Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Медиа Мектеп мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз
Медиа Мектеп мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметкерлерін халықаралық байланыс жөніндегі әлемге әйгілі, жоғары білікті тренер, онлайн PR, цифрлық корпоративтік коммуникация, әлеуметтік медиа салаларындағы кеңесші - Стюарт Брюстің (Stuart Bruce Associates) қатысуымен өтетін, тренингке шақырады. Стюарт – PR саласында 20-жылдық тәжірибесі бар әлем мойындаған сарапшы, ол тек туған елі Ұлыбританияда ғана емес, басқа елдерде де танымал. Стюарт Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдеріндегі жекеше компаниялар мен мемлекеттік құрылымдарға тренингтер өткізеді. PR жөніндегі ең ауқымды апталық жарияланым “PRWEEK PowerBook”-тің рейтингтері бойынша, Стюарт Брюс қоғаммен байланыс жөніндегі ең беделді мамандардың 1%-на кіреді. Sony Mobile, Discovery Channel, BBC, Unliever, Diesel, HSBC, Philips, PayPal және Samsung сияқты үлкен компанияларды оқытудан басқа, Стюарт Еуропалық Одақ және көптеген елдердегі мемлекеттік департамент өкілдеріне кеңес береді.
Тренингтің бағдарламасы қатысушылардың тек сұраныстары мен қажеттіліктеріне негізделеді. Тренингті өткізуге бір ай қалғанда, SBA компаниясы ең қызықты тақырыптарды анықтау үшін барлық делегаттар арасында онлайн сауалнама өткізеді.
Екікүндік тренингтің жоспарланған тақырыптары:
1 КҮН:
PR-да, маркетинг байланыстарында және олардың стратегияларындағы өзгерістер
Жаңа Медиа қатынастар
Тұлғаның беделін онлайн бақылау
Әлеуметтік желілер
Онлайн контентті жасау, жоспарлау, басқару
Ақпаратты таратуға арналған тиімді интернет платформалар
Коммуникациялардағы дағдарыстар
2 октября 2013 | Просмотров: 966 | Тренингтер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді