Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Алматыда өткен іскер журналистика бойынша тренинг

Almaty

Алматыда 9-10 наурыз аралығында ҚМЭБИ-да Европалық Одақтың қолдауымен іске асатын, "Десента" және "MediaNet" Қоғамдық Қорлары дайындаған жоба аясында "Іскер журналистика" арнайы курсы боынша "Аймақтық БАҚ-ның тәуелсіздігін сапалы іскер журналистиканы дамыту арқылы жоғарлату" атты кезекті тренинг өтті.

Алматыдағы тренингтің ұйымдастырушылары "MediaNet" Қоғамдық Қоры және ҚМЭБИ, ал тренингке Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Неміс - Қазақ университеті, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚМЭБИ өкілдері қатысты. Арнайы курстың құрастырушысы және тренері "BizMedia" Іскер журналистика Орталығының" президенті Төлеген Асқаров болды.

Жоба аясында арнайы курстар басқа да - аналитикалық, құқық қорғау, экологиялық, фото-және - Интернет-журналистика бағыттары бойынша да дайындалған. Ақпан айының аяғында Қазақстан Республикасындағы Европалық Одақ өкілділігінің басшысы, елші Норбер Жустеннің, Испания елшісі - Альберто Антона Кортес пен Польша елшісі - Павел Чеплаканың Павлодардағы сапары барысында, осы жобаның тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесердің басты мақсаты - БАҚ-ың редакторларына тәуелсіздікті нығайтуға жәрдемдесу, баспасөздің кәсіби қызметкерлері өткізетін семинарларда журналистерге, студенттерге және жоғарғы оқу орындары ұстаздарына дәріс алу мүмкіндіктерін беру.

Сонымен қатар тренингтер ҚМЭБИ негізінде құқық қорғау журналистикасы және журналистік тергеу бойынша өтті. Одан кейін іскер журналистика бойынша тренинг Қостанай қаласында наурыздың 29-30 аралығында өтпек.

10 наурыз 2010 | Просмотров: 520 | Тренингтер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар