Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
АСТАНАДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ жөнінде ақпараттық семинар өтті

Астана, Қазақстан - бүгін Астанада "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі: жаһандық тенденциялар мен жергілікті шешімдер" тақырыбы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық-білім семинары өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары Қазақстанда БҰҰ-ны Дамыту бағдарламасы, Philips компаниясының Өкілдігі және Қазақстан Баспасөз клубы болып табылды. Іс-шараға "Қазақстанның ТҮКШ-ны дамыту және жаңғырту орталығы" АҚ төрағасының орынбасары Салтанат Рахымбекова, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің директоры Ғалым Махмұтбайұлы Амреев қатысты.

Семинар барысында ұйымдастырушылар мен қатысушылар "Әлемдік энергетика және энергия тиімділігі: негізгі тенденциялар, мәселелер мен шешімдер", "Қазақстан - энергия үнемдеудің әлеуеті. Индустриалды-инновациялық даму және энергия тиімділігі"; "ТҮКШ-ны жаңғырту және заманауи тенхологиялар: негізгі міндеттер мен пилоттық іс-әрекет нәтижелері", "Энергия үнемдеуші жарықтандыру - үнемдеу қажет пе? Энергия үнемдеуші технологияларға көшудің мәселелері мен оның шешімдері" және тағы да басқа тақырыптарға ерекше көңіл бөлді. Семинар барысында өз алдына жеке талқылауға түскен тақырыптардың бірі "Энергия үнемдеу жөнінде деректер мен аңыздар: нағыз үнемдеу, жарық үнемдеуші шамдардың құрамындағы сынап, денсаулық мәселелері мен жарықтың сапасы" жөніндегі тақырып болып табылды. "Қазақстанның ТҮКШ-н дамыту және жаңғырту орталығы" АҚ, Қазақстанда БҰҰ-ны Дамыту бағдарламасы өкілдері мен Philips компаниясының Ресейдегі және Қазақстандағы "Жарық шешімдері" бөлімшелерінің сарапшылары семинар барысында баяндамамен шықты.

"Энергетика қорларын орынды қолдану мәселесі адамзат үшін күннен күнге өзектілігі артуда, ал оның шешімі көптеген мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін стратегиялық міндетке айналуда. Аталған іс-шара энергия үнемдеу және заманауи технологияларды қолдану идеяларын ілгерілетуге бағытталған, әсіресе бұл мәселе Қазақстан негізгі даму басымдықтары шеңберінде аса маңызды болып табылады. Мәселен", Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Президенті энергия тиімді технологиялардың ел экономикасында алатын маңызды рөлін баса атап өткен болатын", - дейді Philips компаниясының Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Давид Галинек.

Халықаралық энергетика агенттігінің бағалауы бойынша дүниежүзінде тұтынылатын бүкіл электр энергияның 19%-ы жарықтандыруға жұмсалады. Қазіргі замандағы жарық технологиялары электр энергиясын тұтыну мөлшерін 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беріп, бұл көрсеткіш әлемдік ауқымда жылына 106 млрд. еуроны үнемдеуге сайма-сай. Экология тұрғысынан алып қарағанда, бұл үнемдеу көмірқышқыл газының ауаға шығарылуын жылына 555 млн. тоннаға азайтып, электр энергиясының 2 терраватын және мұнайдың 1,5 миллиардын үнемдеуге әкеледі.

Дүниежүзілік Банк және Халықаралық энергетика кеңесінің есеп мәліметтері бойынша 16 миллион халқы бар Қазақстан Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда жан басына шаққанда энергияны екі есе, ал өзге дамушы мемлекеттерге қарағанда орташа есеппен 3,5 есе көп тұтынады. Сондай-ақ, елде өндірілетін бүкіл энергияның 13%-ға жуығы жарықтандыру қажеттілігі үшін жұмсалады, ал елде шығарылатын электр қуатының 75%-ы көмірді жағу арқылы өндіріледі, бұл қоршаған ортаға едәуір залал келтіреді.

Заманауи энергия үнемдеуші технологияларды ендіру жасанды жарықтандырудың жаңа стандарттарын орнату арқылы ғана мүмкін екендігін түсіне отырып, көптеген елдер осындай нормаларды әзірлеу саласында жоспарлы саясат жүргізуде. Мәселен, АҚШ-та 2014 жылға қарай тиімсіз жарық көздерінен толығымен бас тартуға бағытталған нормативті акт өз күшіне енген, бұл ретте шығындар 20 млрд. долларға азайтылмақ. 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Еуроодақ қуаттылығы 10 Вт құрайтын қыздыру шамдарын сатуға тыйым салып, ал 2012 жылға қарай бұл шара қыздыру шамдарының барлық түрлеріне қатысты қолданылмақ.

Қазақстан да осы бағытта жылжып келеді. Жақында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі хабарлағандай, 2012 жылы Қазақстанда қуаттылығы - 100 ват, , 2013 жылы - қуаттылығы 75 ватт, ал 2014 жылы - қуаттылығы 25 ваттан асатын қыздыру шамдарын елге әкелуге және сатуға тыйым салынбақ. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі сәйкесінше заң жобасын әзірлеу үстінде, таяу арада бұл заң жобасы Парламенттің қарауына ұсынылмақ. Қыздыру шамдарының орнына жарықтандырудың барынша тиімді әрі үнемді көздері, мысалы, ықшамды люминисцентті және жарықдиодты шамдар келуі тиіс.

"Энергия үнемдеуші технологияларды енгізу қажеттілігі Қазақстан Республикасының тұрғын-үй коммуналды шаруашылығын жаңғырту жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Үнемдеу және энергия қорларын орынды пайдалану өз үйімізден басталуы тиіс, өйткені біздің әрқайсымыздың электр қуатын, жылуды және өзге де қуат көздерін тұтынуға деген қатынасымыз елімізде тұтынылатын энергияның жалпы көрінісін береді. ТҮКШ-ны дамыту және жаңғырту орталығы білімдер мен жаңа технологияларды тарату мәселесімен белсенді түрде айналысуда; біздің тарапымыздан жүргізілетін пилоттық жобалар оң нәтиже мен өзгерістерді байқатып, жаңадан енгізілген шаралардың энергия тиімділігі мен үнемділігін көрсетіп отыр", - деп атап өтті "Қазақстанның ТҮКШ-ны дамыту және жаңғырту орталығы" АҚ төрағасының орынбасары Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекова.

"Энергопром" ҚазҒЗИ президенті Геннадий Андреевтің бағалауы бойынша Қазақстандағы энергия үнемдеу әлеуеті энергия тұтынудың жалпы деңгейінен 30%-ды құрайды, бұл энергияны үнемдеу мүмкіндігінің бар екендігін тағы да дәлелдейді. Алайда, мұны дұрыс жүзеге асыру қажет, бұл істе жаңа технологиялар көмектесе алады. БАҚ-қа арналған семинардың қорытынды бөлімі дәл осы тақырыпқа арналып, оның барысында қатысушылар энергия тиімді шамдарды қолдану арқылы электр энергиясын үнемдеу мүмкіндігін талқылады. Көптеген сапалы жарық көздерінің бағасы едәуір қымбат болғанымен, Philips сарапшылары тұтынушылардың бастапқы салымдарының өтелетіндігін (энергия тиімді шамдардың қызмет көрсету ұзақтығы, жарықтың жоғары сапасы және құрамында зиян тигізу мүмкіндігі бар заттардың аз мөлшері) көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ, үнемдеудің іс жүзіндегі мысалдарын қарастырып өтті. Сондай-ақ, Philips компаниясында бағаның қалыптасу тұрғысынан алғанда 2015 жыл бетбұрысты кезең болуы тиіс деп есептеледі, компания осы уақытқа қарай халықтың кең жігіне қолжетімді болатын тұрмыстық жарықдиодтардың сериялы өндірісін іске қосу жөнінде стратегиялық міндетті өз алдына қойып отыр.

Дерекнама: Philips

19 октября 2011 | Просмотров: 2 705 | Тренингтер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді