
28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қарағанды қаласында Европалық Одақтың қолдауымен іске асатын, "Десента" және "MediaNet" қоғамдық қорлары дайындаған жоба аясында "Іскер журналистика" арнайы курсы боынша "Аймақтық БАҚ-ның тәуелсіздігін сапалы іскер журналистиканы дамыту арқылы жоғарлату" атты кезекті тренинг өтті.
Тренингтің ұйымдастырушысы АҚ "Қарағанды облыстық Экологиялық Мұражайы" (Эко Музей), тренингке қатысушылар ҚарМУ студенттері және қарағандылық БАҚ-ың журналистері. Тренингтің бірінші күні ЭкоМұражайда, ал екінші күні - ҚарМУ-ің журналистика кафедрасының медиа-залында өтті. Арнайы курстың құрастырушысы және тренері "BizMedia" Іскер журналистика Орталығының" президенті Төлеген Асқаров.
Жоба аясында арнайы курстар басқа да - аналитикалық, құқық қорғау, экологиялық, фото-және - Интернет-журналистика бағыттары бойынша да дайындалған. Ақпан айының аяғында Қазақстан Республикасындағы Европалық Одақ өкілділігінің басшысы, елші Норбер Жустеннің, Испания елшісі - Альберто Антона Кортес пен Польша елшісі - Павел Чеплаканың Павлодардағы сапары барысында, осы жобаның тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесердің басты мақсаты - БАҚ-ың редакторларына тәуелсіздікті нығайтуға жәрдемдесу, баспасөздің кәсіби қызметкерлері өткізетін семинарларда журналистерге, студенттерге және жоғарғы оқу орындары ұстаздарына дәріс алу мүмкіндіктерін беру.
Енді тренингтер Алматыда ҚМЭБИ негізінде: наурыз айының 9 - 10 аралығында іскер және құқық қорғау журналистикасы бойынша, журналистік тергеу бойынша - 11-12 наурыз аралығында өтеді. Одан кейін іскер журналистика бойынша тренинг Қостанай қаласында наурыздың 29-30 аралығында өтпек.