Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы “дөңгелек үстел” өткізді

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы қазақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы экономика және өнеркәсіп тақырыбына арналған "дөңгелек үстел" өткізді.

2010 жылғы 12 қарашада Алматы қаласында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Қазақстан баспасөз клубымен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандық нарықты дамыту мәселелері бойынша жыл сайын өткізілетін үшінші медиа құрылтай аясында мемлекеттік тілде шығатын БАҚ-ғы экономика және өнеркәсіп тақырыбын дамытуға арналған "дөңгелек үстел" өткізді.
Ұйымдастырылған бұл іс-шараға "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - атқарушы директор Болат Палымбетов, республикалық және аймақтық газет, журналдардың бас редакторлары мен жетекші журналистері, теле-радио журналистері, Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің оқытушылары мен масс-медиа саласының басқа да сарапшылары қатысты.
Болат Палымбетов "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының" мемлекеттік тілде шығатын БАҚ-на ерекше көңіл бөліп отырғандығын баса айтты және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті.
- Әрине, бұл алғашқы кездесуде бәрі бірден шешілмейді. Әлі талай кездесеміз. Біз экономика, бизнес, соның ішінде мұнай-газ саласы туралы қазақ тіліндегі материалдардың сапасын тек бірлесіп қана жақсарта аламыз. Біз сіздердің барлық ұсыныстарыңызды қарауға әзірміз. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы қоғам үшін қашан да ашық, - деді Болат Палымбетов.

"Дөңгелек үстелге" қатысушылар қазақ бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі жай-күйі, оны әрі қарай дамыту жолдары жөніндегі өз ұсыныстарымен бөлісті.
"Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп "Экономика және өнеркәсіп тақырыбына жазатын журналистердің біліктілігін арттыру жолдары" жөніндегі өз пікірін ортаға салса, "Қазақстан" ҰТА бас директоры Қайнар Олжай "Қазақ тележурналистикасында экономика және өнеркәсіп тақырыбын кеңінен қозғаудың өзекті мәселелері" бойынша сөз қозғады. Ал аса маңызды бағыттардың бірі - қазақ интернетін дамыту және оның болашағы жайында www.abai.kz. қазақ сайтының үйлестірушісі Айдос Сарым ой бөлісті.
Бұл бас қосудың себебі - қазақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы экономика және өнеркәсіп тақырыбын қалай дамытуға болады, оны халыққа қалай жеткізуге болады деген мәселені жан-жақты талқылау болды.
"Дөңгелек үстелге" қатысушылар ұйымдастырылған мұндай іс-шаралар қазақ тіліндегі материалдардың сапасын жақсартуға және қазақ журналистикасын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

18 ноября 2010 | Просмотров: 1 871 | Тренингтер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді