар мен тәсілдерді ұсынуды көздейді.
Қаржылық сауаттылықтың іргетасы кез келген сауаттылықтың негізі секілді балалық шақтан қаланады. 2009 жылдың тамызында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша үлгілік оқыту бағдарламаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы шыққан болатын. Алайда бұл бұйрықты іс жүзінде жүзеге асыру жағы әлі ақсап тұр. Біз  жүргізген талдау нәтижелеріне сәйкес қаржылық сауаттылық көптеген мектептерде оқытылмайды екен, ал қалғандарында «Әлемтану» және «Технология» пәндеріне кіріктірілген. Мәселен, аспаздықты үйрену кезінде балалар тағамның бағасын есептеп шығарады. Біздің пікірімізше, мәселені бұлай шешілуі жеткіліксіз. Дәл осы себепке байланысты біз аталған жобамызды жүзеге асыруды ұйғардық. Осы жөнінде тарқатып айтып берсек дейміз.
Светлана Богатырева, Әйелдер көшбасшылығы қорының жоба жөніндегі директоры (немесе Мария Гусейнова, Әйелдер көшбасшылығы қорының атқарушы директоры):
Біздің қоғамдық ұйымымыз  орта мектептерге арнап қаржылық сауаттылық бойынша факультативтік сабақтарды оқытатын бағдарламаның операторы болып табылады. Біз мектеп балаларды осы заманның ортасында өмір сүруге дайындап, оларды тәжірибеде қолдануға болатын білімдермен қамтамасыз етуі тиіс деген пікірді ұстанамыз. 
Қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелерімен қазір бүкіл әлем айналысуда: 2003 жылдан бастап бұл мәселеге Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жетекшілік етіп келеді, ал 2006 жылы «үлкен сегіздікке» (G8) кіретін елдердің қаржы министрлері мүмкіндіктерді кеңейту және тиімді шешімдерді қабылдау мақсатында халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру маңызды екенін атап өткен болатын. 2008 жылы қаржылық білім беруге арналған INFE халықаралық желісі құрылды. Оның жетекшілік ететін жобаларының арасында түрлі елдердегі мектептерге арналған бағдарламалар да бар.
«Әйелдер көшбасшылығы қоры» отбасында болып жатқан барлық әрекеттерге балаларды қатыстырудың, оның ішінде отбасының ішкі экономикасына қатысты мәселелерге араластырудың маңыздылығын көтеріп жүрген кәсіпкер әйелдермен жұмыс жасайды. Балалар ақша қалай табылатынын көріп, оны үлестіруге қатысуы тиіс. Бұл оларға отбасының мүмкіндіктеріне парасатты көзбен қарап, сатып алынған заттарды, сыйлықтарды, ата-анасының еңбегін бағалауды үйренуге мүмкіндік береді.
Балаларды қаржы тақырыбы қаншалықты қызықтыратынын, тапсырмаларды үлкен ынтамен орындап, өз жобаларын жазуға тырысатынын біз сабақтарды өткізу кезінде байқадық. Еліміздің болашақ мамандарын, бизнесмендері мен басшыларын балалық шақтан бастап қаржы және қаржылық операциялар мәселесіне жауапкершілікпен қарауға үйретіп, осы іске өз үлесімізді қосып отырғанымызға біз қуаныштымыз.
Факультативтік семинарлар жобасы екінші деңгейлі банктің бастамасы бойынша әзірленді, сол себепті де бұл жоба еліміз үшін аса құнды.
Нарина Надирова, Хоум Кредит Банкі басқарма төрағасының орынбасары: 
Хоум Кредит Банкі қаржылық сауаттылықпен байланысты ауқымды, қызықты және өзекті жобаларды бірнеше жылдар бойы жүзеге асырып келеді. Бұл жобалар халықты қаржылық шешімдерді қабылдау кезінде бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауға, жеке және отбасылық бюджетті басқарып, жоспарлауға және осының нәтижесінде қаржылық институттармен ұзақ мерзімді, жауапкершілігі жоғары қатынастарды қалыптастыруға үйретуді көздейді. Біз - өңірлердегі қызметін кеңінен жүргізіп отырған бөлшек сауда банкіміз және де көпшілік жағдайда қаржылық ұйымның көмегіне алғаш рет жүгінетін халықпен жұмыс жасаймыз. Әдетте халықтың қаржылық білім деңгейі өте төмен болады, ал біз - НЕСИЕЛЕУГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУДЫ жақтайтын ұйымбыз және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнатуды көздейміз. Сондықтан біз қалаған адамның барлығына арнап Ашық есік күндерін және тегін семинарларды ұдайы өткізіп тұрамыз. 
Балалық шақтан бастап қаржылық сауаттылықты көтеруге арналған бағдарлама біздің осы бағытта жасаған екінші қадамымызға айналды. Балалар ақша не екенін, ол қайдан табылатынын, отбасылық бюджетте шығындар қалай үлестірілетінін түсінуі үшін отбасында ақшаны басқару дағдыларын тәрбиелеуге арналған «Балалар және ақша» деп аталатын кітап басып шығарылды. Кітаптың танымалдығы үлкен болғаны соншалықты, қазір ол Ресей, Қазақстан, Беларусия, Қытайда басып шығарылып, ағылшын тіліне аударылуда.
Әлемнің 10 елінде қызметін жүргізіп отырған Хоум Кредит тобы бүгінгі күні балалық шақтан бастап қаржылық білімді беруге арналған бағдарламаға үлкен назар аударып отыр. Бұл бағдарламалардың үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар және осы мәселеге бей-жай қарамайтын тұлғалар тарапынан белсенді қолдау тауып отырғаны қуантады. Балаларымыздың және еліміздің жарқын қаржылық келешегін құруға біз бірлесе отырып ықпал ете алатанымызға мен сенімдімін. Банк атынан Әйелдер көшбасшылығы қорына осы жобаны табысты жүзеге асырып, нәтижелерге қол жеткізуге мүдделі болғаны үшін алғысымды білдіремін.
Жоба нәтижелері туралы:
Ирина Шейкина, Хоум Кредит Банкінің қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет басшысы: 
Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған банк бағдарламасында бірнеше бағыттар қамтылған, солардың бірі – «Қаржы әлеміне саяхат» деп аталатын жоба.
Жоба аясында еліміздің барлық аймақтарында көптеген іс-шаралар өткізіліп, ойын квестері дайындалды, мектептер, балалар үйлері және басқа да оқу мекемелері жобаға тартылды. Біз Global Money Week халықаралық қозғалысына бірнеше жыл қатарынан белсенді қолдау көрсетіп келеміз. Қаржылық білімдерді балалық кезден бастап беру қажет екендігіне жұртшылықтың назарын аудартып отырған бұл қозғалыс әлемнің 140-тан аса елінде өткізіледі.
2015 жылдың сәуірінде 5-7-сынып оқушыларына арнап «Қаржы әлеміне саяхат» атты факультативтік сабақтар бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның міндеті сабақтарды оқуышларға қызықты болатындай етіп және де олардың ата-аналарын, сыныптастарын, мұғалімдерін осы іске тарта отырып өткізуге бағытталды. Менің жеке пікірімше, серіктестеріміздің – Әйелдер көшбасшылығы қорының, мұғалімдердің және де жобаға қатысқан әрбір адамның белсенді қызығушылық танытуының арқасында біз жобаны сәтті орындап шықтық, 
Осы кезең ішінде Алматы қаласының 8 мектебі семинарлық сабақтардың пилоттық бағдарламасына қатысты. Ең үздік жаттықтырушылар жоғары білікті оқытушылардың дайындаған бағдарламасы бойынша қаржылық сауаттылық мәселелеріне арналған сабақтарды оқытты. Жобаға 1000-ға жуық оқушы қатысып, 140-тан аса бала семинардан өткені туралы сертификатты алды. 
Видеоны қараңыз: 4:09      https://www.youtube.com/watch?v=tuXTIQrzgx4&feature=youtu.be
Факультативтік сабақтарға арналған пилоттық бағдарламаның жалғасы ретінде және де балалық кезеңнен бастап қаржылық білімдерді беру қажеттілігіне назар аударту мақсатында 11 қараша күні жобаға қатысушы мектептер арасында Қаржылық сауаттылық бойынша олимпиада өткізілетін болады. ҚР Ұлттық банкінің қолдау көрсетуімен өтетін аталған іс-шара Қаржыгер күніне орайластырылып отыр. Келесі жоспарымызда Қазақстан, Ресей және Беларусия командалары арасында қаржылық сауаттылық бойынша халықаралық олимпиаданы өткізу тұр. Ол 2016 жылдың наурызына жоспарланып отыр.
Аталған жоба мектеп қабырғасынан бастап қаржылық қызметтердің негіздерін үйретуді ғана емес, сонымен бірге, балалардың ақшаға мезеттік қажеттіліктерді қанағаттандыратын құрал емес, табысты ары қарай арттырып, өмірді қызығырақ және табыстырақ етуге мүмкіндік беретін қаржы көзі ретінде қарауға үйретуді көздейді. Осының арқасында олар келешекте өз өмірін және жалпы елінің әл-ауқатын арттыру үшін таразға салынған шешімдерді қабылдайтын болады. Өйткені қаржыны басқарумен байланысты дәл осы білімдер мен дағдылар біздің балаларымыздың және де жалпы мемлекетіміздің табысты келешегіне жағдай жасайтын басты факторға айналуы мүмкін екені анық. 
Симптикова Гүлзат, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мониторинг департаментінің директоры: 
Қазіргі таңда қаржылық білімнің маңыздылығы келесі негізгі екі себепке байланысты айтарлықтай артып отыр:
1. әрбір адамның өмірі мен келешегіне күрделі әсерін тигізуі мүмкін шешімдерді қабылдаумен байланысты қауіптер және оның нәтижесіндегі жауапкершілік мемлекеттің мойнынан алынып, азаматтардың өздеріне тапсырылған;
2. қаржылық қызметтер мен мемлекеттің қолдаудың сан алуан түрлері пайда болуда, бұл кең мүмкіндіктердің ішінен біреуін таңдауды қажет етеді, бұл әдетте қиынға соғуы мүмкін.
Нарықтағы бәсекелестік күшейген қазіргі жағдайда әрбір адам экономикалық белсенділігін танытуы тиіс. Қаржылық сауаттылық өз бизнесін құрып, өз өмірін сүйікті ісіне арнағысы келетіндер үшін маңыздылығы айрықша жоғары. Қоғамның қажеттіліктерін байқай білу және әлеумет арасында сұранысқа ие тауарлар мен қызметтерді ұсынуға дайын болу қажет. Сонымен қатар, бизнеспен де, отбасымен де байланысты кірістер мен шығыстарды дұрыс жоспарлап үйрену керек. Дәл сонда ғана өз келешегіңе сеніммен қарап, өз бизнесіңді жүрексінбестен ашып, оны дамытуға болады. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсететін бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламалардың қоятын талаптарына сәйкес болған жағдайда, кез келген бизнесмен оларға қатысуға құқылы. Ол үшін мемлекеттік қолдау тек таңдаулы адамдарға ғана арналған, менің қолымнан келмейді деген секілді тағы да басқа кертартпа ойлардан арылу қажет. Белсенділік көрсетіп, қаржылық сауаттылықты үйреніп, ақпаратты іздеп, «Даму» Қорының Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтарынан кеңес алу қажет. Жалпы айтқанда, енжар өмір сүрудің сылтауын іздемей, әрекет ету қажет.
Белгілі жазушы Стивен Кови айтқандай, «үш жағдайда шапшаң үйрене бастайсың: 7 жасқа дейін, тренингтерде және өмір сені тығырыққа тірегенде».
Шағамбаева Айгүл, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының адам қорын дамыту жөніндегі бөлім сарапшысы:
Қаржылық сауаттылықты мектептерде оқытпайтыны өкінішті. Барлық мектептерде «Қаржылық сауаттылық» пилоттық курсын ашып, оның жалпы білім беретін оқу мекемелерінде, оның ішінде колледждерде, 14 өңірде оқып жатқан 10-сынып оқушыларына арнап оқу жылы ішінде оқыту қажет. Мемлекеттің балалар мен жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығына ықпал етуге ұмтылып отырғанына қарамастан, қаржылық сауаттылықты үйрететін басты мұғалім – ол ата-аналар, ал олардың көбісі қазіргі күні кәсіпкерлерікпен айналысады.
Ұлттық палатаның қызметі іскерлік, инвестициялық ахуал мен тұрақтылықты жақсартуға, ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін елімізде бизнес жүргізуге лайықты жағдайларды дамытуға бағытталған. Біз балалық шақтан бастап қаржылық сауаттылықты оқытуға арналған жағдайларды құруға ұмтылыс жасалып жатқанын жоғары бағалаймыз және де оның кәсіпкерлікті дамытудағы маңыздылығы зор екенін түсінеміз.
Ақпараттық анықтама:
 «Әйелдер көшбасшылығы қоры» ҚҚ негізі 2009 жылдың 15 қыркүйегінде қаланған. 
Бұл – қоғам ішінде гендерлік қатынастар мәдениетін қалыптастыруға көмектесу, әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін, отбасылық құндылықтарды сақтау үшін құрылған қазақстандық әйелдерге арналған қоғамдық ұйым. «Құқықтар мен мүмкіндіктерді іске асыру арқылы армандарды орындаймыз!» - қордың барлық жобаларында ұстанатын ұраны осындай.
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ әлемнің 10 елінде, оның ішінде Еуропа мен Азияда қызметін жүргізіп отырған халықаралық Хоум Кредит тобының бір бөлігі болып табылады. Хоум Кредит Қазақстандағы қызметін 2005 жылдан бастап жүргізіп келеді.
Қазіргі таңда Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс жасауда және де ең шалғай жатқан елдімекендердің өзінде халыққа банк қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.  Қаржылық сауаттылық және несиелеуге жауапкершілікпен қарау Хоум Кредит тобының барлық елдерде ұстанатын стратегиясы болып табылады.
Байланыстар:
Светлана Богатырева,
«Әйелдер көшбасшылығы қоры» ҚҚ жоба жөніндегі директоры
+7 701 788 49 98
e-mail: bm@wlf.kz  
Ирина Шейкина,
Қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет басшысы 
+7 771 775 85 53
e-mail: ISheikina@Homecredit.kz  

Дерекнама: Қазақстан Баспасөз клубы
11 ноября 2015 | Просмотров: 1 391 | Тренингтер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді