Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Шеберлік сабақтар 22 қаңтар күні Алматыда, 23 қаңтар күні Шымкентте және 25 қаңтар күні Астанада өтті.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

SANTO компаниясы Қазақстан және Ресейдің жетекші ғалымдары мен кардиологтарының қатысуымен «Созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан пациенттерге қатысты емдік болжамды дәрі-дәрмекпен жақсартудың жолдары» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды



Қазіргі таңда жүрек-қантамыр аурулары салдарынан болатын өлім-жітім Қазақстандағы жалпы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып саналады. Басты қауіп-қатер тобына жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан науқастар жатады. Ауруды кеш диагностикалау, электролиттік алмасумен, қант сусамырымен, май басумен, қаназдықпен қосақтаса жүретін күрделі патология, осы мәселелердің барлығы кардиологтар үшін қиын шешілетін мәселелерге айналып отыр. Медициналық статистика көрсетіп отырғандай, жүрек қызметінің жетіспеушілігіне жиі ретте қан қысымының көтерілуі, жүректің ишемиялық ауруы, ревматизмдік ақаулар және туындау себебі әртүрлі қаназдық ауруы әкеліп соғады. Эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес Қазақстандағы тұрғындардың 4%-ында жүрек қызметінің жетіспеушілігі жүрек-қантамыр ауруларының көпшілігінде байқалатын, әсіресе, қан қысымының көтерілуі және жүректің ишемиялық ауруы кезінде байқалатын асқыну ретінде диагностикаланады. ДДСҰ мәліметтері бойынша Қазақстандағы қанайналым жүйесіндегі аурулар себепті орын алатын өлім-жітім көрсеткіші ероупалық елдерге қарағанда екі есеге жоғары. Соңғы 10 жылда жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу көрсеткіші Қазақстанда 1,7 есеге артқан. Сондай-ақ, 20 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жүрек қызметінің жетіспеушілігіне байланысты ауруханаға жатқызу деңгейі төрт есеге өскен.

Шеберлік сабақ кезінде «ҚР-дағы созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігімен байланысты эпидемиология – мәселенің өзектілігі» атты баяндаманы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» директорының Дипломнан кейінгі білім беру және ғылым жөніндегі орынбасары, ғылыми қызмет жөніндегі директор орынбасары, м.ғ.д., профессор Жүнісбекова Г.А. оқыды. А.Л. Мясников атындағы Кардиология ҒЗИ ғылыми-диспансерлік бөлімінің жетекшісі, Бүкіл ресейлік кардиологтар ғылыми қоғамының мүшесі, «Жүрек қызметінің жетіспеушілігі жөніндегі қоғам» ұйымдастырушыларының бірі, «Жүрек қызметінің жетіспеушілігі жөніндегі қоғам мамандарының мектебін» ұйымдастырушылардың бірі болып табылатын м.ғ.д., профессор Агеев Ф.Т. қатысушыларды созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігіне шалдыққан пациенттерге қатысты емдік болжамды дәрі-дәрмекпен жақсартудың жолдарымен таныстырды. Сондай-ақ, шеберлік сабақ аясындағы панелдік пікірталастарға Тұңдыбаева М.К., Әбсейітова С.Р., Жүсіпова Г.К., Мукаров М.А., Алипова Г.Ш., Әлмұхамбетова Р.К., Жангелова Ш.Б., Кәрібаев К.Р. сынды жетекші мамандар мен кардиологтар қатысты.
26 января 2018 | Просмотров: 237 | Тренингтер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Данияр Ақышев: Айырбастау пункті - жай ғана терезе емес, лицензиялауды талап ететін ұйым
  • Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады
  • Келімбетов «Астана» ХҚО-ның тұсаукесері туралы айтып берді
  • Шеберлік сабақтар 22 қаңтар күні Алматыда, 23 қаңтар күні Шымкентте және 25 қаңтар күні Астанада өтті.
  • Қазақстанда қаңтар айында инфляция 0,6% құрады
  • Елбасы Үкіметтің өткен жылғы жұмысына оң баға берді
  • Қазақстанның қаржы министрлігімен бюджеттік ашықтықты арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде
  • Қазақстан-Қытай сауда айналымы 18 млрд долларға жетті
  • Бақытжан Сағынтаев Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді
  • Қазақстанда дағдарыс жоқ - Руслан Дәленов